Биотехнологиялық лаборатория ұйымдастыру үшін қазіргі заманға сай жабдықталған қондырғылармен (ламинар бокстар, автоклав, кептіретін шкафтар, дистилляторлармен) танысу қажет. Қоректік ортаны әзірлеу әдістерін игеру
Биотехнологиялық лаборатория ұйымдастыру үшін қазіргі заманға сай жабдықталған қондырғылармен (ламинар бокстар, автоклав, кептіретін шкафтар, дистилляторлармен) танысу қажет. Қоректік ортаны әзірлеу әдістерін игеру. Биотехнология көп салалы және көп білімді қажет ететін өндіріс болып табылады.
Биотехнология - адамның қатысуымен тірі ағзаларда биологиялық процестерді жүргізу барысында жаңа өнім алу; экономикалық құнды заттарды алу үшін ген және жасуша деңгейінде өзгертілген биологиялық объектілерді құрастыру технологиялары мен пайдалану жөніндегі ғылым және өндіріс саласы.
Биотехнологиялық жұмыстарға арналған ыдыс таза, ал көптеген зерттеулерде стерильді болуы керек, себебі лас, дұрыс жуылмаған ыдысты пайдалану дұрыс нәтижелерді алуға кедергі жасайды. Біріншіден, ыдысты жуғыш заттармен жуады, құбырдағы сумен шаяды, кейін 2 рет дистелденген сумен шаяды. Бөлме температурасында кептіреді, содан кейін тығыз қағазбен орап, кептіргіш шкафта 160-180˚С 1,5-2 сағ бойы құрғақ ыстықпен залалсыздандырады.
Автоклав қаныққан су буымен артық қысым әсерімен медициналық мақсаттағы металл, шыны, резина, текстильді материалдардан жасалған заттарды залалсыздандыруға арналған. Бұл заттарға будың әсері олардың функционалдық қасиеттерін өзгертпейді, сонымен қатар автоклавтар қоректік орта, биоматериалдарды утилизациялау үшін қолданады. Автоклавтың залалсыздандыру камерасына залалсыздандырылатын материалды салады. Содан кейін ысыту көзін (электр тоғы, бу) қосады, бу көзін және залалсыздандыру камерасын қосатын құбыр вентилін жабады. Бу түзілу және субулы камерада қысымның пайда болуының басында субулы камераға продувка (залалсыздандыру котелынен ауаны жою) жүргізіледі. Ауаны жою тәсілі автоклав конструкциясымен анықталады. Басында ауа бөлек порциямен шығады, кейін түзу үздіксіз бу ағыны пайда болады, ол залалсыздандыру камерасынан ауаның толық шыққандығын көрсетеді. Ауаны жойғаннан кейін кранды жабады, залалсыздандыру камерасында біртіндеп қысымның жоғарлауы басталады.
Манометр бағыты берілген қысымды көрсеткеннен бастап залалсыздандыру басталды деп есептелінеді. Осыдан кейін ысыту интенсивтілігін азайтады, ол автоклавтағы қысымның қажетті уақытқа дейін бір деңгейде қалуына мүмкіндік береді.
Уақыттын аяқталуына қарай ысытуды тоқтатады. Залалсыздандыру камерасына бу беретін құбыр вентилін жабады және камерадағы қысымды төмендету үшін конденсационды камера вентилін ашады. Манометр бағытының нольге келіп түсуінен кейін автоклав есігін ашады.
Құрғақ ыстықпен залалсыздандыруды кептіргіш шкафта өткізеді. Залалсыздандыруға дайындалған материалды шкафтың қабырғасымен жанаспайтындай етіп қояды. Шкафты жабады және содан кейін есігін толық суығаннан кейін ашады, себебі ішке кіретін салқын ауа ыстық ыдыста жарық түсіруі мүмкін.
Қысым астындағы бумен залалсыздандыру. Қысым астындағы бумен залалсыздандыру автоклавта өтеді. Автоклав, бір біріне кіргізілген 2 котелден, кожухажәне қақпақтан тұрады. Сыртқы котелді субулы камера, ал ішкісін - залалсыздандыру камерасы деп атайды. Субулы котелда будың түзілуі жүреді. Ішкі котелға залалсыздандырылатын материалды орналастырады. Залалсыздандыру котелінің жоғарғы бөлігінде кіші тесіктер бар, олар арқылы субулы камерадан бу өтеді. Автоклав қақпағы герметикалық кожуха жабылады.