76
Бұл жердегі біздің ең маңызды жол кӛрсетушіміз − ол әрине біздің пайғамбарымыз.
Хақ Тағала ол туралы «Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің»
134
деген.
Пайғамбарымыз бір хадисінде ӛзінің кӛркем мінезді толықтыру үшін жіберілгенін айтқан
135
.
Оның теңдессіз ӛмірінде отырысынан тұрысына, жүрісінен күлімсіреуіне, сыпайылығынан
кӛркем мінезіне дейін үлгі алуымыз керек кӛптеген әдеп қағидалары бар. Бұл қағидаларға
алдағы уақытта жеке−жеке тоқталуға тырысамыз.
«Екі түрлі
мінез бар, мүмінде екеуі бірге болуы мүмкін емес. Сараңдық пен жаман
мінез»
136
деген пайғамбарымыз
жақсы мінезге аса мән беріп, «Адамгершілікті болыңдар!»
деп сахабаларына ескерту жасайтын
137
.
Әдеп пен кӛркем мінез туралы пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
айтқан бұйрықтары мен тыйымдары барша мүміндерге қатысты. Сондықтан әрбір адам осы
бұйрықтар мен тыйымдарды әуелі ӛзіне қолданып, содан кейін
басқа адамдардың осындай
кӛркем мінезді болуларына күш салуы керек.
Енді аяттар мен хадистерге сүйене отырып, мұсылманның бойында болуы тиіс
әдептерді тақырыптарға бӛліп қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: