Биотехнология негіздері



бет55/67
Дата01.12.2023
өлшемі0,52 Mb.
#194445
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   67
Байланысты:
Microsoft Word на 5 формат doc-emirsaba.org

Биореактор (ферментер) (гр. bios-тiршiлiк, ағ. reactor-құрылғы)
ор. биореактор (ферментер) ағ. bioreaktor (fermenter) – биотехнология
өндiрiсiнде микроорганизмдердi, өсiмдiк жəне жануар жасушаларын
өсiру үшiн қолданылатын аппарат.
Биотехнология (гр. bios-тiрш iлiк, techne – өнер, шеберлiк, logos -
сөз) ор.биотехнология ағ. biotechnology – экономикалық жағынан




108
тиiмдi де маңызды заттар өндiру жəне жоғары өнiмдiлiгi бар микро-


организмдер штаммдарын, өсiмдiктердiң сорттары мен формаларын,
жануарлар асыл тұқымдарын шығару үшiн биологиялық процестер
мен объектiлердi пайдалануға негiзделген ғылым мен өндiрiстiң жаңа
саласы.
Биотехнология жаңаша – генді-инженериялық жəне жасушалық
əдістермен генетикалық трансформацияланған (түрлендірілген) өсім-
діктердің, жануарлардың, микроорганимздер мен вирустардын əртүрлі
бағытқа арналған жаңа өнімдерін алу мен өндірісті интенсифика-
циялау мақсаттарында пайдалану жөніндегі ғылым.
Биотрансформация (гр. bios – тiршiлiк, лат. trans formatio –
айналу) ор. биотрансформация, ағ. biotrans formation – қоректiк ортада
өскен клеткалардың ферменттерi қатысуымен арзан жəне қоры мол
бастапқы заттардан биологиялық активтi қосылыстарды синтездеу
(биологиялық жолмен бiр затты басқа затқа айналдыру).
Будан ядро (ор. гибридное ядро ағ. hibrid nucleous) – аталық жəне
аналық ретiнде қосылысқан клеткалардың екеуiнiң де бүкiл гендерiн
(геномдарын) толығымен иемденген будан клетканың ядросы
Будан ядролық (нағыз будан) (ор. гибрид ядерный (истинный
гибрид), ағ. hibrid nuclear (hibrid true) – аталық жəне аналық ретiнде
қосылысқан жасушалардың екеуiнiң де тек қана ядролық гендерiн
(геномдарын) қабылдаған будан жасушаның ядросы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет