46
т.б. консервілегенде қолданады. Оны қосқанда көкөністердің
термиялық өңдеуі əжептеуір жұмсарады, бұл витаминдердің,
дəмдік сапасын жəне консервіленген өнімнің консистенциясын
сақтауға мүмкіндік береді. Триходермин мен трихоцетин
(
Trichoderma sp. бөледі) – көкөністік, дəндік жəне техникалық
дақылдардың тамыр шіруімен күресу үшін де керек.
Тағам
өнеркəсібінде пайдаланылатын антибиотиктерді медицинада
қолданбауы керек. Бұл адам үшін ауру тудыратын микроорга-
низмдерде антибиотиктерге төзімділіктің пайда болуы мен
таралуының алдын алумен байланысты. Антибиотиктер ауыл
шаруашылығы үшін емдік препарат ретінде өте керекті зат,
соның ішінде мал, құс, ара, өсімдік шаруашылықтарында, ал
жеке арнайы антибиотиктік заттар
өсуін реттеушілер ретінде
пайдалынады.
1966 жылы алғаш рет жануарлар азығына немесе кейбір
жағдайларда азық-түлік тағамдарға қоспа ретінде пайдалануға
арналған балдырлардың, бактериялардың, ашытқылардың жəне
саңырауқұлақтардың бүтін түрде кептірілген, өлі жасушалар
үшін «бірклеткалалылардың белогы» немесе SCP (Single Cell
Protein) термині ұсынылды.
Микробты биомассаны ақуыздар-
дың орнына пайдалану идеясын Дельбрюк жариялады.
Құрғақ
биомассаның 40-65%-ға ғана ақуыздан тұратындығы белгілі,
мұндай ақуыздардың адам жəне жануар организміндегі 80-90%,
ал өсімдік тектес белок 80%, жануар тектес ақуыз 100% қоры-
тылатындығы көрсетілді. Микроорганизмдерді өсіру арнайы
ферментерлерде, үздіксіз дақылдау əдісі арқылы жүргізіледі.
Алынған биомассаны дақылдық қоректік ортада сепарациялау
жəне сүзу (фильтрациялау) арқылы бөліп алады əрі қарай оны
жуады, концентрлейді жəне 80-90
0
С жылуымен ашытқыларды
зарарсыздандырады. Ондай əдіспен алынған қаймақ тəрізді қою
биомассаны ыстық бумен үрлеу арқылы кептіреді, одан кейін
қораптарға салынып, тұтынушыларға жіберіледі.
Бір клеткалы
организмдер ақуызын өндірудің артықшылығы орасан зор.
Мысалы, 500 килограмм ашытқы бір тəулікте 80 тонна ақуыз
береді. Осындай салмақтағы өгіз организмінде бір тəуліктегі
жиналатын белок мөлшері 400-500 грамды құрайды.
Бір клеткалы организмдерді өсіріп алудың тағы бір жолы –
субстрат ретінде өнеркəсіптік қалдықтарды пайдалану. Оған
47
мысалы, қағаз шығаратын өнеркəсіптен өнделген сульфитті
ерітінді жатқызуға болады. АҚШ-та бұл ерітінділерде тағамдық
ашытқыларды өсіреді. Мал шаруашылығын ақуызды азықтар-
мен қамтамасыз етуде мал азықтық ашытқы саңырауқұлақтарды
қолданудың маңызы зор. Мал азықтық ашытқы саңырауқұлақ-
тар ақуызы аса құнды. Онда басқа азықтарда кездеспейтін, мал
организміне аса қажетті лизин амин қышқылы бар. Сонымен
қатар мұндай азықта В тобына жататын витаминдер, темір, мыс,
мырыш, кобальт сияқты микроэлементтермен қатар фосфор,
кальций иондары жеткілікті. Ашытқы саңырауқұлақтар азықтың
дəмін жақсартады жəне түрлі витаминдермен байытады. Мал
азықтың ашытқы саңырауқұлақтарды өсіру үшін əдетте ағаш
ұнтақтары жəне өсімдік қалдықтары (жүгері тамыры, сабан,
мақта қауашағы) қолданылады.
Мал азығына микробты ақуызын қосқанда олардың өнім-
ділігі артады жəне одан өнімнің өзіндік құны да төмен болады.
Микроорганизмдер ылғалды жерде
жақсы тіршілік ететіндік-
тен, көптеген азықтарды сақтағанда ылғалды реттеу қажет.
Шырынды мал азығын даярлау үшін сүрлеу əдісі пайдаланы-
лады.
Сүрлеу дегеніміз – микробиологиялық жəне химиялық
факторларды пайдалана отырып, жемшөпті маңызды биология-
лық қосылыстармен байыту жəне сақтау. Микробтар көмегімен
түрлі органикалық қышқылдар, витаминдер, амин қышқылдары
түзіліп, азық сапасы едəуір жақсарады. Сапалы сүрлемде сүт
қышқылы 1-1,5% балады. Осы сүт қышқылы көмегімен азық
ұзақ уақыт бойы бұзылмай сақталады, яғни консервіленеді. Сүт
қышқылының қажетті мөлшерде түзілуі үшін сүрленетін азықта
жеткілікті мөлшерде қант пен оның эпифит микроорганизм-
дерінің құрамында сүт қышқылы бактериялары мол болуы тиіс.
Жалпы сүрлем даярлаудың: салқын жəне ыстық сияқты екі
əдісін ажыратады. Салқын əдіспен жемшөпті сүрлегенде онда
температура +30...+35
0
С-дан аспайды. Бұл үшін
алдын ала
сүрлем салынатын орға шабылған шөпті турап салады да, оны
əбден нығыздайды, үстінен ауа енбейтіндей етіп, қымтап
жабады. Сонда сүрлемде тез арада органикалық қышқылдар
түзіледі, оның басым көпшілігі сүт қышқылы болады. Ыстық
əдіспен сүрлегенде орды азыққа бірден толтырмайды. Алдымен
жемшөпті қалындығын 1,5 метр етіп салады да 1-2 күндей
48
нығыздамай, сол күйінде қалдырады. Сонда мұндай жемшөп
өздігінен қыза бастайды да, температурасы +45...+50
0
С көтері-
леді. Бұдан кейін сол шөптің үстіне
қалындығын сондай етіп
тағы да шөп салады. Осы шөп салмағының əсерінен төменгі
қабаттағы ыстық ауа жоғары көтеріліп, сонғы салынған шөпті
қыздырады. Мұнда жоғары температурада амин қышқылдары
мен қанттар өзара əрекеттесіп, организмге жағымсыз меланои-
дин деген зат түзеді. Сондықтан бұл əдісті қазір шаруашылықта
қолданбайды. Бірақ осы əдіспен құнарсыз азықтарды (топан,
сабан, құнарсыз қурап кеткен шөптер) жəне ірі сабақты
өсімдіктерді сүрлеуге болады.
Генетика жəне микроорганизмдер селекциясы институтында
треонин аминқышқылды артық мөлшерде синтездейтін микроб-
тық штамды шығарды (мутантық ішек таяқша бактерияға
негізділген штамм). Егер треонинмен
байытылған ақуызды
малға беретін жемге қосса, малдардың салмағы артады да мал
шаруашылығына бірнеше миллиард теңге пайда түседі. Гендік
инженерия көмегімен треонинді кодтайтын генді бактериялар-
дың геномына енгізіп треонинмен байтылған белоктық биомас-
саны тез арада алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: