Бірінші қатардағы туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілердің дозасы және дәрілік түрлері



бет7/9
Дата25.12.2022
өлшемі1,07 Mb.
#164375
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
117220 (копия)

Канамицин

  • Канамицин аминоглюказидтер антибиотиктері тобына жатады. Канамицин сульфаты қолданылады. Ол терісграмды микроорганизмдерге, қышқылға төзімді бактерияларға, соның ішінде стрептомицинге төзімді ТМБ-ға белсенді әсер етеді. Бұлшық ет ішіне 1 г канамицйнді жібергенде, қанда оның ең жоғары коицентрациясы 1—2 сағаттан соң пайда болады. Препарат бүйрек арқылы шығады. Микобактериялардын препаратқа төзімділігі жылдам дамиды. Канамицин бүйрекке, құлаққа улы әсер етеді.
  • Канамицин 15—20 мг/кг салмаққа (орташа 1 г) бұлшық ет ішіне тәулігіне 1 рет жіберіледі. 60 жастан асқан адамдар үшін 0,5 г; балаларға арналған тәуліктік доза 15 - 20 мг/кг салмаққа тең, бірақ 0,5 г-ден артық болмауы керек. Канамицин бронхы ішіне де жіберіледі.
  • Канамицин қолданудың кері көрсеткіші стрептомициннің көрсеткіштерімен бірдей.

Флоримицин

  • Флоримицин (номицин, виоцин) — антибиотик, биологиялық қасиеті жағынан стрептомицинге жақын. Стрептомицинге, канамицинге сезімтал және төзімділік көрсететін ТМБ-ның екеуіне де бірдей әсер етеді. Бұлшық ет ішіне жібергеннен соң оның қандағы ең жоғары концентрациясы бір сағаттан кейін пайда болады. Препараттың 60%-тен—100%-ке дейін мөлшері зәрмен шығады. Флоримициннің колдану дозасы, қолдану көрсеткіші және кері көрсеткіштері — стрептомицшшен бірдей.

Пиразинамид

  • Пиразинамид (эпразин, тизамид) ТМБ-ның адам тектес түріне: талғамды әсер етеді. Пиразинамидтін изониазидке, стрептомицинге төзімді микробактерияларға әсері нәтижелі болып келеді. Препарат қышқыл ортада белсенді әсер көрсетеді.
  • Жасуша ішінде орналасқан микроорганизмдерге, жай өсіп-өнетін, макрофагтардың ішівде үзақ сақталатын микобактерияларға белсенді ықпал жасайды. Пиразинамид асқазан-ішек жолына тез сіңеді. Оның қавдағы ен көп концентрациясы пиразинамидті ішке қабылдағаннан соң 1—3 сағаттан кейін байқалады. Организмде біркелкі тарайды: жұлын-ми сұйығындағы концентрациясы қанның плазмасындағы концентрациясымен бірдей. Казеоз ошағына жылдам жақсы өтеді. Препарат бауырда дезаминденеді, оның өзгерген (метаболитті) өнімдері және өзгермеген препарат зәрмен шығады. Пиразинамидті ішке тамақтан кейін қабылдайды. Тәуліктік мөлшері ересектер үшін 25 мг/кг салмаққа тең, бірақ 1,5 г-нан көп болмауы. керек.
  • Пиразинамидті бауыр қызметінің бұзылуында, подаграда қолдануға болмайды.
  • Оны асказан мен ұлтабардың ойық жарасы ауруында, қантты диабеттің ауыр түрінде өте сақтықпен қолдану керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет