Бұранданың ішкі диаметрі d1(D1) – сыртқы бұранданың ойымдарынан немесе ішкі бұранданың төбелерінен іштей жүргізілген ойдағы цилиндрдің диаметрі (суретте көрсетілген).
Бұранданың сыртқы, ішкі жəне ортаңғы диаметрлерінің номиналды мəндері МЕСТ24705-81-ге сəйкес алынады.
Бұрандалы тетікбөлшектер: а – сырықта; ə – тесікте
Бұранданың жанабы (профилі) деп бұранда салынған беттің ось бойымен қиып өтетін жазықтықтағы кескінді айтады. Бұранданың бағытына байланысты оңқай немесе солақай түрлері болады. Бұранда жанабының түріне қарай үшбұрышты, тікбұрышты, трапеция тəрізді, жұмыр (жанабы - шеңбердің доғасы) бұрандалар деп бөлінеді.
Сомын (гайка) - өткірме тесігіне (ойығына) салынған бұрандасы бар бұрандалық қосылыстың, бұрандалық берілістің тетігі.
Сомынның өлшем белгілері:
- Сомын бұрандасының сыртқы диаметрі – d;
- Сомын бұрандасының ішкі диаметрі - d1;
- Сомын қалпақшасының биіктігі – H;
- Сомын қалпақшасының сыртқы диаметрі – D;
- Сомын қалпақшасының қиықжиегі -D1;
- Кілтке арналған өлшем – S;
- Қиықжиек – C.
Тығырықтың (шайба) өлшем белгілері:
Тығырықтың сыртқы диаметрі –DТ;
Тығырықтың ішкі диаметрі –dТ;
Тығырықтың қалыңдығы –SТ.
БЕРІЛІСТЕР ЖƏНЕ ОЛАРДЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Механизмнің бір буынынан екінші буынына қозғалыс «берілістер» деп аталатын əртүрлі құрылғылар арқылы беріледі.
Берілістер фрикционды, белдікті, шынжырлы, тісті жəне т.б.
болып бөлінеді.
Фрикционды берліс
Белдікті берліс
Шынжырлы берліс
Тісті берліс
Тісті дөңгелектер
Тісті дөңгелектердің негізгі жұмыстық элементі тістері болып табылады
Серіппе туралы түсінік
Қазіргі заманғы техникаларда серіппелердің көптеген түрлері қолданылады. Серіппелерді тежегіштерде, сүйкелісті берілістерде жəне тербелістерде соққы əсерлерін баяулату үшін т.б. жағдайларда қолданады.
Серіппелер деформациялануының
түріне қарай төртке бөлінеді: сығылу,
керілу, бұралу жəне иілу серіппелері
Достарыңызбен бөлісу: |