Бірінші жетістігіміз – 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада


Екінші жетістігіміз – жаңарған Конституция



бет3/8
Дата14.12.2021
өлшемі20,38 Kb.
#126342
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
7 жетістік
1 Қазақ әдебиеті 6-сынып 2-тарау 1-сабақ Презентация 2-нұсқа, кенесары жоспар, 7 сын бжб, 4-бөлім. Сүйіспеншілік пен достық 2-сабақ. Таныстырылым (1), Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік дидактикалық материал 9 сынып, 2-бөлім Киіну,сән,талғам. 3-сабақ (1), 2-бөлім Киіну,сән,талғам. 5-сабақ Оқушыға арналған нұсқаулық, ент анализ, Республика күні, буклет республика күні, 1-сабақ қазақ тілі 4-тарау таратпа м 1-нұсқа (2)
Екінші жетістігіміз – жаңарған Конституция.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға жария түрде қол қою рәсімінде: «Біз бүгін мемлекетіміз үшін мәні зор тарихи шешімнің жүзеге асатын сәтіне куә боламыз. Бұл – қазіргі басқару жүйесін жаңғыртуға бастайтын маңызды қадам. Заң билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде теңгерімді етуге бағытталған»,-деп мәлімдеді. Жаңарған заң билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөледі. Атап айтқанда, Президенттің бірқатар өкілеттіктері биліктің басқа бұтақтарына беріледі. Үкіметтің дербестігі мен қабылдайтын шешімдерге жауапкершілігі күшейтіледі. Парламент Үкімет пен атқарушы органдардың қызметін бақылауда жаңа өкілеттіктерге ие болады. Алайда, президенттік басқару формасы саяси жүйенің базалық негізі болып қала береді.

Мемлекет басшысы заңға қол қою рәсімінде: «Билік барынша теңгерімді, икемді және тиімді бола түседі. Қабылданған шешімдерді біздің қоғам кеңінен талқылап, мақұлдады. Жаңарған Конституция – бұл біздің уақыттың сын-қатерлеріне қайтарған жауабымыз. Әлемдегі дамыған 30 елдің тобына қосылу деген стратегиялық мақсатымызға жету үшін барша қазақстандықтар күш-жігерін біріктіруі маңызды»,-деді. Елбасы айтқандай, елдің басты құжаты кемелдене түсті. «Назарбаевтың моделі» арқылы мемлекеттілігімізді нығайтуға, уақыттың сын-қатерлеріне төтеп беруге батыл қадам жасадық. Ең бастысы, біздің еліміздің конституциялық құрылымы, егемендігі және тәуелсіздігінің мызғымастығының кепілдіктері орнықты. Тәуелсіз саяси тарихымыздың жаңа кезеңіне жасаған қадамымызды зор жетістік емей не дейміз?!..



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет