5. Құбырлы қосылыс 6. Сұққыш қосылысы (штифт) Ажыратылмайтын біріктірулер: Пісіру, тойтармалы және данекерлеу қосылысы Пісіру — жергілікті және жалпы қыздыру немесе екеуінің де бірлескен әрекеті кезінде пісірілетін бөлшектер арасында атомаралық байланыстарды орнату арқылы ажыратылмайтын қосылыстарды алу үдерісі
1. Пісірме қосылыстар Түйістіре пісіру қосылысы
Бұрыштап пісіру қосылысы
2. Тойтарма біріктірулер Тойтарма шегенің түрлері
Айқастыра қосу
Бастырма қосу
3. Дәнекерлеу, желімдеу, қусырту арқылы біріктіру Дәнекерлеу - материалдардың ажыратылмайтын қосылыстарын балқыту температурасынан төмен температурада қыздыру және олардың арасындағы саңылауды балқытылған дәнекермен толтыру арқылы алу үдерісін айтады.
Желімдеу – жабысқақ қабатпен жабысқақ материялдардың негізінде бөліктердің тұрақты байланысын алу тәсілі. Олар (бейорганикалық желімдер, синтетикалық адгезивтер, резеңке желімдер т.б.)
БҰРАНДА Бұранда дегеніміз - өзектегі (стержень) немесе тесіктегі бұрама қобы (ойық). Ол цилиндрлік бұранда немесе конустық бұранда беттегі болып бөлінеді.
Цилиндрлік бұранда Конустық бұранда Стандарт бойынша тағайындаған алты бұрышты призма тəрізді бұрандаманың сызбасы. Бұрандаманың өлшем белгілері:
Бұранданың сыртқы диаметрі - d;
Бұранданың ішкі диаметрі - d1;
Бұрандама қалпақшасының биіктігі – h;
Бұрандама қалпақшасының сыртқы диаметрі – D;
Бұрандама қалпақшасының қиықжиегі - D1;
Кілтке арналған өлшем – S;
Бұрандама өзегінің ұзындығы – l;
Бұрандама бұрандасының ұзындығы - l0;
Қиықжиек – C;
Қиықжиектің радиусы – R; салу бойынша – r.
Бұранданың сыртқы диаметрі d(D2)– сыртқы бұранданың төбелерінен немесе ішкі бұранданың ойымдарынан сырттай жүргізілген ойдағы цилиндрдің диаметрі. Бұны номинал диаметрі деп қабылдайды да, бұранданы белгілегенде қолданады.