Бірінші бӛлім Кӛркем мінез туралы



Pdf көрінісі
бет20/82
Дата26.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#199359
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   82
Байланысты:
Көркем Мінез

Аллаһ кімдердің досы? 
Құран Кәрімде Хақ Тағала мүміндердің уәлиі, кӛмекшісі және досы екенін айтады
50

Бұл достық барлық мүміндерді қамтиды ма? Әлде бірқатар сипаттарға ие мүміндер ғана ма? 
Аллаһ ӛзіне толығымен иман еткеннен кейін ӛзі разы болатын салих амалдарды жасаған 
құлдарын ӛзіне дос етеді
51

Яғни, Аллаһ салих адамдардың, ӛзіне құлшылық пен жауапкершілікті сезінетін, Одан 
қорқатын тақуа құлдардың досы, уәлиі
52
. Нағыз дос – Аллаһ. Адамдар Аллаһтан басқа нағыз 
дос және кӛмекші таба алмайды
53

Жоғарыда Раббымыздың салих амал істеген мүміндерді дос ететінін айттық. Ал, осы 
салих амалдар нелер? Құран Кәрімде бұл сұрақтың жауабын бізге былай береді: Мұсылман 
болу, Аллаһқа және пайғамбарына Ислам қалағандай түрде сену, намаз оқу, зекет беру
жасаған істеріне есеп беретіндей адам болу
54

Мынадай сұрақ туындайды: Аллаһтың достығын жоғалтқан адамдар бар ма немесе 
жасаған жаман істеріне байланысты кімдер Аллаһтың достығын жоғалтады? 
Аллаһ адасқандардың, жолдан тайып, қате жолда жүргендердің досы емес. Кейбір 
адамдар бар, олар Аллаһтың жіберген пайғамбарларына және олардың шақыруларына 
қарамастан қате жолда қалады. Аллаһ бұл адамдарды ӛз таңдауларына қалдырып, олардың 
басқа досы да болмайды
55
.
Сонымен қатар, Аллаһ ӛзіне құлшылық жасау мәселесінде тәкаппарлық танытқан 
адамдардың
56
, жамандық жасағандардың досы және кӛмекшісі емес
57
.
Хақ Тағала иман еткеннен кейін қарсы шыққандардың және иман келтірмесе де иман 
еткендей әрекет жасаған мұнафықтардың досы емес. Олар жер бетінде ӛздеріне кӛмекші 
таба алмайды
58
.
Аллаһ теріске шығарушыны немесе ӛзіне серік қосып, ақиқат діннен теріс айналып, 
жер бетінде әділетсіздік пен зұлымдық жасаған залымдардың да досы емес
59
.
Неге жақсы жолдас таңдауымыз керек? 
50
Ба
қ
ара, 2\257; 
Ә
ли 
Ғ
ымран, 3\68 
51
Ә
н
ғ
ам, 6\127 
52
Жасие, 45\19; Араф, 7\196
53
Т
ә
убе, 9\116; 
Ә
н
ғ
ам, 6\70; Кехф, 18\26; Анкебут 29\22 
54
Маиде, 5\55-56; Ба
қ
ара, 2\112
55
Шура, 42\44; Исра, 17\97
56
Ниса, 4\173; Жасие, 45\7-10 
57
Ниса, 4\123 
58
Т
ә
убе, 9\74; Ахзаб, 33\17 
59
Шура, ; Худ, 11\20 


31 
Ислам ғалымдарының бірі Имам Шарани «Мен намаз оқымайтын адамдармен бірге 
отырған кезімде сезімдерімнің солғын тартқанына куә боламын» дейді. Сол себептен бір 
мүмін араласатын адамдарының, сәждесіз бастардың, тот басқан рухтардың және қираған 
кӛңілдердің ӛздерімен қоса нелерді алып кететінін есептеуі керек. Мұны есептесе рух пен 
кӛңіл мәселесінде онымен бір жолда болмағандармен байланысу тек оларды тура жолға 
бастайтынына сенеді. Аллаһ пен расулуллаһты түсіндіре білу үшін байланысты 
жалғастырудың айыбы жоқ, сонымен қатар тек кӛңіл кӛтеру үшін мұндай адамдармен бірге 
болмау керек.
Харам ас жейтін және харам мәселесінде ешқандай шектеуді білмейтін жаман 
адамдардың қалдыратын әсері мүміннің рухани ӛмірін ӛлтіруі мүмкін. Құран Кәрімде 
тозаққа кіргендерден олардың тозаққа кіру себептерінің сұралатындығы, ал олардың бұл 
сұраққа былай жауап беретіндігі туралы айтылады: «Біз намаз оқитындардан емес едік. 
Кедейлерге ас бермейтінбіз, олардың мұқтаждықтарына кӛңіл бӛлмейтінбіз. Қате сӛздермен 
адасқандармен бірге біз де адастық. Осы есеп беретін күнді жалған деп санайтынбыз»
60

Олар дүниеде кезде қате достар таңдаған, ол адамдар болса оларды шыңырауға 
құлдыратты. Сади мұны «Жаман жолдас қара жыланнан да жаман. Оның ықпалына кірсең 
сені тозаққа апарады. Ал, жақсы жолдас сені алып жұмаққа барады» деп түсіндіреді. Сол 
себептен жаман адамнан жыланнан қашқандай қашу керек. Құран Кәрімде бұ дүниеде 
жаманмен жолдас болған адамның ақыреттегі ӛкінішін былай кӛрсетеді: «Ол күні залым 
бармағын тістеп былай дейді: «Әттең! Сол пайғамбармен бір жолды ұстанғанымда ғой. 
Әттең, пәленшемен жолдас болғанымда ғой!»
61
Мүмін жақсы адамдармен жолдас болуы керек, бұл ӛте маңызды. Ӛйткені, адам 
әрдайым ӛз бетінше ӛмір сүрмейді. Адам ӛз−ӛзінің қазығы және орталық тірегі бола 
алмайды. Адам орталық тірек секілді ӛз болмысының шатырын иығына алған кезде бір−екі 
жолдасы да сол шатырдың айналасын ұстайтын қазықтар сияқты болғанын қалауы керек. 
Ӛйткені, тек солай болса ғана аяқта тұра алады. Күмбездің тастары бір−бірінің арқасында 
құламай тұрады. Осы тұрғыдан пайғамбарымыз «Жалғыз – шайтан. Екі адам да шайтан 
(Ӛйткені, бір жамандықта бірігіп кетуі мүмкін). Ал, үш адам − жамағат»
62
дейді.
Пайғамбарымыз бізге осыларды ұсынғандықтан біз оны орындауымыз керек. Бұл 
«ортаны ӛздеріңе ұқсату» деген сӛз. Олай болса біздің міндетіміз − әрдайым жақсы 
достармен бірге болу. Олар бір қателікке ұшыраған кезімізде бізді түзетсін, бізге ескерту 
жасасын.
60
М
ү
ддесир, 74\40-46 
61
Фуркан, 25\27-28 
62
Ә
буд Дауыт, Жихад 79; Тирмизи, Жихад 4 


32 
Жақсы мүмін ӛзінің мүмін бауырына «Кӛздеріңе, құлақтарыңа абай болмайсың» десе 
ол мүмін алғашқыда біраз қианлып қалуы мүмкін, алайда бұл маңызды емес. Ӛйткені, ол 
мүмін алған осы ескертуі арқылы есин жияды. Бұл − жақсы жолдаспен бірге болудың сыйы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет