83
1.
Тамақтан бұрын және кейін қолдарды міндетті түрде жуу керек.
2.
Тамақты
оң қолмен жеу керек, бастаған кезде «бисмилләһ» деу керек және ӛзінің
алдынан
жеу керек. Жеп болған «Әлхәмдулилләһ» деу керек.
Хаз.Ӛмер Бин Әби Селеме (радиаллаһу анх) айтады: Мен расулуллаһтың (саллаллаһу
алейхи уәссәлләм) тәрбиесінде жүрген бала едім. Бірде тамақты қалай болса солай жеп отыр
едім, ол маған «Ей, бала! Бисмилләһ деп айт, оң қолымен, ӛз алдыңнан же» деді. Одан кейін
әрдайым солай жейтін болдым»
153
.
3.
Тамақтың басында бисмилләһ
айтуды ұмытып кетіп, тамақ жеп отырғанда есіне түссе
«Бисмилләһи әууәләһу уә ахираху» деп айтады.
4.
Асықпай жеу керек,
тамақты жақсылап шайнау керек, қомағайланып жемеу керек.
5.
Тамақты алдымен жасы немесе лауазымы үлкен адам бастағаны дұрыс.
6.
Алдындағы тамақты суыту үшін тамақты үрлеуге болмайды. Басқаларға ұнамайтын әрекеттер
жасамау керек. Аузында тамақ бар кезде сӛйлемеу және күлмеу керек.
7.
Басқаның тамағына қарамау керек.
8.
Тамақты пісірген адамға алғыс айту керек. Дастарханды жайғанда және жинағанда кӛмектесу
керек.
Достарыңызбен бөлісу: