Бір шаңырақ астында Сабақтың мақсаты: Тәрбиелік



бет1/2
Дата28.04.2020
өлшемі109,54 Kb.
#64992
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Бір шаңырақ астында


Бір шаңырақ астында

Сабақтың мақсаты: 

Тәрбиелік: Көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін жастардың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Өз бетінше қорытынды жасауға, өз ойын ашық жеткізе білуге, ізденіске дағдыландыру. Ойлау қабілеттерін дамыту

Әдісі: Ой қозғау

Оқытушы: Армысыздар құрметті студенттер Сіздер білесіздер, кең байтақ Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр.Әрине, бұл қазақ халқының ұлылығынан, «Кең болсаң,кем болмайсың»дегендей қазақ халқының пейілінің кеңдігінен басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны мәлім. Қазақстан Республикасында 130 дан астам ұлттар өмір сүреді. Әр халықтың тілі, әні, әдет-ғұрыптары шалқар дариядай шалқуда.

Ұлы Тұранды салқар далада қыран қылған, қайсар Ғұнды көктегі күн қылған бірлік еді. Сол бірлік, осы ұғым бүгін де маңызын жойған жоқ. Қасиетті қазақ жері татулықтың талбесігіндей болып тербетіліп тұр. Осы тыныштық, татулық пен бірлік біздің берік қамалымызға айналды. Қазақ жерін мекендеген жүздеген ұлт пен ұлыстың балалары бір шаңырақ астында осы бірлікті қасиетті де киелі ұғым ретінде қастерлеп, жүректеріне терең сіңірген. Өйткені олар бірлігі бекем елдің болашағы да зор екенін біледі.

Ел аузындағы аңыз әңгімелердің бірінде былай дейді: «Төле бала бірде Әнет бабаға барыпты. Жасы жүзге келіп отырған Әнет баба ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. «Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ?» дегенді сұрайды. Сонда Әнет баба әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады. - Балам, мынаны сындырып көрші? Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды. - Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт еткізіп, оп-оңай сындырып береді. Әнет баба: - Бұдан не түсіндің, балам? - дейді. Сонда Төле бала: - Түсіндім, баба, бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ жейді» демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой. - Бәрекелді, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауыз бірлікке, ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың, ынтымаққа барамын» дегеннің мәнісі осы, - депті».

Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен еді. Бүгінде олар тегі басқа болғанмен теңдігі бір, қаны бөлек болғанмен жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды. Туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды алдынан күтетіні – бір тағдыр. Осылайша, елдігіміздің ертеңі «бір халық – бір ел – бір тағдыр» деген ошақтың үш тағаны сияқты сөзге сыйып тұр. Осы сөздің аясында болашаққа бет алып, ынтымағы жарасқан ел ретінде талай асулардан асармыз. Алаштың жұрты әлемдегі айбарлы халықтың біріне айналады деген үміт бар.

Толеранттылық ұғымын қарастырайық

Толеранттылық латын тілінен алынған, қазақша мағынасы – шыдамдылық, өзге көзқарастарға, мінез-құлықтарға, әдеттерге төзімділік таныту деген мағынада қолданылады.

Барша адамзаттың ұлтына, нәсіліне, ұстанатын дініне қарамастан, төзімділік танытып, түсіністікпен қарап, оларды өзіндей қабылдау қасиетін бір сөзбен толеранттылық дейміз.

Толеранттылық -халықаралық қолданыстағы термин. 1995 жылы 16 қарашада ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы «Толеранттылық қағидаттары» туралы декларация қабылдады.

Толеранттылық мәні қазақ тілінде тіпті терең: төзімділік, шыдамдылық, байсалдылық, кісілік, ізгілік, кемелін таңдау, келісімін табу деген мағына береді. Адамдар арасындағы өзара сыйластықты, мейірбандықты білдіреді.

Қазақстандағы толеранттылық –ата-бабамыздан, дәстүрімізден келе жатқан құбылыс деп те айтуымызға болады. Имандылық пен татулықты, бірлік пен бейбітшілікті ту еткен кешегі бабаларымыз ұрпағын ұйымшылдыққа, қайырымдылыққа үндеп отырды.

Әрине сіздер елімізде болып жатқан барлық жағдайлардан хабардарсыздар. Күні кеше ғана болған Қордай уақиғасы да естеріңізде. Қордайдағы жанжал тез тұтанып, соңы қақтығысқа айналды. Бейбіт күнде оқ атылып, жазықсыз жандар опат болды. Әрине, қайғылы жағдай.

Ұлттық мүдде ұранмен ғана шешілмейді. Ашуға булығып, арандап қалған кейбір азаматтар заңға бағынбай, өздері үкім шығарып, соның салдарынан қанша жазықсыз жандар жапа шеккенін, жан тапсырғанын көріп жанымыз қиналды. Бұл – бізге құқықтық мемлекетте өмір сүріп отырғанымызды, сондықтан кез келген мәселені заң шеңберінде шешуіміз қажет екенін терең ұқтырады. Оқыс оқиға туралы суыт хабар тарасымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев твиттер желісі арқылы пікірін жедел білдіріп, оқиғаны қатаң бақылауға алғандығын жеткізді. Одан кейін де бірнеше мәрте пікірін жариялап, халықпен бірге жұртты сабырға шақырды. Бұл ел Президенті өзі айтқан «халық үніне құлақ асатын мемлекет» механизімінің іске аса бастағанын көрсетеді. Сонымен қатар мемлекеттік комиссияның шұғыл құрылып, Үкімет басшысының орынбасары бастаған кең құрамды топ оқиға орын алған жерге жедел баруы да көп оқиғаның алдын алды деп есептейміз.

Қоғамды алаңдатқан Қордайдағы жайт қордаланып қалған көп нәрсенің де бетін ашып кеткендей болды. Сондықтан, оқиғаға қатысты көлеңкелі тұстардың бар екенін жасырып қалмауымыз керек. Ең әуелі, болған оқиғадан тиісті салаларға қатысты салғырттықтың салқыны сезілді. Қазірге дейін бей-жай қаралып келген ұлттық мәселеге деген бойкүйездіктің бар екенін осы қайғылы жағдай тағы бір рет есімізге салғандай болды.

Біз бір шаңырақ астында ғұмыр кешіп отырған түрлі этнос өкілдерінің қилы тарихы мен қиын тағдыры жөнінде терең, зерделі зерттеулер керек екенін аңғарамыз. Ол тек Қордай оқиғасына қатысты ғана емес, этнос өкілдері көп шоғырланған барлық аймаққа осындай жұмыстардың жиі, жедел жүргені абзал. Бұл орайда, кезінде елімізге тағдыр талайымен келген түрлі этнос өкілдері бір нанды бөліп жеп, қиындықта қатар жүріп, қуанышымызды бөліскені белгілі. Ел тұтастығы, ел бірлігі үшін ортақ құндылықтар қалыптасуы шарт.

Бұл мемлекет – біздің ортақ үйіміз. Сондықтан ел бірлігі - тәуелсіздік тірегі екенін ұмытпауымыз қажет.

Аман боп халқымыз мәңгілік,
Жүрейік достықта сән құрып.
Бірлік пен ынтымақ нығайса,
Атады әрқашан таң күліп.

Біздің ортақ үйіміздің шаңырағы биік, керегесі берік, босағасынан ырыс - дәулет кетпегенін қалаймыз. Оған Қазақстанда тұратын барша халықтың өзіндік үлес қосуымен бір - бір уық болып қадалғанын жақтаймыз. Ашық, көк аспан астында барлық елдер тату - тәтті өмір сүруіміз керек.
Отанымыз тыныштықта, еліміз бейбітшілікте болып, күн сәулесі бақыт нұрын шашсын!

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы

«Жамбыл политехникалық жоғары колледжі»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны


Бекітемін

Тәрбие-ісі жөніндегі

директордың орынбасары

_________ Ғ.Т. Қуанышева

«___»_________ 2020 ж



Тәрбие сағаты:

Топ: 3ПВТ-17-1

Топ жетекші:Жакипбекова Р. К.

Тараз 2020 ж



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет