Биотехнология негіздері



бет27/67
Дата01.12.2023
өлшемі0,52 Mb.
#194445
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   67
Байланысты:
Microsoft Word на 5 формат doc-emirsaba.org

Бақылау сұрақтары:
1. Қандай биологиялық белсенді заттарды іn vitro жағдайында өсірілетін
жасушалар арқылы алынады?
2. Антибиотик-продуценттерді табудың негізгі кезеңдері қандай?
3.Антибиотиктерді алу үшін қандай технологияларды (гентамицин
сульфат антибиотикті алу технологияның мысалында) пайдаланады?
4. Вакциналар деген не жəне вакциналар қалай ерекшелінеді?
5. Вакциналарды алу тəсілдері қандай?
6. Биодеградация, биоконверсия, биоремедиация дегеніміз не?
7. Ластанған ағынды суларды тазарту мəселелері неде?
8. Мұнай экологиялық таза өндіру өнеркəсібінің маңызы неде?




56
9. Биогазды алу технологиясы қандай кезеңдері бар?


10. Метанотенк қандай құрылғылардан тұрады?


3.2. Өсімдіктер биотехнологиясы 

3.2.1. Биологиялық белсендi заттар жəне өсiмдiк тектес 
өнiмдерді алу биотехнологиясы 
Өсiмдiк тектес биологиялық белсендi заттар химиялық
синтезi iс жүзiнде мүмкiн емес шексiз əртүрлi материалдарды
ұсынады. Өсiмдiк тектес өнiмдердiң ауқымды тұтынушылары
тамақ өнеркəсiбi жəне сусындар болып қалып отыр жəне 2003
жылға олардың тұтынушылығы 560 млн. долларды құрады.
Мысалы, Ресейде қазiргi уақытта женьшень жəне қызғылт
родиола жасушаларының биомассасы негiзiнде медициналық
жəне парфюмерлiк препараттардың шығарылуы жүзеге асыры-
луда. Өсiмдiк жасушалары дақылдарын пайдалануымен биоло-
гиялық белсендi жəне дəрiлiк препараттарды алу кең таралып,
үлкен перспективалары бар.
Биосинтездік өнеркəсіпте қажетті өнімдерді биотрансфор-
мация арқылы алуға болады. Жасушалардың in vitro жағдайында
биотрансформация жүргізуге мүмкіншілігі болатындығы дəлел-
денген, яғни кейбір биологиялық белсенді заттар арзан
қарапайым бастаушы заттармен синтезделеді. Бұл қарапайым
бастаушы заттар химиялық немесе микробиологиялық жолмен
өзгерте алмайды, тек қана өсірілетің жасушалардың фермент-
терінің ықпалымен ақырғы бағалы өнімге айналып кетеді.
Қоректік ортаның құрамы жəне басқа өсіру жағдайлары өзгеруі
арқасында синтезделетін өнімдердің мөлшері тұрмақ, сапасы да
өзгереді, соның нəтижесінде мүлдем жаңа, негізінде басқаша
əсер ететін қосылыстар пайда болуы мүмкін. Өнеркəсіпте
өсіруге жарайтын жасушалар жабайы мен екпе дəрілік жəне
техникалық өсімдіктердің, микробиологиялық өндірістің жəне
химиялық синтездің бəсекесінен озып шығуы қажет.
Өсімдіктер көптеген маңызды заттардың бірден-бір қайнар
көзі болып келеді. Маңызды биологиялық белсенді заттарға:
алкалоидтар, терпеноидтар, гликозидтар, полифенолдар, полиса-
харидтар, эфир майлар, ерекше пептидтар мен белоктар, таза




57
бояғыш заттар, стероидтар, дəм татымдық заттар, витаминдер,


илік заттар жатады. Өкінішке орай, өсімдік шикі затының қоры
табиғатта таусылып бара жатыр. Осыны еске алғанда, клеткалық
технологиялардың орны болашақта ерекше зор екенін түсінуге
болады. Технологияларды іске асыру үшін зерттеушілер ең
алдымен жасушалардың жақсы өсуіне жағдай туғызады, яғни
биомассаны жинақтауға, ал одан кейін сол жағдайлардың
қосымша метаболиттердің синтезіне əсерін зерттейді.
Өсірілетін жасушаларда қосымша заттардың қоры жина-
луына бірнеше факторлар:
1) өсімдіктердің генотипі;
2) өсірген жасушалардың əртектілігі;
3) фитогормондар;
4) қоректік ортаның минералды жəне органикалық заттар
(мысалы, фосфаттар, нитраттар, көмірсулар);
5) физика-химиялық факторлар – оның ішінде ең маңызды
рН көрсеткіші, жарық, температура, газдың құрамы, араластыру
тəртібі, аэрация (яғни ауамен, оттегімен қамтамасыздандыру)
əсер етеді.
Дағдылы биотехнологияларды бағалы биологиялық белсенді
қосылыстарды алу үшін бүтін организмдерді пайдаланса, осы
заманғы биотехнология ерікті немесе иммобилденген жасуша-
ларын (немесе иммобилденген ферменттерді) өсіруге сүйенген
клеткалық технологияларға негізделген.
Өсімдік жасушаларды немесе протопластарды иммобил-
денуі олардың синтетикалық қассиеттерін, белсенділігін арттады.
Иммобилденген жасушаларды алғашқы заттармен көп мөлшерде,
бірақ төмен концентрацияда қамтамасыз ету керек. Бұл алғашқы
заттар биосинтез жолдарында алынып отырған затқа мүмкінші-
лігінше жақын болуы қажет. Иммобилденген жасушалар ұзақ
уақыт өсірілетін болғандықтан, бұл тəсілге өздері табиғи
жолмен немесе белгілі факторлардың əсерімен қажетті заттарды
сыртқа бөліп шығара алатын жасушаларды қолдану керек.
Қажетті затты тек ішінде, мысалы вакуоль мен пластидтерде,
жинақтайтын жасушалар иммобилдендіруге жарамайды.
Қосымша заттарды алу үшін клеткалық технологиялар-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет