62
аталықтарының гендерінің жиынтығы толығымен болса,
сомалық буданда бірнеше хромосомасы болса жеткілікті;
• сомалық буданда үш немесе оданда көп, ата-аналық
жасушаларды қосуға болады;
• ядродан тыс цитоплазмалық гендері бойынша гомозигота-
ларды алу;
• жыныстық жолдармен көбейе алмайтын түрлердің сортын
алу.
3.2.3. Гендік инженерия
Өсімдіктер қоршаған ортаның көптеген қолайсыз фактор-
ларының əсеріне: жоғары жəне
төмен температура, ылғалдың
жетіспеушілігі (құрғақшылық), топырақтың тұздануы (сор
топырақ), ауаның газдануы, минералдық заттардың жетіспеу-
шілігі немесе,
керісінше, шектен тыс көбеюі т.с.с. тап болады.
Бұл факторлар өте көп болғандықтан олардан қорғану жолдары
да əртүрлі – физиологиялық қасиеттерден құрылымдық өзгеріс-
терге дейін. Өсімдіктің қандай болмасын стресс факторына
төзімділігі көптеген гендерге байланысты. Сондықтан, өсімдік-
тің бір түрінен екінші түріне барлық
төзімділік белгілерін
толығымен тасымалдап еңгізу тек қана бір əдіспен əрине мүмкін
емес. Кейбір жағдайда гендік инженерия арқылы өсімдіктердің
төзімділігін арттыруға болады. Мысалы, абиотикалық фактор-
ларына өсімдіктің метаболиттік реакциясын бақылайтын жеке
гендермен əрекеттер жүргізуге жағдай бар.
Қоршаған ортаның
жағдайларына жауап реакцияларының физиологиялық, биохи-
миялық, генетикалық негіздерін, одан əрі
зерттеулер гендік
инженерия əдістерін қолданып төзімді өсімдіктерді шығаруға
мүмкіндік береді. Генетикалық өзгерiлген немесе
генетикалық
Достарыңызбен бөлісу: