Жалпы сүрлем даярлаудың: салқын
және
ыстық сияқты екі
әдісін ажыратады. Салқын әдіспен жемшөпті сүрлегенде онда
температура +30...+35°С-дан аспайды. Бүл үшін алдын ала сүрлем
салынатын орға шабылған шөпті турап салады да, оны әбден
нығыздайды, үстінен ауа енбейтіндей етіп, қымтап жабады. Сонда
сүрлемде
тез
арада органикалық қышқылдар түзіледі, оның ба-
сым көпшілігі сүт қышқылы болады. Ыстық әдіспен сүрлегенде
орды азыққа бірден толтырмайды. Алдымен жемшөпті қалыңды-
ғын 1,5 метр етіп салады да 1-2 күндей нығыздамай, сол күйінде
қалдырады. Сонда мүндай жемшөп өздігінен қыза бастайды да,
температурасы +45...+50°С көтеріледі. Бүдан кейін сол шөптің
үстіне қалыңцыгын сондай етіп тағы да шөп салады. Осы шөп
салмағының әсерінен төменгі қабаттағы ыстық ауа жоғары
көтеріліп, сонғы салынған шөпті қыздырады. Мүнда жоғары темпе-
ратурада амин қышқылдары мен қанттар өзара әрекетгесіп, орга-
низмге жағымсыз меланоидин деген зат түзеді. Сондықтан бүл
әдісті қазір шаруашылықта қолданбайды. Бірақ осы әдіспен қү-
нарсыз азықтарды (топан, сабан, қүнарсыз қурап кеткен шөптер)
және ірі сабақты өсімдіктерді сүрлеуге болады.
Генетика және микроорганизмдер селекциясы институтында
треонин аминқышқылды артық мөлшерде синтездейтін микроб-
тык пггамды шығарды (мутантық ішек таяқша бактерияға не-
гізділген штамм). Егер треонинмен байытылған ақуызды малға
беретін жемге қосса, малдардың салмағы артады да мал шаруа-
шылығына бірнеше миллиард тенге пайда түседі. Гендік инжене
рия көмегімен треонинді кодтайтын генді бактериялардың гено-
мына енгізіп треонинмен байтылған ақуыздық биомассаны тез
арада алуға болады.
1
Достарыңызбен бөлісу: |