Биотехнология негіздері



бет57/67
Дата01.12.2023
өлшемі0,52 Mb.
#194445
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   67
Байланысты:
Microsoft Word на 5 формат doc-emirsaba.org

Гемморизогенез in vitro (лат. gemma – буршiк, гр.rhiza – тамыр,
ор. гемморизогенез in vitro, ағ. gemmorhizogenesis in vitro) - ұлпаларды
жасанды қоректiк ортада (in vitro) өсiргенде бүршiктiн де тамырдың да
пайда болуы.
Ген (гр. genos-туыс, шығу тегi, ор. ген, ағ. gene) – тұқым қуалау
информациясының генетикалық бiрлiгi; ДНҚ молекуласының нақтылы
бiр бөлiгi, РНҚ-ның немесе полипептидтiң құрылымы туралы мəлiмет
сақтайды.
Гендер амплификациясы (лат. amplificatio-өсу, көбею, ор.
амплификация генов ағ. gene amplificacion) – гендер көшiрмелерi
(копиялар) санының көбеюi.
Гендер цитоплазмалық (цитоплазмон) (ор. цитоплазматические
гены, ағ. cytoplasmic genes) – ядродан тыс, митохондриялар мен
хлоропластарда орналасқан гендер.
Гендік ex vivo терапия (ор. генная терапия ex vivoағ. ex vivo
gene therapy) – науқастың бөлінген жасушаларына генді енгізу. Өсіру
мен трансформациялаудан кейін жасушаларды трансфузия, инфузия
немесе инъекция жолымен науқасқа кіргізеді. Бұл емшалар
генетикалық дефекттерді болдырмауға мүмкіндік береді.
Генезис (гр. genesis – шығу тегi, ор. генезис, ағ. genesis) – шығу,
пайда болу тегi ("ата тегi").
Генетикалық (гендiк) инженерия ор. генетическая (генная)
инженерия ағ. gene(tic) engineering – белгiлi қасиеттерi бар генетика-
лық материалдарын in vitro алдын ала құрастырып, оларды тiрi
клеткаға енгiзiп, көбейтiп, зат алмасу процесiн өзгеше жүргiзу.
Генетикалық өзгергiштiк (ор. генетическая изменчивость ағ.
genetic variability) – ДНҚ-нiң бiрiншi реттiк құрылымындағы тектiк
өзгерiстер (мутациялар, гендер комбинациясы).
Ген репрессиясы (лат. repressio – басу, ор. репрессия гена ағ. gene
repression) – ген активтiгiн тежеу, көпшiлiк жағдайда транскрипция
процесiн шектеу арқылы жүредi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет