106
ТЕРМИН СӨЗДЕРГЕ ТҮСІНІК
(ГЛОССАРИЙ)
Аллель (
гр. allelon - бiр-бiрiн, өзара)
ор. аллель
ағ. allele - геннiң
бiрнеше баламалы формаларының бiр түрi.
Альбинизм (
лат. albus - ақ)
ор.
альбинизм ағ. albinism –
организмнiң өзiне тəн пигментiнен айырылуы, ақ түстi өсiмдiк болуы.
Амфидиплоид (
гр. amphi - айнала, жанында; diploos - қос; eidos –
түр)
ор. амфидиплоид
ағ. amphidiploid – түраралық
будандастыру
нəтижеciнде екi диплоидтық хромосомалар жиынтығы қосылады да
(2nх2=4n), будан организм (клетка) пайда болады.
Оны аллотетраплоид
деп те атайды, себебi хромосомалардың диплоидтық екi жиынтығы да
екi бөтен түрлерден дарыған.
Андрогенез in vitro (
лат. аndros - еркек;
гр. enesis – тегi)
ор.
андрогенез in vitro
ағ. in vitro androgenesis – аталық гаметофиттi
жасанды қоректiк ортада (in vitro) өсiргенде,
тек қана аталық
хромосомалар жиынтығы бар өсiмдiктiң пайда болу процесi.
Анеуплоид (
гр. an – бiр нəрсенiң немесе құбылыстың болмауы, eu
– жақсы, əбден ; ploos – еселi; eidos – түр)
ор. анеуплоид
ағ. aneuploid –
ядро, клетка, организм хромосомалар жиынтығының (кариотиптiң) бiр
немесе бiрнеше хромосомаға артуы не кемуi. Мысалы, диплоидтық
хромосомалар жиынтығы жалғыз бiр хромосомаға кемiсе – моносомик,
бiр жұп хромосомалары жойылса - нуллисомик деп аталады.
Антигендер (
лат.
anti-қарсы, қарама-қарсы,
гр. genos-туыс, шығу
тегi),
ор. антиген, ағ.antygene – иммундық жүйеде антиденелерді түзу
қоздыратын ақуыздар, антиденелер антидене түзетін
затпен арнайы
өзара байланысуға қабілетті.
Достарыңызбен бөлісу: