Биотехнология



Pdf көрінісі
бет13/118
Дата10.10.2022
өлшемі16,47 Mb.
#152440
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   118
Байланысты:
b2037


 
Ферментативтік үдерістің
химиялық синтезден елеулі 
айыр-
машылыгы
бар:
1) аэрацияланған биомассаны араластыруда физико-химиялық 
әсерлерге, химиялық катализаторға қарағанда жасушалардың се- 
зімталдығы;
2) химиялық реакдияларға қарағанда жасушалардың осу жыл-
дамдығының төмендігі;
3) биореакторда залалсыздыкты үстау, саңылаусыздығын сақтау;
4) жасушалар өсуі, биохимиялық механизмдерді реттеудің
біршама күрделілігі^
Алынған ақырғы өиімнің түрақтылығы химиялық синтезден 
ферментацияның биореакторда биокатализдік реттеудің белгілі 
күрделіліктерімен, технологиялық ерекшеліктер көмегімен, биоло- 
гиялық метаболизмнің өзгешеліктеріне байланысты.
Микроорганизмдердің штамдар, аса жоғары продуценттер 
көбінесе ауксотрофы болып келеді, сондықтан өндірістік микроор- 
ганизмдерді қорларда (коллекцияда) сақтайды. Олардың қорла- 
рындағы тіршілік қабілеті мен өндіргіштік қасиетін қолдайды. 
Дәстүрлі микробиологиялық өндірістерді мейілінше жетілдіру үшін 
биотехнологияның жаңа бағыттарындағы тәсілдерін кеңейту үшін 
микроорганизмдердің қорларын пайдаланады. Коллекцияның мін-
23


дел - микроорганизмдердің тіршілік қабілеттерін қолдау және 
басқа микрофлора мен ластанудың алдын алу үшін керекті барлық 
сақтық шараларын іске асыру, белгілі уақытқа дейін сактау. Мик- 
роорганизмдердің қорларын қолдау мен дамыту үшін ерекше 
жүмыс жүргізеді, микроорганизмдерге таксономикалық зерттеу 
жүргізу, микроорганизмдерді белсенді түрінде сақтау әдістерін 
өндеумен қатар биотехнология орталығында өнеркәсіптік микро- 
организмдердің штамдарының қорлары бар. Бүл қорлардың қүра- 
мындагы микроорганизмдерді гендік-инженериялық жүмыстарда 
пайдаланылады.
Өсімдіктер жасушалары
— өсімдіктер биотехнологияеыньщ 
(немесе биотехнологияньщ салалары классификациясы бойынша 
ауылшаруашылық биотехнологиясынъщ) негізгі нысана болып 
келеді. Өсімдіктер жасушалардың ерекше қасиеттерінің бірі - то- 
типотентік қасиеті - өсімдіктердің сомалық жасушаларының өсуге 
қабілеттілігін толық көрсете алуы, яғни ядродағы генетикалық 
информация негізінде организм түзу мүмкіндігін іске асырылуы. 
Өсімдіктердің тотипотенттік қасиеті болғандықтан, 
іп 
\>ііго
өсірі- 
летін жасушалардан белгілі бір жағдайда регенерант-өсімдіктерді 
алады. Бүл регенерант-өсімдіктер сапалы, жоғары өнімділігімен 
сипаіталатың, қолайсыз абиотикалық және биотикалық фактор- 
ларға төзімді мәдени өсімдіктердің жаңа сүрыптаудың немесе 
өсімдіктердің жаца формаларының (сомалық будандар, трансгенді 
өсімдіктер сияқты) көзі болып табылады. Багалы өсімдіктерді не­
месе жоғалып бара жатқан өсімдіктерді, сауықтырылган вирус- 
сыз өсімдіктерді биотехнологиялық тәсілдермен клондап өрі қарай 
көбейтуге болады. Сонымен қатар, өсімдік жасушалары қүнды 
биологиялық белсенді заттардың (фитогормондар, майлар, бояу- 
шылар, витаминдер, алкалоидтар, аминқышқылдар, ферменттер 
және т.б.) продуценттері болып табылады.
Өсімдіктер жасушалар микроорганизмдерге қараганда анато- 
мо-морфологиялық қурылысы жағынан ерекшеленеді. Өсімдік мү- 
шесінің кесіндісін, ягни 
эксплантты
залалсызданган қатты не­
месе сүйык ортага отыргызады. Әртүрлі тәсілмен запалсыздан- 
дырылган нысаналардан керекті үлпалар бөлініп алынады. Жиі 
қолданылатын стерильдейтін заггар, атап айтқанда:
- активті (белсенді) хлоры бар натрий және калий гипохло- 
риттері, хлорамин, хлор әгі;
- құрамында сынап бар алмас (сулема), диоцид; сутегі ди­
оксид!;
24


ч - этанол;
\ — суда еритін бром, күкірт қышқылы, фенол;
— 
кейбір антибиотиктер, фунгицидгер қолданылады. Стериль- 
дейтін заттардың түрі, концентрациясы жэне залалсыздандыру 
мерзімі зерттелген өсімдікке байланысты. Ол заттар барлық мик- 
роорганизмдерді құрту, жою мен қатар өсімдік жасушаларына 
зиян тигізбеу керек, және де өсірілетін объектіден суға шайқағанда 
оңай кетуі керек. Осы шарттарға сай келмесе, стерильдейтін зат- 
тан жасушалар мен ұлпалар уланады, осынын әсерінен өсуі теже- 
леді. Ұлпаны бөліп алуды және оны қоректік ортаға отырғызуды 
ламинар боксінде өткізеді. Бұл бокстің ішіне фильтрден өткізіліп, 
микроорганизмдерден тазартылған ауа беріліп тұрады. Организм- 
нің әрбір түрі, тіпті сол бір түрінің кез келген мүшелері мен үлпа- 
лары жақсы өсу үшін белгілі қоректік ортаны талап етеді. Қара- 
пайым қоректік ортаның қүрамына минералды түздар, көмірсулар, 
витаминдер, фитогормондар, амин қышқылдары кіреді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет