58
Өсіруге алынатын өсімдіктерде бағалы, экономика жағынан
маңызды қосымша заттар айтарлықтай жоғары мөлшерде болуы
қажет. Əсіресе бұл жағдайдың сирек кездесетін немесе жоғалып
бара жатқан өсімдіктерге қатысы бар.
•
2-кезең. Іn vitro жағдайына алғашқы енгізу. Ол үшін қажетті
зат жоғары мөлшерде синтезделетін жеке өсімдіктер таңдап алы-
нады. Алдымен алғашқы каллустарды қатты ортада өсіріп алады.
•
3-кезең. Биомассада қосымша заттардың саңдық жəне
сапалық құрамына химиялық зерттеу жүргізу. Бөлініп жатқан
каллус жасушаларында көбінесе
қосымша заттардың мөлшері
бүтін өсімдіктер мүшелеріне қарағанда аз болады. Бұл тұтас
өсімдікте қосымша заттардың синтезі цитодифференциров-
каның бақылауында болатындығын дəлелдейді.
•
4-кезең.Үйлесімді қоректік орта мен өсіру жағдайларын
іріктеу. Қосымша метаболизмді белгілейтін
генетикалық ақпарат
жүзеге асу үшін ерекше жағдайлар керек.
•
5-кезең. Жасушалардың өнімді штамдарын шығару. Жасу-
шалардың түріне тəн ерекше заттарды синтездеу қабілетін
жоғары деңгейде сақтау үшін генетикалық деңгейіндегі əрекет-
тер мен жасушалық сұрыптауды қолданады.
•
6-кезең. Ең жақсы өнімді штамдарды суспензияда өсіру.
Қатты ортада алғашқы шыққан каллустар сұйық ортаға көшірі-
леді. Өсіру тəртібі өзгергенде штамм өзінің сапасын жоғалтпауы
керек, яғни ол стресс жағдайларына төзімді болу керек.
•
7-кезең. Өнімді жəне тұрақты штамдарды өндіріс жағ-
дайына жақын көлемдері жүйелі кеңейтілетін ферментерлерде
өсіру. Егер жасушалар осындай
жартылай өндіріс жағдайында
өсу қарқындылығын сақтап жəне қажетті заттың синтезін,
жинақталуын жəне оның ортаға бөлініп шығуын өзгертпесе,
бұндай штамды ірі масштабтық өндірісте пайдалануға болады.
•
8-кезең. Жасушалық биомассаны алу жəне оны бағалаудың
техникалық регламентін (іс тəртібін) жасау.
Иммобилденген жасушаларымен қатар инженерлік энзимо-
логия көмегімен иммобилденген ферменттерді пайдаланады.
Иммобилденген ферменттерді
автомат анализаторда қолдану,
көп рет көлемді сынамалардың талдауын жүргізуге жəне көп
көлемді сұйықтықтар ағынының көрсеткішін үздіксіз тіркеуге
59
мүмкіндік береді. Əртүрлі өндірісте төменде ферменттердің
иммобилденген түрдегі препараттарын кең пайдаланады: крах-
малдан глюкозалық сироп алу үшін амилазаны,
глюкозаны
фруктозаға изомерлеу үшін глюкоизомераза; жеміс-жидек
шырындарын жарықтандыру пектинметилэстеразаны; инверттік
қант алу үшін инвертазаны; казеин гидролизатынан жəне алын-
ған сүт белоктарын үздіксіз коагуляциялау үшін пепсинді; анти-
биотиктердің модификациялану реакцияларын катализдеу үшін
пенициллинамидазаны жəне тағы басқа ферменттерді қолданады.
Төмен сатыдағы өсімдіктер –
балдырлар – көптеген биоло-
гиялық белсенді қосылыстардың көзі болып табылады. Мысалы,
спирулинада (
Spirulina sp.) ет өнімдері, бұршақтұқымдас жəне
түрлі
жарнақтарға қарағанда В
1
витамині əлдеқайда жоғары.
Құрамындағы В
2
витамині бойынша жануартектес өнімдерді де
артта қалдырады. РР витамині бойынша спирулина қара малдың
бауырын, бүйрек, тіл, құс пен қоян етінен біршама жоғары, ал
фолацин бойынша ол бауыр, бүйрек, ірімшік секілді тағамдарды
да артта қалдырады, олардың құрамындағы фолациннің 90%-ы
тағамдық өңдеуден өткен кезде жоғалтатынын ескерсек, спиру-
линаның табиғи түрде пайдалануының əлдеқайда эффективті
екенін көрсетеді.
Спирулина құрамында үш бояғыш-пигмент бар: каротиноид-
тар, хлорофилл жəне фикоцианин. Жапон жəне
америка
дəрігерлерімен өткізілген зерттеулер фикоцианиннің ағзаның
лимфалық белсенділігін жоғарылататынын жəне иммунды
жүйесін күшейтетінін көрсетті. Көк-жасыл балдырдан
Ch1orella
sp., ашытқылардан (
Rhodotorula sp.), актиномицеттерден
(
Actinomyces sp.),
мукорлық өңез Blakeslea trispora-дан карати-
ноидтарды алады. Əсіресе, β-каротин – тағам өндірісінде кең
пайдаланылатын пигмент.
Достарыңызбен бөлісу: