Сабақтың мақсаты Білімділік: Оқушыларды металды көркемдеп өңдеу технологиясымен таныстыру



Дата29.03.2017
өлшемі15,23 Kb.
түріСабақ

Металды көркемдеп өңдеу технологиясы

  • Ашық сабақ
  • (5 сынып)

Сабақтың мақсаты

  • 1.Білімділік:
  • Оқушыларды металды көркемдеп өңдеу
  • технологиясымен таныстыру.
  • 2.Тәрбиелік:
  • Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, достыққа тәрбиелеу.
  • 3.Дамытушылық:
  • Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту.

Металды көркемдеп өңдеу технологиясы

  • Сабақтың типі:
  • жаңа сабақты түсіндіру сабағы.
  • Сабақтың түрі:
  • дәстүрлі сабақ.
  • Сабақтың әдіс-тәсілі:
  • баяндау, сұрақ-жауап.
  • Сабақтың көрнекілігі:
  • презентация,суреттер,бұйымдар
  • Пәнаралық байланыс:
  • физика,математика,сызу,тарих

Өткен сабақты қайталау

  • Металды түзету мен майыстыру
  • Қаңылтырдан немесе жолақ металдан жасалған дайындамалар қалай өңделеді?
  • Металды түзету үшін қандай құралдар пайдаланады?
  • Металды қолмен түзететін құралдарды атаңыз...
  • Қалыңдығы 0,5 мм металды немен түзетеді?
  • Металды түзету үшін тағы қандай құралдар қажет?
  • Қаңылтыр, жолақ немесе дөңгелек материалдарды қалай қалыпка келтіреді?
  • Ол үшін қандай қыспақтар керек?

Металды көркемдеп өңдеу технологиясы

  • Халық шеберлері темірді, күмісті, алтынды және олардың қоспаларын көркемдеп өңдеу әдісін ерте кезден-ақ білген.
  • Бертін келе олардың технологиясын жетілдіріп, тамаша бұйымдар жасаған. Мысалы, темірді бедерлеп кұю мен өрнектеудің озық үлгісіне Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесіндегі Тайқазан, алтыннан бедерлеп жасалған Алтын адам, республикамыздың тарихи-өлкетану мұражайларындағы зергерлік бұйымдар жатады. Болат темірден жасалған қару-жарақтар, темірден жасалған үй мүліктерін күміспен батырмалап өрнектеу, жұқа қаңылтырдың бетін бедерлеп көркемдеу жұмыстары - осындай еңбектің жемісі.

Қожа Ахмет Йасауи кесенесі

Қожа Ахмет Йасауи кесенесіндегі Тайқазан

Қожа Ахмет Йасауи кесенесіндегі Тайқазан

Алтын Адам

Ұста

  • Халкымыз ағаш пен темір өңдейтін колы епті адамды ұста дейді.
  • Темір өңдейтін ұста арнаулы шеберханада жұмыс істейді.
  • Оны ұстахана немесе дүкен деп атайды.

Ағаш шебері

Темір шебері

Зергер

  • Ал әсемдік бұйымдарын: білезік, жүзік, алқа, сырға т.б. жасайтын шеберді зергер деп атайды.
  • Зергер - темір мен құнды металды және олардың қоспаларын көркемдеп өңдеуші. Халық ұста мен зергерді ісмер дейді. Ісмердің қолынан шыққан бұйымдар, туындылар халық мәдениетінің дамуына, көркемдік талғамының жетіле түсуіне зор ықпал етеді.

Зергер

Зергер

  • Зергер - темір мен құнды металды және олардың қоспаларын көркемдеп өңдеуші. Халық ұста мен зергерді ісмер дейді. Ісмердің қолынан шыққан бұйымдар, туындылар халық мәдениетінің дамуына, көркемдік талғамының жетіле түсуіне зор ықпал етеді.

Алқа

Алқа

Білезік

Жүзік

Жүзік

Сырға

Сырға

Бедерлеу өнері

  • Бедерлеу өнері - ежелден келе жатқан дәстүрлі қолөнердің бір саласы; ағаштан, сүйектен, мүйізден, былғарыдан, қыштан жасалған заттар мен алтын, күміс, мыс бұйымдарға түрлі әшекей, ою-өрнектердің ойылып бедерленуі. Көбінесе, зергерлік бұйымдар және ожау, астау, келі, келсап, кебеже, сандық, торсық сияқты тұрмыстық заттар жасауда қолданылады. Сәндік мақсатқа қоса белгілі бір заттың бетіне, табанына, қырларына беріктік, тұтқырлық сапа дарыту үшін ойық шаппашот, ыңғуыр, пышақ, сарнауық, қырғы, қашау, шекіме, т.б. арнаулы құралдар пайдаланған.

Бедерлеу өнері

  • Шеберлер сандық, кебежелерді қаптаған қаңылтырға ою-өрнектер сызып, оларды қуалай шекіме аспабымен із түсіріп, ұрып бедерлеген. Торсық жасағанда иі қанып, тобарсыған теріні ою-өрнекті ағаш қалыпқа қигізіп, ұрып бедер салады. Бедер түсіруші шеберлерді бедерші деп атаған. Бедерлеу өнері халық арасында бүгінге дейін өз жалғасып тауып келеді

Шапқы

  • Ісмерлер затты көркемдеу үшін, арнаулы болаттан жасалған шағын құралдарды пайдаланады, олардың ұшында өрнек ізін салатын өткір бедері бар. Мұндай құралды шапқы дейді. Олар арнайы болаттан жасалады (42-суретті қара).
  • Шапқымен із салу, сызу, бедерлеу тәсілдерін орындаған. Соңғы жылдары темірді көркемдеп, одан әсем әшекей заттар жасау сәулет өнерінде кеңінен қолданылып жүр. Уақыт өткен сайын халық шеберлері металды көркемдеп өңдеу технологиясын жетілдіріп келеді.

Шапқы

Шапқы

  • 43-суретте көрсетілген бедерлегіштер темірден немесе ағаштан жасалады.

Балғалар

Шапқылар

Бедер салу

  • Қаңылтырдың бетіне бедер салу мен сым темірді көркемдеп өңдеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Бедер салу жұмысы, негізінен, қаңылтырдың бетіне жүргізіледі. Бұйымның бетін нүктемен,сызықпен бедерлеу тәсілдері дәл әрі алуан түрлі болып келеді.Мұнда сызықпен бедерлеу,нүктемен көлеңке беру әдістері көп қолданылады

Бұйым

Бұйым

V. Түсінік тексеру.

  • Сынақ өткізу.

VI. Жаңа сабақты бекіту Қауіпсіздік ережелері

  • Темірді көркемдеп өңдеу барысындағы
  • қауіпсіз жұмыс істеу ережелері
  • 1.Қаңылтырдың шетін қиғанда, қолыңды жарақаттап алудан сақтан.
  • 2.Қаңылтырдың бетін тазалағанда, үрлемей, арнаулы сыпырғышпен сыпыр.
  • 3.Қаңылтырдың бетін, жиегін саусағыңмен сипама.
  • 4.Белгі салатын және ұшы өткір шапқыларды, үшкір қаңылтырдың бөлігін қалтаңа салма, лақтырма, қасыңдағы оқушыға қарай сілтеме.
  • 5.Қаңылтыр дайындаманың бетін тегістегенде, өрнекті бедерлегенде, екінші қолыңды соғып алма.
  • 6.Балға мен бедерлегішті (шекігішті) осылай (4-сурет) ұста!

VI. Жаңа сабақты бекіту Жұмыс істеу бағыты

VI. Жаңа сабақты бекіту Сарамандық жұмыс

VII. Сабақты қорыту

  • Бағалау
  • Үй тапсырмасын беру.
  • 42-46 беттер

Каталог: kopilka -> uploaded files
uploaded files -> Оқып үйренудің негізгі мақсаты Оқытуда қалыптасатын әдіс-тәсілдер
uploaded files -> Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі дара тұлға
uploaded files -> Тақырыптың туындау себептері
uploaded files -> Сабақ тақырыбы: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ерекше тұлғалық болмысы
uploaded files -> Ххі ғасыр көшбасшысы өткізген
uploaded files -> Жарық туралы дуализм Квант дегеніміз не? Абсолют қара дене Фотон
uploaded files -> Өмірбаяны 1858 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл
uploaded files -> Презентация №50 Абай атындағы орта мектеп
uploaded files -> Атақты жазушы Біздің жерлесіміз
uploaded files -> Сабақтың барысы: Сабақтың кезеңі Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу