115
ғибадат жасаушы ғибадатында қанша тереңдей түссе де кемел адам дәрежесіндегі
ғалымның амалына (әрекетіне) тең ғибадат жасауы мүмкін емес. Адам білгенін міндетті
түрде жасауы керек. Ӛйткені, олай істемеген адамға Құран Кәрім былай дейді:
«Олардан бір топ бар, біле тұра жасырады»
229
.
Иә, біледі, бірақ жасамайды, ашық алаңдағы қара тесіктер сияқты айналаға ешқандай
жарық ӛткізбейді немесе ешкім олардағы жарықты пайдалана алмайды. Басқаша айтқанда,
күн сияқты бола алмайды. Күн ӛз алдына бір ошақ, нұрдың қайнар− кӛзі, және әдемі
түстердің жиынтығы. Гүлдердің басын сипап, ӛз гүлдері болып саналатын планеталарға
жарық сәулелерін жібереді. Бұл туралы пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейхи уәссәлләм)
хадисіне тоқталайық:
«Кім ғылым үйреніп, сосын оны жасырса ақыретте оның аузына оттан ауыздық
салынады»
230
.
Бұл сӛздің мағынасы айқын. Кім бір нәрсе үйреніп, сосын оны айналасына айтпаса,
яғни ӛзі толғаннан кейін оны шығармай, сӛз және әрекеттерімен үлгі болмаса, айналасына
кӛрсетпесе бұл қылмысының жазасы ақыретте оның аузына оттан ауыздық салынады.
Хадисте ӛте қатаң сӛгіс, айыптау бар. Ӛйткені, ауыздық тек жануарға салынады. Бұл
ғылымын жасырған адамның жануарға ұқсатылуы деген сӛз, ӛте ауыр сӛз. Иә, ол адам Хақ
Тағаланың ӛзінің сырын білдіруінің қадірін біле алмаған, және де ӛзін жануардан айырып
таңдаулы болмыс еткен сезім, ойлау және ойлағанын айту міндетіне мән бермей, оларға
шүкіршілік ете алмаған деген сӛз. Міне, мұндай адамға берілген нығметтердің кері алынуы
қандай әділ әрекет»
231
.
Сӛзімізді қорытатын болсақ, кемелдену, кәміл адам болу − біздің бар болуымыздың
негізгі мәні және мақсаты. Кемелдікке оқу арқылы қол жеткіземіз. Алайда, тек жалаң
мағынада оқу жеткіліксіз. Оқудың нәтижесінде алынған білім міндетті түрде салих амалмен
жүзеге асырылуы шарт.
Достарыңызбен бөлісу: