Бірінші бӛлім Кӛркем мінез туралы


Аллаһтың достары туралық, шыншылдық туралы не дейді?



Pdf көрінісі
бет40/82
Дата26.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#199359
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   82
Байланысты:
Көркем Мінез

Аллаһтың достары туралық, шыншылдық туралы не дейді? 
Шыншылдық − аманат. Ӛтірікшілік − қиянат. (Хаз.Әбу Бәкір) 
Балам, ӛтіріктен сақтан, ол құстың еті сияқты дәмді. Одан аз адам ғана құтылады 
алады. (Локман Хеким) 
Аллаһ құзырында ең үлкен қате − ӛтірік сӛйлеу. (Хаз.Али) 
Ӛтірікші мен сараң тозаққа кіреді. Бірақ, қайсысы тереңірек тасталады, білмеймін. 
(Шаби) 
Шындық пен ӛтірік бір−бірін шығарғанға дейін жүректе соғысады. (Малик Бин 
Динар) 
Іші сыртына, сӛзі ісіне сай келмеу алауыздық. Ал, алуыздықтың негізі болса ӛтірік. 
(Хасан Басри) 
Сахабалардың кезінде ӛтіріктен асқан жаман нәрсе жоқ−тын. Ӛйткені, олар ӛтірік 
пен иманның бір жерде болмайтынын білетін. (ХазАйша) 
Истикамет (барлық істе шыншылдық) кереметтен жоғары тұрады. (Сейіт 
Абдулхаким Арваси) 
Хаз.Локманнан «Бұл дәрежеге қалай жеттің?» деп сұрайды. Ол «Шыншылдық, 
аманатқа қиянат жасамау және маған керек еместі тастау арқылы» деп жауап берген. 


66 
Сейіт Абдулкадир Жейлани «Бұл істі бастаған кезіңізде негізді ненің үстіне 
қаладыңыз? Қандай істі негізге алып, осындай биік дәрежеге жеттіңіз?» деп сұрағандарға 
«Негізді шыншылдықтың үстіне қаладым. Еш ӛтірік сӛйлемедім. Ішім мен сыртым бір 
болды. Сондықтан да істерім әрдайым алға басты» деген. 
Ең жақсы іс − шыншылдық, ең жаманы − ӛтірікшілік. 
Дүниеде шыншыл адам кӛрмедім деген адам егер ӛзі шыншыл болса шыншылдарды 
табар еді. 
Ислам діні үш негізге қаланған. Олар ақиқат, шыншылдық және әділет. Адамда үш 
нәрсе кездесетін болса, оның салих адам екені белгілі. Бұлар нәпсінің қалауларынан аулақ 
болу, Аллаһ ризалығы үшін шыншыл болу, адал және таза нәрсе жеу. (Аюдулхаким Арваси) 
Шыншыл адам сыр сақтай алады 
Сыр − адамға берілген бір аманат. Турашыл адам барлық аманат секілді бұл мәселеде 
де сенімді адам болып табылады. Мұндай адам ӛзіне аманат етіп берілген сырды сыртқа 
шығармайды. Ӛйткені, ол «Сырың − сенің тұтқының, айтып қойсаң сен оның тұтқыны 
боласың» деген ақиқатты біледі. 
Хаз.Алидің сӛзімен айтқанда сыр сақтау адамға жасалған бір емтихан. Бұл 
емтиханнан ӛте алмаған адам ӛмірде ешқандай емтиханнан ӛте алмайды. Ӛзіне 
шыншылдықты ту еткен адам сырды сақтамаған жағдайда жаман жағдайлардың 
туындайтынын біледі.
Адамның ӛзіне қатысты сырларымен қатар, отбасыға, елге, ұлтқа, фирмаға қатысты 
сырлар болады. Пайғамбарымыз да сыр сақтау мәселесіне айрықша мән берген, 
сахабаларын осы мәселеде тәрбиелеп отырған. Бір мысал берейік: 
«Абдуллаһ Бин Жафер (радиаллаһу анх) айтады: «Бір күні расулуллаһ (саллаллаһу 
алейхи уәссәлләм) мені кӛлігінің артына мінгестіріп, маған бір сыр айтты. Мен оны ешкімге 
айтпаймын»
118
.
Бір жолы пайғамбардың (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) қызметінде істейтін Хаз.Енес 
үйіне кеш келеді. Анасы одан: 
«Неге кешіктің?» деп сұрайды.
«Аллаһ расулы мені бір жерге жұмсады» дедйді. Анасы:
«Ол не нәрсе? деп сұрайды. Хаз.Енес: 
«Ол құпия» дейді. Оның бұл жауабынан кейін зейінді, түсінігі мол әйел сыр сақтау 
мәселесінде ата−аналарға үлгі боларлықтай мына сӛзді айтады: 
118
М
ү
слим, Хайз 79; 
Ә
буд Дауыт, Жихад 44; Ибн Маже, Тахарет23 ; Дарими, Вуду 5; Ахмет Бин Ханбел, 
М
ү
снед, 1\204 


67 
«Олай болса расулуллаһтың (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) сырын ешкімге 
айтпа!»
119
Енді М.Фетхуллаһ Гүленнің сыр сақтау мәселесіндегі сӛздеріне құлақ салайық: 
Сыр қарсы тұруға келмейтіндей бір күштің қайнар−кӛзі және тойтарыс беруге 
келмейтін бір әскер секілді. Сыр бір намыс, оны қорғаған адам намысын қорғаған болып 
есептеледі. Оны ашқан адам болса ар−намысын аяққа таптап, оған қажетінше мән бермеген 
болып саналады. Кейбір істер бар, оларда сыр Қызырға ұқсайды, құпия сақталған сайын 
адам рақымдылық кӛреді. 
Адамның ӛз сырын аманат ететін адамы ӛте сенімді және оны сақтау мәселесінде 
сырды ӛз намысын қорғағандай қорғайтын адам болуы керек. Сенімсіз адамға сыр айтудың 
қажеті жоқ. 
Сыр сақтау және басқалардың сырын құрметтеу толығымен адамның еркі мен 
зейініне қатысты мәселе. Әлсіз адамдардан сыр сақтай алмауы секілді жасаған істері мен 
сӛйлеген сӛздерінің нәтижесін пайымдай алмайтын адамдардың сыр сақтауы мүмкін емес. 
Сырын бірнеше рет ашып қойған адамға тағы да сыр айту ол адамның зейінсіздігін 
және сырлас таңдаудағы әлсіздігін кӛрсетеді. Кӛңіліне сенім мықтап ұялаған адам 
осыншама алданбауы керек. 
Адам айтылуы керек жерлерде ӛзіне тиесілі нәрселерді ғана айтуы керек, орынсыз 
жүрегін ашып, сырларын жайып салудан сақтануы керек. Әр жерде сырын шашып 
жүретіндердің ӛзін және сол ӛзі сүрген қоғамды орны толмас ӛкініштерге апарып 
соғатынын естен шығармау керек. 
Адам ӛзіне тән құпия нәрселерді әр жерде айта беруден сақтануы тиіс. Бұлар оның 
үстіне бір пайдасы жоқ, нәтижесіз, жаман нәрселер. Ӛйткені, бұл жағдай кӛбінесе 
жолдастарды ұялтып, дұшпандарды қуантатын лайықсыз жағдайлардың туындауына себеп 
болуы мүмкін.
Кеуде сыр сақтайтын сандық ретінде жаратылған. Ақыл олардың құлпы, ал ерік 
болса кілті. Осы құлпы мен кілтінде ақау болмаған жағдайда сандықтың ішіндегі 
гауһарларды ешкімнің білуі мүмкін емес.
Басқа біреудің сырын сізге жеткізген адам сіздің сырыңызды да басқаларға жеткізе 
алады. Сондықтан да ондай адамдардың ешбір маңызы жоқ нәрселеріміздің ӛзін білуіне жол 
бермеуіміз керек. 
Жеке адамға қатысты сыр бар, отбасыға, бүкіл қоғам мен халыққа қатысты сыр бар... 
Бұл сырлардың ашылуымен олардың ар−намыс, беделіне нұқсан келеуі мүмкін. Ӛйткені, 
сыр сақтаулы тұрғанда бір күш болып табылады, ол басқалардың қолына ӛтсе адамның 
119
Б
ұ
хари, Истизан 46; М
ү
слим, Федаилус Сахабе 145(2482) 


68 
ӛзіне қарсы шығатын қаруға айналады. Сол үшін де аталарымыз: «Сырың – сенің тұтқының, 
ашып қойсаң сен оның тұтқыны боласың» деген.
Сырдың білінуін қажет ететін қаншама құнды істер бар, сырдың ашылуынан ол іс 
алға баспай қалған, тіпті кейдекәсіпкерлер үшін бір қатерлерге де жол ашқан. Ал, бұл іс 
халықтың ӛмірі мен болашағына қатысты мәселе болса тіпті де
120



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет