Бірінші бӛлім Кӛркем мінез туралы



Pdf көрінісі
бет70/82
Дата26.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#199359
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   82
Байланысты:
Көркем Мінез

8.
 
Кітап − ӛркениет ӛлшемі 
Кітап – ӛркениеттің ӛлшемі. Ӛркениетті қоғамдар кітаптың арқасында дамып
ілгерілеген. Ғылымды, зерттеуді ӛмірлерінің негізі етіп алған ұлттар тарихта әрдайым 
қоғамдарға бағыт беріп отырған. Ӛткен тарихымыз осыны кӛрсететін мысалдарға толы: 
Орта ғасырда Ислам әлемінде он миллион кітапхана болған. Ислам әлемі 10-ғасырда 
кітаптарының байлығымен және кітапхана ісі тұрғысынан Еуропадан 200-300 жыл алда 
болды. Осы орта ғасырда Еуропа кітапханаларында кітаптар сӛрелерде шынжырмен 
байланып тұратын, оқырман кітап оқығысы келгенде бұл кітап пюпитрге шынжырмен 
байланып берілетін. Тіпті, қызығы сол кітаптар темір тор арасынан да оқытылған
217

10-ғасырда Андалусияда ғылым Еуропамен салыстыруға келмейтіндей ілгеріде 
болды. Мысалы, Халифа Әл Хакемнің кітапханасында алты жүз мың қолжазба кітап болған. 
Одан тӛрт жүз жылдан кейін Еуропада «Білімді Чарльз» деп танылған Франция королі 
V.Чарльздің кітапханасында тек қана тӛрт жүз туынды ғана болған.
Мысалдарды кӛптеп келтіруге болады: 
217
Қ
ара
ң
ыз: Нежип Асым Языксыз, Китап 10дан 
ӛ
зетле, Илетишим йайынлары, Стамбул, 1993 


108 
Сегіз жылдық қысқа уақыт сұлтандық құрғанына қарамастан кӛптеген жеңістерге 
қол жеткізген Сұлтан Явуз Селим Мысыр жорығына шыққан кезде ӛзімен бірге үш 
жануарға кітап артып алып жүрген. Шахзада кезінде күніне тек үш сағат қана ұйықтап
күнінің шамамен сегіз сағатқа жуығын кітап оқуға бӛлген.
63 жасында қайтыс болған атақты Ислам ғалымы Фахреддин Әр Рази артында 200 
еңбек қалдырған. Оның тәпсірге қатысты жазған еңбегі 12 мың беттен тұрады. Ол бала 
кезінен бастап күніне 15-20 бет жазған болса керек. Кӛбінесе дастарханға отырғанда бір 
жағынан тамақ жеп, бір жағынан кітап оқитын болған.
Мезхеп имамымыз Имам Азам Хазірет Құран Кәрімнен және пайғамбарымыздың 
сүннетінен 500 мың мәселенің үкімін шығарып, 4 мың пәтуә айтқан
218
. Әрине, осыншама 
еңбекті жазу тек оқумен, оқығанын бағаландырумен іске асса керек.
Мәулана Жалаладдин Руми күндіз−түні оқып, ілім үйренетін. Ол кӛптеген ғасырлар 
бойы басқаларға ӛзінің нұрын тӛгіп келеді.
Мәшһүр тәпсір ғалымы Сейіт Кутуб күніне шамамен он сағаттай оқыған. Ол ӛзі «Бұл 
парақтардың иесі ӛмірінің қырық жылын оқумен ӛткізген адам» дейтін.
Бұл мысалдар мәдениетіміз бен ӛркениетіміздің қандай құрылымға негізделгенін 
және де біздің не істеу керектігімізге жол кӛрсететін ғибрат үлгілері болып табылады. 
Ӛздерін мақтан тұтатын ата−бабаларымыз әрдайым кітап оқумен айналысқан, сол арқылы 
есімдерін тарих беттеріне алтын әріптермен жаздырған.
Ендігі кезек бізде. Біз де кӛп оқып, қадірлі отанымызды лайықты орынға шығарып, 
ӛз ӛркениетімізді бүкіл адамзат баласына екі дүниенің бақытына жетудің үлгісі ретінде 
ұсынуымыз керек. Әйтпесе, қанша жылдар ӛтсе де сол орынымызда қалып қойып, 
жамандыққа қарай қадам басамыз. Бұл ақиқатты атақты ойшылымыз Жемил Мерич былай 
түсіндіреді: 
«Ӛзін топқа айналдырған ұлт тұрақты бола алмайды. Бар қайғысы ақша болған топ 
ӛмір сүре алмайды. Кітапқа жұмсаған ақшаны аттарға жұмсаған ақшамызбен салыстырсақ 
ұялып қалмаймыз ба? Кітапты жақсы кӛретін адамды кітапқа берілген жынды дейміз
ешкімді атқа берілген жынды демейміз. Кітаптың себебінен жамандыққа кезіккен адамды 
кӛргеміз жоқ, ал аттың құйрығында зиян шеккендер қаншама? Ең жақсы кітап теңіз 
балығының бағасындай. Ал, оны алатын адам қайда? Кӛп адамдар кітапты арзан 
болғандықтан алмайды. Кітаптың негізгі құны оны оқуда, тануда екенін ойламайды да»
219



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет