Түзде мырзаң, үйде сырдаң. Көрсеқызар, күнде асық дуаналық



Дата15.01.2023
өлшемі25,34 Kb.
#165561
Байланысты:
Документ Microsoft Word
Саясаттану

Түзде — мырзаң, үйде — сырдаң.
Көрсеқызар, күнде асық — дуаналық.
Қулық та — бір дерт.
Өзі жат елде қайыршылық құрып жүріп, елін бай деп мақтайтындар — құдай қарғағандар.
Бақастық күншілдікті зорайтып, адамшылықты азайтады.
Абай Құнанбайұлы

Өсек, өтірік, мақтаншақ,


Еріншек, бекер мал шашпақ
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой
Бес асыл іс көнсеңіз.
Абай Құнанбайұлы


Қайратсыз, қорқақ кісі — мақтаншақ келеді.
Жаманмен салысып жақсы болмайсың.
Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық.

Абай Құнанбайұлы



Ақымақ кісіні мақтасаң, ақылынан айырылады. Ақылды кісіні мақтасаң – көп ойланады.
Бауыржан Момышұлы

Ақымақ — ақыр заман болса да, мәз боп жүреді.

Жүсіп Баласағұни

Ақылсыз адам — мәуесіз ағаш секілді.

Жүсіп Баласағұни
Мен ақымақ болып елді түзетпек едім, ақылды болып өзімді түзетуге кірістім.

Лев Толстой

Ақымақпен достық құрып, жетіспейсің. Дананың берген уын қабылда, ақымақтың қолынан алтын алма.

Омар Хайям
Көп сөйлесең — тақылдақ дер,
Аз сөйлесең — ақымақ дер.
Жаманның ақылы қалтасында,
Ақымақтың ақылы балтасында.
Ақымақ ішкен-жегенін айтады,
Ақылды көрген-білгенін айтады.

Денсаулық - байлықтан қымбат


Джон Рей

Бәрі де денсаулыққа тіреледі

Ж. Кенжалиев
Көп жасау - деннің саулығы, бақытты болу - адамның өз қолындағы ісі
А. М. Кирхенштейн
Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі
Томас Карлейль
Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты
Артур Шопенгауэр
Жігіттің дені сау болса - сол дәулет
Құтып
Сау адам біреудің жарасы ауырып отырғанын білмейді
Сайф Сараи
Бас аман болса бөрік табылады

Қорқыт


Алдын ала емделгеннің есесі кетпес
Ж. Кенжалиев 
Жаны тазаның ары таза

Ж. Кенжалиев

Адам денесінің жетілуі - оның денсаулығы; егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денсаулықты жетілдіру керек

әл-Фараби


Тәннің ләззаты - саулығында,


Жанның ләззаты - білімінде
Фалес

Тәні саудың жаны сау 


Жарлының байлығы - денінің саулығы
Тісі ауырғанның көңілін сұрамайды
Халық даналығы

Тазалық – саулық негiзi,


Саулық – байлық негiзi
Жан ауырса – тән азады,
Қайғы басса – жан азады
Аман ердің аты шығады

Халық даналығы


Өмірдің екі тірегі бар. Үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау.

Сыпайылық кiшiлiктен ғана емес, кiсiлiктен де туады.

Жиырмасыншы ғасыр таңғажайып ғасыр, тарих үшін қызықты, ал замандас үшін қасірет ғасыры
Дінмұхамед Қонаев
Адам айнасы - адам.

Адамға жазаның ең үлкені - жұмыссыз қалдыру.

Ақиқаттан атап кету — арға сын.

Өмірдің екі тірегі: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау.


Сатыға аяқ салмай жатып, баспалдақтан аттама.

Қанмен сіңгенді қасиеттемесең, қадірің болмайды.

Бүгінгі күн - кешегі күннің шәкірті.

Адамдық қалыпты биік ұстау – кімге де болса үлкен сын.


Сенім — құдіретті күш: тауды да қозғайды.

Баршаңызға бақыт тілеймін. Мына жүйке жұқартқандай қиын-қыстау күндерде иінді төмен салмай, еңсе көтертер күш-қайрат, мұқалмас жігер, жақсы табыстар тілеймін. Бәрі бір күнгідей болмайды. Сондықтан, арайлап атар әр таңға сеніммен қарайық. Ақжарылқап күндер алдымызда!


Дінмұхамед Қонаев
Дүние түске дейін киіз, түстен кейін мүйіз болып кетуі әп-сәтте

Орынды сын ойлантпай қоймайды


Жалада шындық болмайды




Дінмұхамед Қонаев

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет