69
Ӛтіріктің үлкен−кішісі болмайды. Ӛтіріктің аты ӛтірік. Аздап айтылған ӛтіріктер
уақыт ӛте келе адамды нағыз ӛтірікші болуға бастайды. Әдетке айналады. Нәтижеде ол
үлкен ӛтіріктер айта бастайды және Аллаһ құзырында ӛтірікші деген үкім алады.
Пайғамбарымыз бір хадисінде мұны былай түсіндіреді:
«Ӛтіріктен сақтаныңдар. Ӛтірік адамды күнәға, ал ол тозаққа апарады. Адам әрдайым
ӛтірік айтып, ӛтірік іздесе Аллаһ құзырында ӛтірікшілердің бірі болып жазылады»
125
.
Сондықтан да мүмін адам ӛтірік мәселесінде ӛте мұқият болуы керек, ӛтіріктен
сақтануы керек. Қалайша дейсіз ғой? Фетхуллаһ Гүленге құлақ салайық:
«Мысалы, сағат тоғызға үш минут бар делік. Сол кезде біреу сізден уақытты сұрап,
сіз «Сағат тоғыз» десеңіз, міне бұл ӛтірік болады. Бұл жерде сағат қаншаны кӛрсетіп тұрса
соны толық айтуыңыз керек. Кейбір сӛздер бар, олар да жасырын ӛтірік болып саналады.
Мысалы, Аллаһ ризалығы үшін жасалған істерде басқаларға моралдық қолдау кӛрсету үшін
кейде асыра сілтейтін сӛздер айтылады, бұл бір асыра сілтеушілік жасырын ӛтірік болып
табылады. Тіпті, мұндай ӛтіріктер, асыра сілтеушіліктер Аллаһтың қаһарына себеп болуы
мүмкін, сол себептен ол істің бар берекесінің қашуы мүмкін. Бұдан рухтар мен руханилер
де азап шегеді. Жүрек пен рухани ӛмір күз келгендей сарғайып, солады. Егер бір адам
осындай болып, ӛтірік айтса ол адамда мұнафықтың бір белгісі бар деген сӛз». (Гүлен,
Фасылдан фасыла, 2\277)
Достарыңызбен бөлісу: