110
ағ. gene expression) – ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтер тiзбегiндегi
генетикалық информацияны жүзеге асыру. Ол: транскрипция, процес-
синг, трансляция сияқты негiзгi үш сатыдан тұрады.
Геном (
нем. Genom,
ор. геном
ағ. genome) – белгiлi бiр түрге жата-
тын организмдердiң тек өзiне ғана тəн сыңар (гаплоидтық) хромосо-
малар жиынтығы құрамына кiретiн тек өзiне ғана тəн барлық гендер.
Генотип (
гр. typos – iз, таңба, үлгi, қалып,
ор. генотип
ағ. genotype)
- организмнiң немесе жасушаның тұқым қуалаушылық негiзiн
құрайтын гендердiң жиынтығы.
Гетерозис (будандық күш) (
гр. heteroiosis-өзгеру, айналу,
ор.
гетерозис
ағ. heterosis) – аталық-аналық формалармен салыстырғанда,
олардан шыққан бiрiншi ұрпақ буданның бiрқатар көрсеткiштерi мен
қасиеттерiнiң асып түсуi, басымдылығы.
Гетерокарион (
гр. heteros – басқа, karyon- жаңғақ, жаңғақтың дəнi,
ор. гетерокарион
ағ. heterokarion) – генетикалық айырмашылықтары
бар екi жасушаның қосылуынан түзiлген, бiрақ онда ядролар бiрiкпеген
будан жасуша.
Гомокарион (
гр. homos – бiрдей, тең, ортақ,
ор. гомокарион
ағ.
homokaryon) – генетикалық айырмашылықтары жоқ екi жасушаның
қосылуынан пайда болған, бiрақ онда ядролар бiрiкпеген будан
жасуша.
Гибридома (
ор.гибридома,
ағ. hybridoma) – қалыпты антидене
түзуші жасушалар (лимфоциттер) мен миеломдық жасушалардың
бірігуінен алынған, шексіз өсу мен моноклоналдық антиденелерді
синтездеуге қабілетті жасушалық линия.
Гиногенез in vitro (
гр. gyne – əйел, genesis – шығу тегi,
ор.
гиногенез in vitro
ағ. gynaegenesis in vitro) – аналық гаметофиттi
жасанды қоректiк ортада өсiргенде, аналық хромосомалар жиынтығы
бар өсiмдiктiң пайда болу процесi.
Достарыңызбен бөлісу: