Бірінші кіші «БҮлдіршін» тобының перспективалық жоспары 2017 жыл қыркүйек айы Өтпелі тақырып: «балабақША» Мақсаты: б



бет3/5
Дата02.10.2019
өлшемі316 Kb.
#49096
1   2   3   4   5
Байланысты:
перспективка




2018 жыл қаңтар айы

Өтпелі тақырып: «ТАБИҒАТ ӘЛЕМІ»

Мақсаты: Балалардың тірі,өлі табиғат және жыл мезгілдері құбылыстары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

идактикалық ойындар ұйымдастыру арқылы балаларды өсімдіктерді атап, көкөністер мен жемістерді ажыратып айта білуге үйрету;

-қоршаған табиғаттың сұлулығын қабылдауға баулу;

-эстетикалық қабылдауларын, түрлі сенсорлық әсерлерін дамыту.


Тақырыпша

«Денсаулық»-3

Дене шынықтыру-3



Коммуникация-1

Сөйлеуді дамыту-0,5

Көркем әдебиет -0,5


Таным- 2

Сенсорика-0,5

Құрастыру-0,5

Жаратылыстану-1



Шығармашылық- 3

Сурет салу-1,

Мүсіндеу-0,25

Аппликация-0,25;

Музыка – 1,5


Әлеумет-0


Айналамыздағы өсімдіктер

1-апта


Дене шынықтыру

(негізгі қимылдар)

1.Бір қалыпты жүру.

Бір орында тұрып бірқалыпты секіру.

Қимылды ойын: «Ормандағы аю»
2.Бір қалыпты жүгіру.

Қар түйіршіктерін себетке лақтыру.



Қимылды ойын: «Себетке жина»
3. Еңіс тақтайдың үстімен еңбектеу.

Жиектері шектелген тура жолақпен жүру.



Қимылды ойын: «Кім жылдам?»

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Ғажайып қалта»

Мақсаты: Балаларды көкөністер, жемістер туралы түсінік бере отырып, олардың түсін, пішінін айта білуге үйрету. Дидактикалық ойын: «Көкөніс пен жемісті ажырат»

Сенсорика

Тақырыбы: «Түрлі – түсті шалғын»

Мақсаты: Әртүрлі заттарды өлшемі бойынша салыстыруды және оларды үлгідегідей орналастыруды үйрету.

Үстел-үсті ойыны: «Шалғынды құрастыр»
Жаратылыстану

Тақырыбы: «Өсімдіктер әлемі»

Мақсаты: Ағаштарды ажыратып, атай білуді қалыптастыру, өсімдік бөліктерімен таныстыру.

Дидактикалық ойын: «Бөліктерін ата»

Сурет салу

Тақырыбы: Шыршаның шамдары

Мақсаты: Таяқшаға оралған мақтамен сурет салуға үйрету. Әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.

Ойын жаттығу: «Шыршаны безендір»

Музыка

Тақырыбы: «Жасыл шырша»

Мақсаты: Ойын арқылы балалардың есту, сезіну, ән айту қабілетін қалыптастыру. Қатты және жай динамикада ән салып үйрену.

Ән тыңдау: «Арша» Б.Дәлденбаев

Ән айту: «Шыршамызға арнаймыз»

Е.Тиличеева

Әуенді ырғақты қимыл-ойын:

«Шыршамызды безендірейік»
Музыка

Тақырыбы: «Жасыл шырша»

Мақсаты: Ойын арқылы балалардың есту, сезіну, ән айту қабілетін қалыптастыру. Қатты және жай динамикада ән салып үйрену.

Ән тыңдау: «Арша» Б.Дәлденбаев

Ән айту: «Шыршамызға арнаймыз»

Е.Тиличеева

Әуенді ырғақты қимыл-ойын:

«Шыршамызды безендірейік»


Қоршаған ортаны тани білуге, оларға күтім жасауға үйрету.


Жануарлар әлемі
2-апта

Дене шынықтыру

(негізгі қимылдар)

1.Берілген бағыт бойынша аяқтың ұшымен жүру.

Алаңда шашырап жүгіру.

Қимылды ойын: «Түлкіні ұстап алайық»
2.Алға қарай ұмтыла затқа дейін екі аяқтап секіру.

Кедергілі жазықтың бетімен нысанаға дейін еңбектеу.



Қимылды ойын: «Ақ қоян»
3.Қар түйіршіктерін себетке лақтыру.

Еңіс тақтайдың үстімен жүру.



Қимылды ойын: «Қарды нысанаға лақтыру»

Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Түлкі мен қоян» (ертегі)

Мақсаты: Ертегінің мазмұнын түсінуге және кейіпкерлерді атай білуге үйрету.

Дидактикалық ойын: «Үйін тап»

Құрастыру

Тақырыбы: «Күшік»

Мақсаты: Илеу, жырту, жұмарланған қағаздардан құрастыру. (қағаздар)

Үстел-үсті ойыны: «Күшікке үйшік құрастыр»
Жаратылыстану

Тақырыбы: «Үй жануарлары және оның төлдері»

Мақсаты: Үй жануарлары мен оның төлдерімен таныстыру. Атауға үйрету.

Дидактикалық ойын: «Төлін тап»

Сурет салу

Тақырыбы: Қардағы іздер

Мақсаты: Парақ бетіне бояу жағу арқылы дақ түсіруге үйрету.

Дидактикалық ойын: «Іздерді ата»

Музыка

Тақырыбы: «Жануарлар әлемінде»

Мақсаты: Әндегі жеке сөздерді дауысты жылдамдатпай айтуды қалыптастыру. Ән-би мазмұнын қимылмен жеткізу.

Ән тыңдау: «Төлдер» Б.Ғизатов

Ән айту: «Төлдерді шақыру» Д.Ботбаев



Әуенді-ырғақты қимыл-ойын:

«Не қалай дыбыстайды?»



Аппликация Тақырыбы: «Жайлаудағы қошақандар»

Мақсаты: Үй жануарларымен таныстыру, қойлардың суретін «Жайлауға» орналастыруды үйрету. Дидактикалық ойын: «Түстерін ата»

Балаларды жануарларға деген сүйіспеншілікке баулу.


Құстар-біздің досымыз
3- апта

Дене шынықтыру

(негізгі қимылдар)

1.Шеңбер бойымен қолдарымен әртүрлі қалыптар жасай жүру.

Доптарды бір-біріне домалату.

Қимылды ойын: «Торғайлар мен машина»
2. Шағын топқа бөлініп, бағытты өзгертіп жүру.

20 см арақашықтықта орналасқан таспалардан аттап өту.



Қимылды ойын: «Жалаушаға дейін жет»
3. Орнынан ұзындыққа секіру.(20-25 см)

Бір және екі қолымен допты еденге ұру.



Қимылды ойын: «Көпірден өт»

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Ұшады-ұшпайды»

Мақсаты: Балаларға құстар туралы түсініктерін кеңейту олардың іс-әрекеттерін атай білуге үйрету.

Дидактикалық ойын: «Құсты ағашқа орналастыр»

Сенсорика
Тақырыбы: «Тауық және оның балапандары»

Мақсаты: Түсі әр түрлі заттарды көлемі бойынша орналастыру және түстерін атай білуге үйрету.

Үстел-үсті ойыны: «Балапан құрастыру»

Жаратылыстану

Тақырыбы: «Құстар»

Мақсаты: Құстарды ажыратып, атай білуге үйрету. (Торғай, қарға, көгершін)

Қимылды ойын: «Ұшты-ұшты»

Сурет салу

Тақырыбы: Құстар сайрайды

Мақсаты: Кеңістікті бағдарлай отырып үзік сызықтарды салу дағдыларын бекіту.

Лото ойын: «Топтастыр»

Музыка

Тақырыбы: «Құстар-біздің досымыз»

Мақсаты: Құстарға қамқор болуға тәрбиелеу. Шығарманың екі бөлімді формасының қимылдарын ауыстыру

Ән тыңдау: «Торғай» Қ.Қайым

Ән айту: «Кішкене торғай» А.Айтуова

Әуенді-ырғақты қимылды ойын:«Шөжелерім» Азербайжан халық әні

Музыка

Тақырыбы: «Құстар-біздің досымыз»

Мақсаты: Құстарға қамқор болуға тәрбиелеу. Шығарманың екі бөлімді формасының қимылдарын ауыстыру

Ән тыңдау: «Торғай» Қ.Қайым

Ән айту: «Ай-ай қысым-ай» А.Еспенбетова

Әуенді-ырғақты қимылды ойын:«Шөжелерім» Азербайжан халық әні


Құстарға деген қамқорлыққа тәрбиелеу.


Ғажайып қыс

4-апта


Дене шынықтыру

(негізгі қимылдар)

1.Еңіс тақтайдың үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру (ені 25 см, бір басы 15 см көтерілгенде ).

Допты екі қолмен төменнен лақтыру.

Қимылды ойын: «Қарды домалат»
2. Белгі бойынша шашырап жүгіру.

Арқанның астымен еңбектеу.



Қимылды ойын: «Аққалаға дейін еңбекте»
3. Түзу бағытта заттарды аттап өту.

Допты жоғары лақтыру.



Спорттық іс-шара:

«Шынықсаң шымыр боласың!»



Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Қыс» (өлең)

Мақсаты: Өлең жолдарына қызығушылықты, көтеріңкі көңіл күйді қалыптастыруға баулу. Іс-қимыл әрекеттердің атауы: қалтырайды, ағарады, қар, қыс, үлбіреген, аққала сөздерін қолдану арқылы сөздік қорларын молайту.

Дидактикалық ойын: «Сиқырлы қалта»

Құрастыру

Тақырыбы: «Шырша ойыншықтары»

Мақсаты: Қағазбен жұмыс жасауда умаждау әдісін жетілдіру, қағаздарды умаждау арқылы, домалақ пішінге келтіруге үйрету. Дидактикалық ойын: «Шыршаны безендіреміз»

Жаратылыстану

Тақырыбы: «Қыста құстарға қамқорлық жасайық»

Мақсаты: Балаларды қыстайтын құстармен таныстыру: торғай, сауысқан, қарға, шымшық, көгершін; олардың тіршілігіндегі ерекшеліктермен таныстыру .

Дидактикалық ойын: «Жемсалғыш»

Сурет салу

Тақырыбы: Жапалақтап қар жауды

Мақсаты: Қағазға саусақ арқылы қардың суретін салуға үйрету. Балалардың саусақ бұлшық еттерін дамыту.

Қимылды ойын: «Қар жинаймыз»
Музыка

Тақырыбы: «Қыс»

Мақсаты: Көңілді шат-шадыман музыка тыңдауға, естуге ынталандыру. Қимылдық ойын арқылы ән айту

Ән тыңдау: «Ақша қар» К.Қуатбаев

Ән айту: «Ай-ай қысым-ай» А.Еспенбетова



Әуенді-ырғақты қимыл-ойын:

«Аққаланы құрастыр»


Мүсіндеу

Тақырыбы: «Шыршаның ойыншықтары»

Мақсаты: Балаларды мүсіндеудің домалақтау әдісін үйрете отырып, ойыншықтар жасауға үйрету.

Ойын жаттығу: «Түстерін ата»

Өздеріне қызмет көрсету дағдыларын дамыту.

2018 жыл ақпан айы

Өтпелі тақырып: «БІЗДІ ҚОРШАҒАН ӘЛЕМ»
Мақсаты: Балалардың өздерін қоршаған орталары туралы түсініктерін кеңейту, танымдық әрекеттің қарапайым дағдыларын қалыптастыру

Міндеттері:

-қоршаған ортамен өзара әрекет етуге қажетті танымдық әрекеттің қарапайым дағдыларына ие бала тұлғасын дамыту;

- адамгершілік нормаларын, төзімділікті және адамдарға құрмет таныту сезімдерін жетілдіру;

- қызықты қимылды жаттығулар, сенсорлық ойындар ұйымдастыру арқылы түсініктерін кеңейту.


Тақырыпша

«Денсаулық»-3

Дене шынықтыру-3



Коммуникация-1

Сөйлеуді дамыту-0,5

Көркем әдебиет -0,5


Таным- 2

Сенсорика-0,5

Құрастыру-0,5

Жаратылыстану-1



Шығармашылық- 3

Сурет салу-1,

Мүсіндеу-0,25

Аппликация-0,25;

Музыка – 1,5


Әлеумет-0


Ғажайыптар әлемі
1-апта

Дене шынықтыру

(негізгі қимылдар)

1.Бөренелерден аттап жүру.

Бір орында тұрып бірқалыпты секіру.

Қимылды ойын: «Ғажайып кедергі» ойыны»
2.Орнынан ұзындыққа секіру(25-30 см)

Шеңберден шеңберге аттау.



Қимылды ойын: «Қоянша секір»

3.Қарлы төмпешікке өрмелеу. (ауданы 50*50см, биіктігі 10см мінбеге өрмелеу)



Қимылды ойын: «Мені қуып жет»

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Ғажайып қыс» Мақсаты: Өлі табиғат құбылысы қармен таныстыра отырып, қардың жұмсақ, түсі ақ, мұздай, ериді деген негізгі қасиеттерін айта білуге үйрету. Ойын жаттығу: «Аққала құрастыр»

Сенсорика

Тақырыбы: «Ғажайып күн шуағы»

Мақсаты:

Дайын үлгідегі дөңгелек пішіннің ішіне, көлеміне, түсіне сәйкес келетін пішіндерді орналастыру.



Үстел-үсті ойыны: «Сәйкесін тап»
Жаратылыстану

Тақырыбы:

«Сумен тәжірибе жүргізу»



Мақсаты: Судың мөлдір екенін, бірақ оның кез-келген түске бояуға немесе ластауға болатынын көрсету. Дидактикалық ойын: «Не өзгерді?»

Сурет салу

Тақырыбы: Ақ ұлпа қарлар

Мақсаты: Бояуды парақ бетіне сүйкей жағу тәсілі арқылы жіңішке сызықтар түсіре отырып, жауып тұрған ұлпа қардың бейнесін салуға үйрету.

Дидактикалық ойын: «Бұл не?»

Музыка

Тақырыбы: «Ғажайып сәт»

Мақсаты: Ертегі кейіпкерлерін кіргізу арқылы ғажайып сәт сыйлау.

Әуенге әсерлену.



Ән тыңдау: «Ертегі» Б.Жұмабекова

Ән айту: «Шар» Б.Дәлденбаев



Әуенді ырғақты қимыл-ойын:

«Күлдіргішпен билейміз»


Музыка

Тақырыбы: «Ғажайып сәт»

Мақсаты: Ертегі кейіпкерлерін кіргізу арқылы ғажайып сәт сыйлау.

Әуенге әсерлену. Әнді жеке және топпен айтуға машықтандыру.



Ән тыңдау: «Ертегі» Б.Жұмабекова

Ән айту: «Шар» Б. Дәлденбаев



Әуенді ырғақты қимыл-ойын:

«Күлдіргішпен билейміз»



Айналадағы болып жатқан маусымдық өзгерістерді бақылауға үйрету.


Көліктер
2-апта

Дене шынықтыру

(негізгі қимылдар)

1.Шашырап жүгіру. Еденде 10-20 см қашықтықта ( екі арқаннан тұратын жолақ арқылы) жатқан арқаннан секіру. Қимылды ойын: «Торғайлар мен машина»

2.Жол бойымен еңбектеу.

Ұсақ заттарды 1 м қашықтыққа лақтыру.



Қимылды ойын: «Паровоз»
3.Гимнастикалық орындық үстінде бір орында баяу айналу.

Секіртпеден секіру.



Қимылды ойын: «Кім жылдам?»

Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Поезд» (өлеңі)

Мақсаты: Өлеңді мұқият тыңдауға, мазмұнын түсінуге үйрету, балалардың поезд дыбысына еліктеп у- дыбысын созып, қимыл әрекеттерін жасап, айтуға үйрету. Қимылды ойын: «Поезд»

Құрастыру

Тақырыбы: «Трамвай»

Мақсаты: Құрылыс материалдарының бірнеше бөліктерін құрастырып жасауға үйрету. Олардың түсін, пішінін, көлемін ажырата алуға дағдыландыру.

Дидактикалық ойын: «Суреттің сыңарын тап»
Жаратылыстану

Тақырыбы: «Көліктер»

Мақсаты: Балаларға көліктер туралы білім беру, автобус көлігімен таныстыру. Үстел –үсті ойыны: «Гараж»

Сурет салу

Тақырыбы: Машинаның дөңгелектері

Мақсаты: Дәстүрден тыс тәсілді (тығын) қолдана отырып машина дөңгелегінің суретін салуға үйрету. Дидактикалық ойын: «Үлкен және кішкентай»

Музыка

Тақырыбы: «Көліктер»

Мақсаты: Музыкаға деген сезімдерін ояту, «бәсең» және «көтеріңкі» дыбыстарды айтуға дағдыландыру.

Ән тыңдау: «Поезд келеді» (Зерек ботақан» жинағынан)

Ән айту: «Асыл ана» А.Еспенбетова

Әуенді –ырғақты қимыл:

«Поезд сияқты кетеміз» (Зерек ботақан» жинағынан)


Аппликация

Тақырыбы: «Жеңіл машина»

Мақсаты: Көлік түрлерімен таныстыру, дайын пішіндерден жеңіл машина құрастыруды үйрету. Ойын жаттығу: «Машинаның дөңгелегін тап»

Қоғамдық көлік тердегі әдептілік.


Электроника әлемі

3- апта


Дене шынықтыру

(негізгі қимылдар)

1.Түзу және ирек жолдармен жүгіру. Жиектері шектелген тура жолақтың үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру.



Ойын-жаттығу: «Көреміз, қайталаймыз» (Экраннан көрсету және оны қайталау)

2.Түзу және ирек жолдармен жүгіру. Жиектері шектелген тура жолақтың үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру.



Музыкалық жаттығу: «Кірпілер билейді»

3.Шеңберден шеңберге аттау. Жүруден жүгіруге және керісінше ауысу.



Қимылды ойын: «Көлшіктен аттап өт»

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Телефон» (өлең) Корней Чуковский

Мақсаты: Кейіпкер бейнесін сомдауда, түсінікті сөйлеуде, мәнерлі дауыс ырғағы арқылы сөйлеуін дамыту. Электроника туралы түсініктерін кеңейту.

Дидактикалық ойын: «Телефон»

Сенсорика

Тақырыбы: «Ақылды Айша»

Мақсаты: Түрлі заттарды: түсі, пішіні, көлемі бойынша сенсорлық қасиеттерін айтуға үйрету.

Электронды дамытушы ойын: «Әдемі пішіндер»
Жаратылыстану

Тақырыбы: «Тап және ата»

Мақсаты: Балалардың үй тұрмысындағы заттарды, олардың қасиеттерін- қарапайым пішінін, көлемін танып атауға үйрету.

Үстел-үсті ойыны: «Топтастыр»

Сурет салу

Тақырыбы: Түрлі түсті сақиналар

Мақсаты: Қылқаламмен дөңгелек пішін салуға үйрету. Бояу түстерін ажырату дағдыларын қалыптастыру. Дидактикалық ойын: «Экраннан үлкен кіші сақиналарды көрсет»

Музыка

Тақырыбы: «Ғажайыптар әлемі»

Мақсаты: Музыканы тыңдай білуді, оларға тән ерекшеліктерді тани білуге қалыптастыру.

Ән тыңдау: «Фиксики» (мультфильм әуені)

Ән айту: «Асыл ана» А.Еспенбетова



Әуенді –ырғақты қимыл:

«Поезд сияқты кетеміз» (Зерек ботақан» жинағынан)


Музыка

Тақырыбы: «Ғажайыптар әлемі»

Мақсаты: Музыканы тыңдай білуді, оларға тән ерекшеліктерді тани білуге қалыптастыру.

Ән тыңдау: «Фиксики» (мультфильм әуені)

Ән айту: «Көп жаса анашым» Қ.Қайым



Әуенді –ырғақты қимыл:

«Поезд сияқты кетеміз» (Зерек ботақан» жинағынан)


Заттарды күтіп ұстауға үйрету.




Мамандықтың бәрі жақсы
4-апта

Дене шынықтыру

(негізгі қимылдар)

1.Бір бағытта шеңбер бойымен жұптасып жүру.

Доға астынан допты домалатып өту.

Қимылды ойын: «Доп шеңбер ішінде»
2.Допты алға домалату, қуып жету. Бір сызықтан қос аяқпен секіру.

Қимылды ойын: «Допты домалат»

3.Гимнастикалық орындық үстінде тұру, қолын жоғары көтеру және түсіру.



Скаймен музыкалық жаттығулар орындау

Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Дәрігер Айболит» (ертегі мультфильмін көрсету)

Мақсаты: Балаларды мейрімділікке, өзге адамдарға, жануарларға қамқорлық қатынасын білдіруге талаптандыруды жалғастыру.

Лото ойыны: «Топтастыр»

Құрастыру

Тақырыбы: «Машина»

Мақсаты: Балаларды құрылыс

матариалдарымен жұмыс жасауға олардың түсін пішінін көлемін ажыратуға үйрету.



Қимылды ойын: «Жүргізуші»


Жаратылыстану

Тақырыбы: «Дәрігер»

Мақсаты: Балаларға дәрігер мамандығының не үшін қажет екендігін түсіндіру. Дидактикалық ойын: «Не істеу керек?»

Сурет салу

Тақырыбы: Адамның бейнесін салу

Мақсаты: Балаларды құм бетіне дөңгелек, ұшбұрыш пішіндерді саусақпен салуды және өз жұмысының нәтижесіне қызығушылықпен қарауға үйрету.

Дидактикалық ойын: «Мынау не?»
Музыка

Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»

Мақсаты: Мамандық түрлері, қажеттілігі туралы әңгімелеу. Әуенге ілесе жеңіл би қимылдарын (тербелу, бір орында айналу) жасау.

Ән тыңдау: «Мен дәрігер боламын» Е.Өміров

Ән айту: «Көп жаса анашым» Қ.Қайым



Әуенді –ырғақты қимылды ойын: «Көңілді ырғақ» биі. (Итальян полькасы)
Мүсіндеу

Тақырыбы: «Ұшақ»

Мақсаты: Екі бөлік ермексаз кесектерін алақан арасында дөңгелектеу. Екінші бөлігін төртбұрыш, үшбұрыш бөлуге үйрету.

Ойын жаттығу: «Ұшақ құрастыр»

Үлкен дердің еңбегін бағалауға үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет