Бірінші бӛлім Кӛркем мінез туралы


Жолдастыққа қатысты маңызды ӛлшемдер



Pdf көрінісі
бет23/82
Дата26.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#199359
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   82
Байланысты:
Көркем Мінез

Жолдастыққа қатысты маңызды ӛлшемдер 
1.
Адамның адал жолдасқа мұқтаждығы басқа мұқтаждықтарынан кем емес. Жолдас жағынан 
сенімді адам басқа бірқатар мәселелерде де сенімді болады.
2.
Ақылды адам − айналасымен байланысы бұзылған кезде олармен арасындағы келеңсіздікті 
тезірек жойып, достығын жаңартуды білетін адам деген сӛз. Одан да ақылды адам мұқият 
болып, достарымен ешқашан келіспеушілікке бармайтын адам.
3.
Жолдастардың арасында сүйіспеншілік пен қызығушылықтың жалғасы заңды жол және оң 
істерде бір−біріне кӛрсететін түсіністік сезіміне байланысты. Түсінік пен әрекеттерінде 
бір−біріне кішіпейіл болмаған адамдардың достығы қысқа және уақытша болады.
4.
Адамның жолдастарына деген адалдығы олардың қайғысын терең сезініп, қуаныштарына ӛз 
қуанышы секілді қуану деген сӛз. Достарының қайғысына ортақтасып, олардың қуанышына 
қуанбаған адам адал дос бола алмайды.
5.
Шынайы жолдастық пен бауырлық дос пен бауырлардың дүниелік істері жарқын болмаған 
күндерде де олармен байланысын жалғастырса белгілі болады. Жаман күндерде және 
қауіпті сәттерде достарының жанынан табылмаған адамның достықпен ешқандай 
байланысы жоқ.
6.
Айналасымен жиі−жиі тартысатындардың достары да аз болады. Жолдастары кӛп және адал 
болсын деген адам олармен қажетсіз тартысудан сақтануы керек. 
7.
Достық − ең әуелі кӛңілдің ісі. Оның риякерлік пен алдаудан құрылатынын ойлайтын 
адамдардың ӛздері алданған болып саналады. Ондайлардың маңайында жағымпаздыққа 
70
Суюти, 
Ә
лФетхул Кебир, 1\79 


37 
алданған тӛрт−бес бос кеуде уақытша ғана жиналғанмен жолдастықтарын ұзақ уақыт 
жалғастырулары мүмкін емес
71

Тақырыпқа қатысты әдебиеттер 
Сұрақтар 
1.
«Пайғамбарымыздың кезіндегі ............... мен .................... арасындағы бауырластық аңызға 
айналған» деген сӛйлемде бос орындарға қандай сӛз қойылады? 
А) Әнсар−мұхажыр
ә) Мекке−Мәдина
б) Хаз.Али−Хаз.Ӛмер
в) Хаз.Осман−Хаз.Али 
2. Құран Кәрімде «Аллаһқа және расулына бағынғандардың тӛмендегі қай топпен бірге 
болатындығы кӛрсетіледі? 
А) Аллаһтың нығметтеріне ие болған нәбилер
ә) сыддықтар
б) шәйіттер
в) барлығы 
3. Құран Кәрімде жолдастардың ең жаманы деп суреттелгені қайсылар? 
А) шайтан ә) жындар б) перілер
в) ешқайсысы 
4. Адам біреумен достық құрғанда нені негізге алуы керек? 
А) нәпсінің қалауын
ә) отбасының қалауын
б) Аллаһтың ризалығын в) дүниелік пайданы 
5. Намаз оқымайтын адамдармен араласқан кезде рухани сезімдерінің әлсірейтінін айтқан 
Ислам ғалымы кім? 
А) Имам Ғазали ә) Имам Шарани
б) Имам Малик
в) Имам Шафиғи 
6. Тӛмендегі сӛздердің қайсысы достық ұғымына жатпайды? 
А) жолдас ә) жар б) сүйікті
в) серіктес 
7. Жолдастыққа қатысы жоқ сипат қайсысы? 
А) достық
ә) бауырлық
б) уәли
в) дұшпандық 
8. Аллаһ үшін құрылған достықтардан тыс достықтардың ақыретте дұшпандыққа 
айналатынын айтқан аят қай сүреде берілген? 
А) Фатиха
ә) Зухруф
б) Ықылас
в) Аср 
9. Жақсы және жаман жолдастың жағдайы хадисте кімдерге ұқсатылған? 
А) дүкенші мен тері ұстасы 
ә) дүкенші мен имам
б) тері ұстасы мен диқан в) дүкенші мен диқан 
10. Тӛмендегі сӛйлемдердің қайсысы дұрыс емес? 
71
М.Фетхуллах Г
ү
лен, 
Ӛ
лчу вея йолдаки ышыклар, 139-140-б. 


38 
А) Аллаһ тәкаппарлардың досы емес 
Ә) Аллаһ жамандық жасағандардың досы емес 
Б) Аллаһ мұнафықтардың досы емес 
В) Аллаһ зұлымдық кӛргендердің кӛмекшісі емес 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет