Қоректік орталарды дайындау Қоректік орталарды дайындауға арналған бөлме: лабораториялық үстел, ыдыстар мен реактивтерді сақтауға арналған тоңазытқыштар, аналитикалық, электронды таразылар, рН – метр, магнитті араластырғыш, су банясымен жабдықталуы тиіс.
Культуральды бөлме: кондицирленетін ауасы бар, (25±2˚С) температурасы бар, салыстырмалы ылғалдығы 70%, жарақтық интенсивтілігі 5-тен 10 люкске дейін болатын өздігінен реттелетін бөлме. Бұл үшін культуральды бөлмені шыны стеллаждармен, күндізгі жарық лампаларымен, кондиционермен, качалкамен жабдықталуы тиіс және бөлменің терезелері болмауы қажет.
Құрамына тәуелсіз орталарды дайындау ережелері бірдей. Өсіруге арналған орталарды дайындаудың ең қарарпайым әдістерідің бірі - бұл коммерциалық ұнтақ тәрізді орталарды қолдану. Оның құрамына бейорганикалық тұздар (макро- және микроэлементтер), витаминдер кіреді. Қажетті ұнтақ мөлшерін қағазда көрсетілгендей дистиллденген су көмегімен ерітеді. Содан кейін ерітіндіге сахароза, олар, фиотгормондар қосып, ортаны культуральды ыдыстарға құяды да, автоклавтайды. Қоректік орталарды дайындау үшін жоғары дәрежеде химиялық таза реактивтер қолдану қажет. Әдетте жұмысты тездету және жеңілдету үшін аса қанық ерітінділерді пайдаланады: макроэлементтер 10 есе концентрленген, микроэлементтер 100 есе. Макро- және микро тұздар ерітінділерін жазбаларға сәйкес дайындайды, бөлек өлшеп, дистиллденген және бидистиллденген суда еріту арқылы.
Макроэлементтерді Са және Fe тұздарынсыз дайындайды, олар тұнбаға түсетін болғандықтан, оларды бөлек қосады. Аса қанық ерітінділерді тоңазытқыштарда сақтайды. Сұйық орталарды дайындау үшін бір колбаға макротұздар және микротұздарды құяды, Са және Fe тұздарын, витаминдерді, фитогормондарды, сахарозаны қосады, рН мәнін қажетті мәнге келтіреді, ол үшін 1 н немесе 1 н Na OH қолданылады, содан кейін қажетті көлемге дейін келтіреді. Дайын орталарды колбаларға (көлемінің 10 %) құяды, қақпағымен жауып, залалсыздандырады.
Фитогормондар ерітінділерін келесі түрде дайындайды:
-ауксиндер: 2,4-дихлорфеноксисірке қышқылы (2,4-Д), α-нафтилсірке қышқылы (НСҚ), β-индолилсірке қышқылы (ИСҚ), индолил қышқылы (ИМҚ), пиклорам – 100 мг затты 0,5-2 мл этонлода ерітеді, қыздырады, 100 мл дейін су қосады (концентрациясы 1мг/мл);
-цитокининдер: кинетин, зеатин, бензиламинопурин (БАП) – аз көлемде 0,5 н Н Cl ерітеді, қыздырады, сәйкес көлемде су қосады; абсциз қышқылы (АБҚ)- 70% этанолда ерітеді, қажетті көлемге су қосу арқылы жеткізеді, гибберилл қышқылы (ГҚ) – суда ерітеді;
-витаминдер: тиамин (В1), пиридоксин (В6), никотин қышқылы (РР), аскорбин қышқылы (С), фолий қышқылы (ВС), биотин (Н), парааминбензой қышқылы, холинхлорид, Са – пантотенат, цианкобаламин (В12), рибофлавин (В2) – суда ерітеді.
Барлық компоненттерді ортаға қосқаннан кейін керекті көлемге дейін су қосады, рН-н келтіреді. Автоклавтау арқылы залалсыздандырады. Құрамында ысыту кезінде бұзылатын заттары бар сұйық орталарды мембранды фильтрлер арқылы сүзу көмегімен залалсыздандырады. Қатты орта дайындау үшін дистиллденген су мөлшерінің жартысына агар қосады, содан кейін клеткада агар ерігенге дейін қыздырады. Кейін еріген агарға қажетті рН-ы бар ортаның барлық компоненттер ерітіндісін қосады, барлығын араластырып 2 қабат марля арқылы сүзеді, дистиллденген су арқылы қажетті көлемге жеткізеді, 20 мл-ден пробиркаларға, колбаларға (көлемінің 10 %) құяды, тығындармен жабады және залалсыздандырады.
Қорытындылай келе, лаборатория жұмыстарына кіріскен кезде, әрдайым құрылғыларды мұқият тексеруіміз керек.Сонымен қатар биотехнологиялық лабораторияда таза ыдыс қолдануымыз керек.Себебі ыдыс лас болатын жағдайда біздер дұрыс нәтиже ала алмаймыз