99
Хаз.Муаз Бин Жебел: Бақытсыздар ғылымнан мақұрым
Мұғалім сахабалардан Хаз.Муаз
Бин Жебел оқып, білім алудың мәнін мына
сӛздермен түсіндіреді:
«Ғылым үйреніңдер, ӛйткені Аллаһ үшін ғылым үйрену Аллаһқа
деген бір тағзым
(құрмет), ал білімнің соңынан жүру – ғибадат. Ғылымды талқылау − тәсбих, ғылым туралы
сӛйлесу − жихад, білмейтіндерге үйрету − садақа, ілімді лайықты адамға кӛп оқыту −
Аллаһқа жақындауға себепші. Ӛйткені, ғылым − адал мен харамды білдіретін,
жұмақтықтардың жолын нұрландыратын бағдар. Ғылым −
жалғыздықты жоятын жолдас,
таршылық пен молшылықта жол кӛрсетуші, дұшпанға қарсы қару,
достардың қасында
әшекей. Ғылым арқылы Аллаһ кейбіреулерді кӛтереді, оларды ізгілік жолдың жетекшілері
етеді, бастаушы етеді, кӛзқарастары қолдау табады. Періштелер
олардың достығына
қызығады, оларды қанаттарымен сипайды. Су мен құрлықтағы барлық жан−жануар
ғалымдар үшін кешірім тілейді. Ӛйткені, ғылым надандыққа қарсы кӛңілдерге ӛмір
сыйлайды, қараңғылыққа қарсы кӛздерге жарық силайды. Құл ғылымның арқасында
таңдаулылардың деңгейіне кӛтеріледі, дүние мен ақыретте биік деңгейлерге қол жеткізеді.
Ғылым
туралы ойлау оразаға, ал оны үйрену түнгі намазға тең. Туыстардың құқығы
біліммен танылып, адал мен арам сол арқылы білінеді. Білім амалдың (әрекеттің) жетекшісі,
әрекет білімнің соңынан ереді. Білім
жақсы адамдарға нәсіп болады, бақытсыздар одан
мақұрым қалады»
206
.
Достарыңызбен бөлісу: