«Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Батыс Қазақстан облысы кітапханаларында өткізілген шаралар туралы ақпарат. Биылғы жылы Қр мәдениет және ақпарат министірлігі



бет3/3
Дата04.11.2016
өлшемі424,34 Kb.
#251
1   2   3
Жыр саған туған жер» айдарында байқауға қатысушы Жұбанның бір өлеңін ой кестесіне сай көркемдеп оқиды, жүріс тұрыс мәдениеті, өзін сахнада ұстауы үлгілілік дәрежеде болуы тиіс.

  • «Жыр додасы» айдарында үміткерлер «Мен қазақпын» поэмасын жатқа толық білуі шарт. Үміткерлер конверт суыру арқылы, конвертте берілген поэманың кез-келген шумағынан әрі қарай жалғастырып оқу керек;

  • «Жұбан рухына арналған жырлар» айдарында үміткерлер танымал ақындардың Жұбанға арнап жазған өлеңдерін конверт суыру арқылы таңдап жатқа оқып беру керек. (конвертте авторы мен өлеңнің тақырыбы көрсетіледі)

  • «Біз білетін Жұбан ақын» - сұрақ-жауап ойыны. Бұл «Ғасыр көшбасшысы» ойынындағы «Жорға» ойыны сияқты. Үміткер 1 минут ішінде Жұбанның өмірі мен шығармашылығына қатысты 10 сұраққа жауап беру керек. Байқауға қатысушыларға байқаудың әр шарты бойынша 1-5 аралығында балл қойылады, ал төртінші шарты бойынша әрбір дұрыс жауапқа 1 балл қойылады.

    «Жұбан оқулары» байқауына 12 ауданнан 12 үміткер қатысты. Байқауға қатысушыларға ақын-жазушылар мен жұбантанушы ғалымдардан құралған әділқазылар алқасының мүшелері әділ бағаларын беріп, жеңімпаздарды марапаттау ақын ескерткіші жанында ақынның туған күніне орай 5 қазан күні ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен және Жұбан жырларын оқумен жалғасты.

    «Жұбан оқулары» облыстық байқауының нәтижесінде Ақжайық ауданынан Кухаев Біржан Амангелдіұлы, Қаратөбе ауданынан Нұрсейітова Назерке Бисенғалиқызы І орынға, Казталов ауданынан Мұхамбетқалиева Әсем Әділғалиқызы ІІ орынға, Зеленов ауданынан Жұмабаева Назерке Ыбырайқызы ІІІ орынға ие болды, сондай-ақ байқауға қатысушылардың барлығына «Алғыс хат» пен ескерткіш сыйлықтар табыс етілді.

    Байқау қортындысына арнайы жерлес ақын, Қазақстан Жазуылар Одағы Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің төрайымы Ақұштап Бақтыгереева қатысып, ақын туралы өз лебізін білдірді. Шараға №2 Ж.Молдағалиев атындағы орта мектептің оқушылары мен «Қарылғаш» балалар бақшасының тәрбиеленушілері қатысты.

    “Бір ел бір кітап” Акциясы аясында Жұбан Молдағалиевтің «Мен-қазақпын» поэмасын оқуға облыста 480-ге тарта түрлі шаралар өтіп, оған 10500-ге жуық оқырман қатысты. Мұның өзі елімізде төртінші рет өткізілген Акция кітап оқитын оқырман қатарын көбейтуде өз нәтижесін бере бастағанының айғағы.

    Жұбан шығармашылығын насихаттау үшін кітапханашыларға көмек ретінде «Қазақ өлеңінің жырдариясы» атты биобиблиографиялық құралды және «Қас-қағым сәт» фото-суреттер жинағын облыстық кітапхана дайындады.

    Ж.Молдағалиев атындағы

    Батыс Қазақстан облыстық

    ғылыми-әмбебап кітапхана директоры Р.Ж.Исатаева

    Орындаған: Кенжебаева С.К.



    Тел:507690

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет