БІРІНШІ КІШІ «БҮЛДІРШІН» ТОБЫНЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАРЫ
2017 жыл қыркүйек айы
Өтпелі тақырып: «БАЛАБАҚША»
Мақсаты: балалардың бойында балабақша туралы түсініктерін, танымдық қабілеттерін, ой- өрістерін кеңейте отырып бірлескен әрекетке қызығушылықтарын дамыту
Міндеттері:
денсаулық сақтау технологиясы негізінде дене дағдылары мен негізгі қимыл түрлерін қалыптастыру;
дидактикалық ойындар арқылы тілдік қарым –қатынас дағдыларын, сөздік қорларын қалыптастыру;
өз достарымен бірігіп ойнау барысында балалардың танымдық қабілеттерін дамыту;
балалардың эстетикалық қабылдауын қалыптастыру және шығармашылық әрекетті дамыту.
Тақырыпша
|
«Денсаулық»-3
Дене шынықтыру-3
|
Коммуникация-1
Сөйлеуді дамыту-0,5
Көркем әдебиет -0,5
|
Таным- 2
Сенсорика-0,5
Құрастыру-0,5
Жаратылыстану-1
|
Шығармашылық- 3
Сурет салу-1,
Мүсіндеу-0,25
Аппликация-0,25;
Музыка – 1,5
|
Әлеумет-0
|
Менің балабақшам
1-апта
|
Дене шынықтыру
(негізгі қимылдар)
1. Тәрбиешінің артынан баяу жүру. Бірқалыпты жүгіру.
Қимылды ойын: «Балабақшаға барамыз»
2.Шеңбер бойымен қол ұстасып жүру. Бірқалыпты жүгіру.
Қимылды ойын: «Топта шар үрлейік»
3. Алаңның бір шетіне доптың артынан баяу жүру.
Бір орында тұрып қос аяқпен секіру.
Қимылды ойын: «Балабақшадағы көңілді доптар»
|
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Біздің топ»
Мақсаты: балаларды балабақшаның топ бөлмелерімен таныстыру.
Дидактикалық ойын: «Топқа саяхат»
|
Сенсорика
Тақырыбы:
«Ойыншық құлыншақтың жолы»
Мақсаты: балаларға құлыншақтың жолын жасау үшін, берілген 4 түстен: қызыл, көк түсті табуға үйрету.
Үстел –үсті ойыны: «Жол жаса»
Жаратылыстану
Тақырыбы:
«Топтағы гүлдер»
Мақсаты: Берілген суреттерден топтағы гүлдерді ажыратып, табу
Үстел –үсті ойыны: «Гүлдерді топтастыр»
|
Сурет салу
Тақырыбы: «Балабақшадағы әдемі бояулар»
Мақсаты: қағазбен, майлы қарындашпен таныстыру. Көлденең, тігінен сызықтар сызуды үйрету.
Дидактикалық ойын: «Көңілді сызықтар»
Музыка
Тақырыбы: «Біздің балабақшамыз»
Мақсаты: Музыканы тыңдауға, әннің мағынасын түсінуге қалыптастыру. Жетекшінің дауыс ырғағына еліктеу.
Ән тыңдау: «Біздің балабақшамыз»
(Т.Молдағалиев, Н.Тілендиев).
Ән айту: Бала, бала, балапан» (Ж.Смақов, И.Нүсіпбаев).
Әуенді ырғақты қимыл-ойын: «Жүреміз, жүгіреміз»
Г.Абдрахманова
Музыка
Тақырыбы: «Біздің балабақшамыз»
Мақсаты: Музыканы тыңдауға, әннің мағынасын түсінуге қалыптастыру. Созылыңқы дыбысталуға еліктей отырып, ересекпен қосылып ән айту
Ән тыңдау: «Біздің балабақшамыз»
(Т.Молдағалиев, Н.Тілендиев).
Ән айту: Бала, бала, балапан» (Ж.Смақов, И.Нүсіпбаев).
Әуенді ырғақты қимыл- ойын:
«Жүреміз, жүгіреміз»
Г.Абдрахманова
|
Балабақша-
ның күн тәртібіне бейімделу-леріне жағдай жасау
|
Менің достарым
2-апта
|
Дене шынықтыру
(негізгі қимылдар)
1. Жұптасып жүруге дағдыландыру.
Берілген бағытта жалаушаға дейін жүгіру.
Қимылды ойын: «Менің досым»
2.Шеңбер бойымен жұптасып жүру. Қонжыққа дейін еңбектеу.
Қимылды ойын: «Кім жылдам?»
3.Допты қос қолдап лақтыру.
Алға қарай ұмтыла екі аяқтап секіру.
Қимылды ойын: «Ақ қоянмен бірге»
|
Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Екі дос» (өлең)
Қадыр Мырза Әли
Мақсаты: оқылған өлеңді тыңдауда шыдамдылыққа, өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Дидактикалық ойын: «Досыңды тап»
|
Құрастыру
Тақырыбы: «Доп»
Мақсаты:
қиылған бөліктерден доп құрастыру. (қағаз)
Үстел-үсті ойыны: «Допты құрастыр»
Жаратылыстану
Тақырыбы: «Қанатты достар»
Мақсаты: балаларды балабақша ауласындағы құстармен таныстыру. (торғай, қарға, шымшық, көгершін)
Дидактикалық ойын: «Торғайға жем береміз»
|
Сурет салу
Тақырыбы: «Көңілді жол» (екі түсті бояумен жол салу)
Мақсаты: балаларды екі түсті бояумен түзу сызық сызуға үйрету.
Дидактикалық ойын: «Досыма жол»
Музыка
Тақырыбы: «Менің достарым»
Мақсаты: Көңілді әнді тыңдау ережесін сақтауды қалыптастыру. Әннің мағынасын түсіну. Ән айтуға қызығушылықты дамыту.
Ән тыңдау: «Кел, билейік» И.Нүсіпбаев
Ән айту: «Бала, бала, баламыз» Б.Қыдырбекова
Әуенді ырғақты қимыл-ойын: «Сенің атың кім?» муз: А.Айтуова
Аппликация
Тақырыбы: «Досымның доптары»
Мақсаты: дайын үлгіні қағаз бетіне орналастырып қоя білуге үйрету. Сары түспен таныстыру.
Дидактикалық ойын: «Үлкен –кіші доп»
|
Сәлемдесу және қоштасу әдептерін үйрету.
Топтағы балалармен бірігіп ойнауға тәрбиелеу
|
Менің сүйікті ойыншықтарым
3-апта
|
Дене шынықтыру
(негізгі қимылдар)
1.Бір бағытпен жүре отырып, кедергіден (жіп) аттап өту.
Қимылды ойын: «Ойыншыққа жету»
2. Кілем бойымен допты қос қолмен ұстап жүріп өту.
Жіптің астынан еңбектеп өту (биіктігі 30-40 см)
Қимылды ойын: «Сызықты баспай, көжекке жет»
3. Қарқынды өзгерте жүру және жүруден жүгіруге ауысу.
Қимылды ойын: «Қонжыққа қарай жүгірейік»
|
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Менің ойыншығым»
Мақсаты: ойыншықтарды сипаттап айтуға үйрету. Тәрбиешінің сөзін түсініп, не? қандай? сұрақтарына жауап беруге үйрету.
Дидактикалық ойын: «Ойыншықтарды ата»
|
Сенсорика
Тақырыбы:
«Қуыршаққа арналған моншақтар»
Мақсаты: балаларды әр түрлі геометриялық бөлшектерді бауға тізбектеуге үйрету. Ұсақ қол моторикасын дамыту.
Үстел-үсті ойыны: «Моншақты тіз»
Жаратылыстану
Тақырыбы: «Менде қандай ойыншық бар?»
Мақсаты: жануарлардың дене бөліктерін атауға үйрету (танау, құйрық, аяқтар)
Дидактикалық ойын: «Қоянды сипатта»
|
Сурет салу
Тақырыбы: «Ойыншық қақпалар»
(екі түспен қақпалар салу)
Мақсаты: қарындашты дұрыс ұстай алуды үйрету. Қысқа және ұзын сызықтарды жүргізе білуді үйрету.
Дидактикалық ойын: «Әдемі қақпалар»
Музыка
Тақырыбы: «Менің сүйікті ойыншықтарым»
Мақсаты: Әннің мағынасын түсінуді қалыптастыру. Әннің сөздері мен жеке буындарын айтып үйренуді қимылмен үйлестіру.
Ән тыңдау: «Ойыншықтар» И.Нүсіпбаев
Ән айту «Біз-көңілді қуыршақ» Г.Жотаева
Әуенді ырғақты қимыл-ойын:
«Қуыршақ сөйлейді»
Қимылды ойын
Музыка
Тақырыбы: «Менің сүйікті ойыншықтарым»
Мақсаты: Таныс әуендерді тыңдап, тани білу дағдыларын қалыптастыру.
Ән тыңдау: «Ойыншықтар» И.Нүсіпбаев
Ән айту: «Біз-көңілді қуыршақ» Г.Жотаева
Әуенді ырғақты қимыл-ойын: «Қуыршақ сөйлейді»
|
Ойыншық-тармен ойнауға қызығушылықтарын арттыру
|
Жиһаздар
4-апта
|
Дене шынықтыру
(негізгі қимылдар)
1.Бағытты өзгерте отырып жүру. Заттардың арасымен шеңбер бойынша жүгіру.
Қимылды ойын: «Қызыл, сары орындықтар»
2. Жіптің бойымен жүру.
Лентамен еденде 10 см қашықтықта (екі арқаннан тұратын жолақ арқылы) жатқан арқаннан секіру.
Қимылды ойын: «Жолыңмен жүр»
3. Шеңбер бойымен бағытты өзгерте отырып жүру. Еңіс тақтайдың үстімен еңбектеу.
Спорттық іс-шара:
«Орындығыңа тез жет»
|
Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Бөлме жасаймыз» (Фланелеграф тақтада)
Мақсаты: балаларға жиһаздарды атап айтуға үйрету. (Үстел, орындық, керуерт).
Дидактикалық ойын: «Қуыршаққа орындық»
|
Құрастыру
Тақырыбы: «Үстел»
Мақсаты: текшелер-мен кірпіштерді үйлестіру. (Фребель материалдары)
Ойын тапсырма: «Үстел»
Жаратылыстану
Тақырыбы: «Ағаш және оның бөліктері»
Мақсаты: балалардың назарын ағаштың негізгі бөліктеріне аудару (діңі, бұтақтары, жапырақтары)
Үстел –үсті ойыны: «Орындықты құрастыр»
|
Сурет салу
Тақырыбы: «Менің керуетім»
Мақсаты: Түзу көлденең сызықтар жүргізу арқылы парақ бетіне бейнені орналастыруға үйрету.
Дидакикалық ойын: «Әдемі керуерт»
Музыка
Тақырыбы: «Бесік жыры»
Мақсаты: Баяу және көңілді әндерді ажырата білуге үйрету,әуендердің бейнелік сипатын түсіну.
Ән тыңдау: «Әлди-әлди»
қазақ халық әні.
Ән айту: «Сылдырмақ» Е.Хасанғалиев
Әуенді ырғақты қимыл-ойын:
«Орындықта отырып билейміз»
Мүсіндеу
Тақырыбы: «Қуыршаққа арналған орындық»
Мақсаты: балаларды сазбалшық, ермексазбен таныстыру.
Дидактикалық ойын: «Таяқшалар»
|
Балаларды өздерінің төсек орнын, киім шкафын танып ажырата білуге үйрету
|
2017 жыл қазан айы
Өтпелі тақырып: «МЕНІҢ ОТБАСЫМ»
Мақсаты: балалардың отбасы туралы түсініктерін қалыптастыру, отбасы мүшелерін ажырата білуге, оларды жақсы көруге, көмек беруге үйрету. Туыстық байланыс туралы түсініктерін дамыту: ана-әке, аға-апа, ата-әже.
Міндеттері:
-отбасы туралы алған білімдерін кеңейту, сөздік қорларын, танымдық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін ойын түрлерін ұйымдастыру;
- денсаулық сақтау технологияларын қолдана отырып, балалардың дене дағдылары мен негізгі қимыл түрлерін жетілдіру;
- отбасы мүшелеріне сүйіспеншілік пен сыйластыққа тәрбиелеу.
Тақырыпша
|
«Денсаулық»-3
Дене шынықтыру-3
|
Коммуникация-1
Сөйлеуді дамыту-0,5
Көркем әдебиет -0,5
|
Таным- 2
Сенсорика-0,5
Құрастыру-0,5
Жаратылыстану-1
|
Шығармашылық- 3
Сурет салу-1,
Мүсіндеу-0,25
Аппликация-0,25;
Музыка – 1,5
|
Әлеумет-0
|
Ата-аналар еңбегі
1-апта
|
Дене шынықтыру
(негізгі қимылдар)
1.Шеңбер бойымен бірқалыпты жүру. Белгі бойынша шашырап жүгіру.
Қимылды ойын: «Біз көңілді отбасымыз»
2.Кілем бойымен жүру.
Допты кеуде тұсынан қос қолдап лақтыру.
Қимылды ойын: «Доптарды жинаймыз»
3.Доғалар астынан еңбектеп өту.
Алға қарай ұмтыла екі аяқтап секіру.
Қимылды ойын: «Маған еңбектеп жет» (тәрбиеші, апай, анасы)
|
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Анама көмектесемін» (сурет бойынша әңгімелеу)
Мақсаты: берілген сұрақтарға жауап бере отырып, көргендерін сипаттауға, сөздерді дұрыс айтуға үйрету.
Дидактикалық ойын: «Менің анам»
|
Сенсорика
Тақырыбы: «Терезелі үй»
Мақсаты: балаларды дайын үлгі бетіне сары түсті 2 түрлі көлемдегі шаршыларды орналастыра білуге үйрету.
Лото ойыны: «Үй құрастыр»
Жаратылыстану
Тақырыбы: «Менің бақшамдағы көкөністер мен жемістер»
Мақсаты: бау-бақша өнімдерімен таныстыра отырып, ата-аналар еңбегін атау
(Қияр, қызанақ, алма, алмұрт)
Дидактикалық ойын: «Себетке жина»
|
Сурет салу
Тақырыбы: Әжемнің жіптері
(үш түсті бояумен)
Мақсаты: тұйықталаған
(ирек) сызықтарды жүргізу арқылы фломастерді немесе майлы қарындашты пайдалана отырып сурет салуға үйрету.
Үстел-үсті ойыны: «Көңілді жіптер»
Музыка
Тақырыбы: «Ата-ананы тыңдаймыз»
Мақсаты: Музыка тыңдауға қызығушылықтарын қалыптастыру.
Үлкендердің қамқорлығын сезіну, іс-қимылына еліктеу
Ән тыңдау: «Нешеуміз» А.Тоқсанбаев
Ән айту: «Балақандар әні» А.Еспенбетова
Әуенді ырғақты қимыл-ойын: «Анамызға көмек» муз: А.Айтуова
Музыка
Тақырыбы: «Ата-ананы тыңдаймыз»
Мақсаты: Отбасы жылулығын музыка арқылы сезіндіру. Ән салу дағдыларын жетілдіру.
Ән тыңдау: «Нешеуміз» А.Тоқсанбаев
Ән айту: «Балақандар әні» А.Еспенбетова
Әуенді ырғақты қимыл-ойын: «Анамызға көмек» муз: А.Айтуова
|
Өз отбасы мүшелерінің аттарын айта білуге үйрету
|
Менің көшем
2-апта
|
Дене шынықтыру
(негізгі қимылдар)
1.Кедергілер арасымен жүру. Отырып допты бір-біріне домалату.
Қимылды ойын: «Көшедегі ағаштар»
2. Лентамен еденде 10 см қашықтықта (екі арқаннан тұратын жолақ арқылы) жатқан арқаннан секіру.
Доғалар астынан еңбектеп өту.
Қимылды ойын: «Допша секір»
3. Жүруден жүгіруге ауысу
Ауданы 50*50см, биіктігі 10см мінбеге өрмелеу.
Қимылды ойын: «Жолдағы таяқшалардан аттап өт»
|
Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Жақсы деген немене, жаман деген немене» мультфильмін көру.
Мақсаты: балаларға әрбір істің жақсы, жаман жағы болатынын түсіндіру
Дидактикалық ойын: «Болады, болмайды!»
|
Құрастыру
Тақырыбы: «Екі жол»
Мақсаты: балаларды құрылыс материалдарынан (текшелер) кеңістікте жалпақ және жіңішке жол жасауға үйрету.
Үстел –үсті ойыны: «Машина жолы»
Жаратылыстану
Тақырыбы: «Шалғынды шөп»
Мақсаты: Шөптердің түсін атап, ажырата білуге үйрету.
Дидактикалық ойын: «Көшедегі гүлдерді жинау»
|
Сурет салу
Тақырыбы: «Көше шамдары»
Мақсаты: қарындашты үш саусағымен дұрыс ұстай отырып, ирек сызықтар салу дағдысын бекіту. Саусақ икемділіктерін арттыру.
Ойын тапсырма: «Түстерді ата»
Музыка
Тақырыбы: «Біздің аула»
Мақсаты: Музыка тыңдауға қызығушылығын арттыру. Би қимылдарында жұптаса билеудің алғашқы дағдыларын қалыптастыру
Ән тыңдау: «Шулы дыбыс» муз.А.Айтуова
Ән айту: «Біз-көңілді баламыз» Б.Жұмабекова
Әуенді ырғақты –қимыл ойын: «Күн мен жаңбыр»
Аппликация
Тақырыбы:
«Ашық шамдар»
Мақсаты: Қызыл, сары, көк түсті дөңгелек пішіндерді түзу сызық бойына желімсіз орналастыруға үйрету.
Дидактикалық ойын: «Шамдарды орналастыр»
|
Ненің «жақсы» ненің «жаман» екенін ұғындыру
|
Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік
3- апта
|
Дене шынықтыру
(негізгі қимылдар)
1. Бір бағытпен жүре отырып, кедергіден (жіп) аттап өту.
Арқанның астымен нысанаға дейін төрттағандап еңбектеу
Қимылды ойын: «Абайла, балақай!»
2.Заттардың арасымен шеңбер бойынша жүгіру.
Допты қағып алуға дағдыландыру.
Қимылды ойын: «Қоңырауды сылдырлат»
3. Отырып допты бір-біріне домалату. Белгі бойынша шашырап жүгіру.
Қимылды ойын: «Жаңбырдан тығылайық»
|
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Мен тәртіпті баламын» (өлең) Өтебай Тұрманжанов
Мақсаты: балаларды өлеңнің мазмұнын тыңдап, тәрбиеші айтқан дыбыстарды анық айтуға дағдыландыру.
Дидактикалық ойын: «Не істеу керек?»
|
Сенсорика
Тақырыбы: «Пазлдардан сурет құрастыр»
Мақсаты: екі бөлікті пазылдан заттың бейнесін құрастыруға үйрету. (үтік, тоқ көзі, бағдаршам)
Дидактикалық ойын: «Болады, болмайды»
Жаратылыстану
Тақырыбы: «Абайла, балақай!»
Мақсаты: балаларға көшедегі қауіпсіздік туралы мультфильм көрсету. Дидактикалық ойын: «Ойлан, тап!»
|
Сурет салу
Тақырыбы: «Ұзын, қысқа жолдар»
Мақсаты: оңнан солға қарай түзу сызықтар сызуды жалғастыру, қарындашпен жұмыс істеу дағдыларын бекіту.
Дидактикалық ойын: «Жолдан өтейік»
Музыка
Тақырыбы: «Біз тәртіпті баламыз»
Мақсаты: Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік дағдыларын түсіну. Әнді дауысқа күш түсірмей, айқайламай, табиғи дауыспен айтуды қалыптастыру.
Ән тыңдау: «Машина» К.Қуатбаев
Ән айту: «Бәріміз бірге» А.Айтуова
Әуенді ырғақты қимыл-ойын:
«Поезд» (К. Қуатбаев)
Музыка
Тақырыбы: «Біз тәртіпті баламыз»
Мақсаты: Музыканың тез және жай ырғағын қимылмен көрсету. Әнді дауысқа күш түсірмей, айқайламай, табиғи дауыспен айтуды қалыптастыру.
Ән тыңдау: «Машина» К.Қуатбаев
Ән айту: «Бәріміз бірге» А.Айтуова
Әуенді ырғақты қимыл-ойын:
«Поезд» (К. Қуатбаев)
|
Ойын барысында бір-бірін түсінуге үйрету.
|
Алтын күз
4-апта
|
Дене шынықтыру
(негізгі қимылдар)
1.Түзу және ирек жолдармен жүгіру.
Жиектері шектелген тура жолақтың үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру .
Қимылды ойын: «Жапырақтар жинайық»
2. Түзу және ирек жолдармен жүгіру.
Жиектері шектелген тура жолақтың үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру.
Қимылды ойын: «Күзгі соқпақ жол»
3.Арқанның астымен нысанаға дейін төрттағандап еңбектеу.
Допты нысанаға дәлдеп лақтыру.
Спорттық іс-шара: «Себетті толтыр»
|
Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Алтын дән» өлең. К.Ахметова
Мақсаты: Тақпақтың мазмұнын түсінуге және олардағы әрекеттердің дамуын қадағалау.
Үстел –үсті ойыны: «Алма, алмұртты көп жина»
|
Құрастыру
Тақырыбы: «Үй»
Мақсаты: Кірпіштерден (текшелерден) үй құрастыру.
Ойын тапсырма: «Тамшыларды қойып шық»
Жаратылыстану
Тақырыбы: «Қоңыр күз»
Мақсаты: Күз мезгілімен-табиғаттағы маусымдық өзгерістермен (бұлтты, суық) таныстыру.
Дидактикалық ойын: «Гүл күлтелерін жинайық»
|
Сурет салу
Тақырыбы: Жау-жау , жаңбыр (дайын үлгідегі бұлттың астына)
Мақсаты: Тік сызықтарды қағаз бетіндегі кеңістікті дұрыс пайдалана отырып түсіруге жаттықтыру.
Қимылды ойын: «Күн мен жаңбыр»
Музыка
Тақырыбы: «Алтын күз»
Мақсаты:. Күз мезгілінің ерекшеліктерін байқау. Ән сөздері мен жеке буындарын толық айтуға талпындыру.
Ән тыңдау: «Күз келгенде» Ж.Қалжанова
Ән айту: «Күз»
Ғ.Абдрахманова
Әуенді ырғақты қимыл- ойын: «Қолшатыр»
Мүсіндеу
Тақырыбы: «Қонжыққа арналған жидектер»
Мақсаты: Бүлдіршіндерге кішкене домалақ заттарды мүсіндеуге үйрету.
Дидактикалық ойын: «Жидектер тереміз»
|
Табиғатта болып жатқан өзгерістерді бақылауға үйрету.
|
Достарыңызбен бөлісу: |