Каб Бин Малик (р.а.): «Мен шыншылдығымның арқасында құтылдым»
Шыншылдық туралы әңгіме қозғалғанда Каб Бин Маликті айтпай кету мүмкін емес.
Хаз.Каб сӛзі қылыштай ӛткір адам болған. Ӛзі ақын болатын. Ӛлеңдері арқылы кәпірлердің
ӛзінің ішкі дүниелерін алай−дүлей ететін. Акабеде Аллаһ расулына ант берген болатын.
Сондықтан да Мәдинаның алдыңғы қатарлылары арасынан орын алатын. Бірақ, Тәбүк
жорығына қатыса алмайды. Енді мұны енді ӛз сӛзімен жалғастырайық:
«Барлық адам соғысқа шақырылды. Ӛйткені, соғыс қатаң болғалы тұр еді. Бұлай
болатындығы білдірілді ме, жоқ, пайғамбарымыз бүл соғысқа ерекше мән берді.
Мен де дайындалдым. Тіпті, сол кезге дейін ешқандай соғысқа осыншалықты
дайындалған емеспін. Пайғамбарымыз қозғалуға бұйрық беріп, әскер қозғала бастады. Мен
ішімнен: «Оларға жетіп алармын» деп олармен бірге шықпадым. Басқа ешқандай жұмысым
да жоқ болатын. Бірақ, ӛзіме сеніп, олардан қалып қойған едім. Бүгін−ертең деп жүргенде
бірнеше күн ӛтіп кетті. Енді Аллаһ расулына жетуім мүмкін емес те еді. Енді олардың ӛзін
күтуге мәжбүр болып, күттім. Әр сағатты күттім.
Сӛйтіп, Аллаһ расулының жорықтан қайтқаны туралы хабар тарай бастады. Бұл
әрқашан да осылай жасалатын. Мәдина Оның келуімен қайтадан жандана түсетін. Міне,
қазір де барлық адамның жүзі нде қуаныш обар еді, Аллаһ расулы оралған еді...
Сӛйтіп, күткен уақыт та жетті. Әскер Мәдинаға қайтып оралды. Пайғамбарымыз
әдетінше әуелі мешітке соғып, екі рекат намаз оқып, халықпен кездесе бастады. Адамдар
бӛлініп−бӛлініп мешітке кіріп, жорыққа қатыса алмағандар кешірім сұрап жатты. Мен
секілді жорыққа қатыса алмағандардың барлығы бір себеп айтып, Аллаһ расулы тарапынан
себептері қабылданып жатты. Менің де солай жасауыма болар еді. Ӛйткені, олардың
ішіндегі ең шешені мен едім. Бірақ, қалайша ешқандай себеп жоқ жерде Аллаһ расулына
ӛтірік айтамын. Олай жасамадым, жасай алмадым. Кездескен кезімізде пайғамбарымыз
маған жүректі тесіп ӛтердей бір ащы күлемсіреумен қарсы алды. «Қайда едің?» деді.
Жағдайды сол қалпында жеткіздім. Басын теріс бұрып, «Тұр, кет!» деді.
Сыртқа шықтым. Айналама адамдар жиналып, «Сен де бір себеп айтып, құтыл» деді.
Айтқандары жүрегіме жақын келгендей болды, бірақ дереу есімді жинадым да, «Мен
сияқтылар бар ма?» деп сұрадым. «Бар» деп, екі адамды айтты. Екеуі де Бәдірге қатысқан,
129
Зухал Балташ−Ажар Балташ, Беденин дили, 143-144-б.
73
атақты сахабалардан болатын. Бірі Мүраре Бин Реби, екіншісі Хилал Бин Үмеййе. Олар да
ешқандай себеп кӛрсетпей шындықты айтқан екен. Мен де солардың істегенін істеп, сылтау
айтудан бас тарттым.
Үшеумізге қатысты бір бұйрық шығарылды. Енді ешқандай мұсылман бізге
жақындап, сӛйлеспейтін болады. Содан әлгі екі жолдасым үйлерінде отырып, күндіз−түні
жылаумен болды. Мен олардың ішіндегі ең жасы және күштісі болатынмын. Кӛшеге,
базарға шығып, намаз уақыттарында мешітке барып тұрдым.
Бірақ, менімен ешкім сӛйлеспейтін. Уақытымның кӛбісін мешітте ӛткізетінмін.
Аллаһ расулының бір күлімсірегенін кӛру үшін оны кӛп күтіп отыратынмын. Сол жүзінен
күлкі кетпейтін адам бір рет болсын маған қарап күлімсіремеді. Сәлем беремін, еріндері
қозғалар ма екен де кӛзімді айырмаймын, еріндері қимылдамайтын.
Кӛбінесе намаз оқып тұрғанда кӛзімнің қиығымен Оған қарайтынмын. Намазды
бастаған кезімде маған қарағандай болатын, намазымды бітірген соң кӛзін менен тайдырып
әкететін. Дәл елу күн осылай жалғасты. Барлық адамдар мен тұрған жерім маған жат болып
кеткені соншалық, ӛзімді бӛтен елде жүргендей сезіне бастадым.
Бір күні Әбу Катаденің (кӛкемнің баласы, оны жақсы кӛретінмін, ол да мені жақсы
кӛретін) бақшасының қабырғасынан аттап ӛтіп, қасына бардым. Оған сәлем бердім,
сәлемімді алмады, одан «Аллаһ үшін айтшы, менің Аллаһ пен расулын жақсы кӛретініме
сенбейсің бе?» деп сұрадым. Ол жауап бермеді. Сӛзімді үш рет қайталадым. Үшіншісінде
«Аллаһ пен расулы біледі» деді де, кетіп қалды. Ішім әлем−жәлем болды. Әбу Катадеден
мұндай сӛз күтпеген едім. Кӛзім жасқа толып, ӛкси жыладым.
Тағы бір күні Мәдинаның кӛшелерінде жападан−жалғыз келе жатқанымда бір
адамның мен туралы сұрап жатқанын естідім. Сұраған адамдары мені ымдап кӛрсетті. Адам
жаныма келді, қолында хаты бар екен. Хат маған жазылыпты. Гассан патшасынан келіпті.
Патша мені ӛз мемлекетіне шақырған екен. Хатында «Қожайының сені жалғыз
қалдырғанын естідім, бізге кел, сен сияқтылардың біздің жақта қадірі жоғары» деп
жазылған еді. «Бұл да бір емтихан» дедім де, хатты жыртып, отқа тастадым.
Қырқыншы күн болатын. Аллаһ расулы бір адам жіберіпті. Келген адам біздің
әйелдерімізден аулақ тұру керектігімізді айтты. «Ажырайын ба, не істейін» дедім. «Тек
алыс тұр» деді де, кетіп қалды. Әйелімді ӛзінің үйіне жібердім. Ал, Хилалдың әйелі барып,
күйеуіне қызмет етуге рұқсат сұрайды. Хилал қартайған адам болатын. Біреудің кӛмегіне
мәжбүр болатын. Аллаһ расулы оған рұқсат берді. Біреулер менің де солай рұқсат
сұрағанымды қалады. Бірақ, мен олай жасамадым. Ӛйткені, Аллаһ расулының мұндай
ұсынысты қалай қабылдайтынын біле алмадым.
74
Сӛйтіп, біраз уақыт тағы ӛтіп, дәл елу күн болды. Енді шыдай алмастай жағдайға
жеттім. Дүниемді қараңғылық басып, қабір секілді тарылған еді. Үйімде таң намазын оқып
отыр едім. Біреудің қатты дауыспен атымды айтып, шақырғанын естідім: «Сүйінші, Каб!».
Мен түсінген едім. Дереу сәжде жасадым. Сол күні таң намазынан кейін Аллаһ расулы
кешірілгенімізді жариялаған еді. Мешітке қарай жүгірдім, бәрі тұрып мені құттықтап
жатты. Талха мойныма асылды, бетімнен, кӛзімнен сүйді. Аллаһ расулының алдына барып,
қолын ұстадым. Ол да менің қолымнан ұстады. Аллаһ расулы «Аллаһ сендерді кешірді»
деді. Сосын біз туралы түскен мына аятты оқыды:
«Және Аллаһ сол тәубелері кері қайтарылған үш адамның да тәубелерін қабыл етті.
Жер беті кеңдігіне қарамастан оларға тар келді, ар−ождандары оларды қыса түсті.
Ақырында, Аллаһқа сыйынудан басқа шара жоқтығын түсінді. Сосын бұрынғы
жағдайларына қайтулары үшін Аллаһ олардың тәубелерін қабыл етті. Ӛйткені, Аллаһ
Тәууәб, Рахим»
130
.
Ол бұл аятты оқығаннан кейін расулуллаһқа қарап: «Иа, расулуллаһ! Мен
шыншылдықтың арқасында құтқарылдым... бұдан былай да бар ӛмірімде шындықтан басқа
ештеңе айтпайтыныма уәде беремін» дедім»
131
.
Сұрақтар
1. Садақаттың антонимі ........................... Бос нүстенің орнына қай сӛз қойылады?
А) шыншылдық ә) сатқындық б) туралық в) адасушылық
2. Тӛмендегілердің қайсысы шыншылдықпен тікелей байланысты емес?
А) шыншылдық ә) сӛзінде тұру б) турашыл болу в) шүкірлік
3. Аллаһ расулының жүзін кӛргенде «Уаллаһи, мына жүзде жалған жоқ» деп, мұсылман
болған сахаба кім?
А) Абдуллаһ Бин Амр
ә) Абдуллаһ Бин Ӛмер
б) Абдуллаһ Бин Месуд в) Абдуллаһ Бин Селам
4. Пайғамбарымыздың қырық жасқа дейін ӛтірік айтпағанын айтып мұсылман болған
(Хаз.Аммардың әкесі) сахаба кім?
А) Зейд
ә) Ясир
б) Әбу Бәкір в) Әбу Кухафе
5. Пайғамбарымыздың ӛмір бақи ӛтірік айтпағанын Әбу Суфияннан естіген Рим
императоры кім?
А) Геракл
ә) Фарс
б) Амалика в) ешқайсысы
6. Сыддық қай сахабаның лақап аты?
130
Т
ә
убе, 9\118
131
М.Фетхуллах Г
ү
лен, Сонсуз Нур.
75
А) Хаз.Әбу Бәкір ә) Хаз.Ӛмер б) Хаз.Осман
в) Хаз.Али
7. Түріктердің турашылдығына таң қалған француз генералы кім?
8. «Шыншылдық пен ӛтірік бірі екіншісін шығарғанға дейін жүректе шайқасады?» деген сӛз
кімнің сӛзі?
А) Малик Бин Динар
ә) Хаз.Али б) Хаз.Ӛмер в) Хаз.Хузайфа Бин Йеман
9. Тәбүк жорығына қатыспай «Шыншылдығым арқылы құтқарылдым» деген сахаба кім?
А) Малик Бин Динар ә) Сад Бин Убаде б) Каб Бин Малик в) Зейд Бин Харисе
10. «Сенімді және туралықтан таймаған .......................... пайғамбарлар, сыддықтар, шәйіттер
және салихтармен бірге» деген хадистегі бос орынға қандай сӛз қойылады?
Достарыңызбен бөлісу: |