-достыққа, мейірімділікке жетелейтін іс-шаралар, ойындар т.б. өткізу;
Тақырыпша
|
«Денсаулық»-3
Дене шынықтыру-3
|
Коммуникация-1
Сөйлеуді дамыту-0,5
Көркем әдебиет -0,5
|
Таным- 2
Сенсорика-0,5
Құрастыру-0,5
Жаратылыстану-1
|
Шығармашылық- 3
Сурет салу-1,
Мүсіндеу-0,25
Аппликация-0,25;
Музыка – 1,5
|
Әлеумет-0
|
Достық-біздің тірегіміз
1-апта
|
Дене шынықтыру
(негізгі қимылдар)
1.30-40 секунд бойы үзіліссіз жүгіру.
Арқанның астымен нысанаға дейін төрттағандап еңбектеу.
Қимылды ойын: «Кім жылдам»
2.Еңіс тақтай үстімен жүру.
Гимнастикалық таяқшалардан аттап жүру.
Музыкалық жаттығу: «Достар жаттығуы»
3.Шеңбер бойында қолдарын әртүрлі қалыптармен қимылдар жасай жүру.
Ауданы 50х50см,биіктігі 10см мінбеге өрмелеу.
Қимылды ойын: «Досыңа допты домалат»
|
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Түлкі мен тырна» (орыс халық ертегісі)
Мақсаты: Балаларға саусақ театры арқылы ертегіге қызығушылықтарын бекіту.
Ойын тапсырма: «Құмыра мен тарелке құрастыр»
|
Сенсорика
Тақырыбы: «Ақпыз, қара, сарымыз»
Мақсаты: Түрлі түсті пирамидаларды құрастыру дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру және бекіту (қызыл, жасыл, көк, сары, күлгін, қара, ақ)
Дидактикалық ойын: «Пирамиданы жина»
Жаратылыстану
Тақырыбы: «Шуақты күннің сәулесі»
Мақсаты: Жер бетіндегі тіршілік үшін күннің сәулесінің қажеттілігі туралы түсініктерін бекіту, күннің сәулесіне қуана білуге баулу.
Қимылды ойын: «Күн мен түн»
|
Сурет салу
Тақырыбы: «Мерекелік отшашу»
Мақсаты: Негізгі түстерді бояуларды ала отырып қыл қаламмен қағаз бетіне сүйкеу әдісі арқылы сурет салуды бекіту.
Дидактикалық ойын: «Түстерді ата»
Музыка
Тақырыбы: «Біздер тату достармыз»
Мақсаты: Өзара достық, татулыққа тәрбиелеу. Ынтымақ мерекесі туралы түсінік беру.
Ән тыңдау: «Достық» И.Нүсіпбаев
Ән айту «Мамыр айы келіпті»
Әуенді ырғақты қимыл-ойын: «Кел, кел құрбым билейік!»
Музыка
Тақырыбы: «Біздер тату достармыз»
Мақсаты: Өзара достық, татулыққа тәрбиелеу. Ынтымақ мерекесі туралы түсінік беру.
Жаңа ән үйрену
Ән тыңдау: «Достық» И.Нүсіпбаев
Ән айту «Біз-көңілді қуыршақ» А.Еспенбетова
Әуенді ырғақты қимыл-ойын: «Кел, кел құрбым билейік!»
|
Ересектерді ынтамен тыңдай білу дағдыларын қалыптастыру.
|
Отан қорғаушылар
2-апта
|
Дене шынықтыру
(негізгі қимылдар
1.Орындық астымен еңбектеп өту.
0,5-1,5метр арақашықтықта отырған қалыпта доптарды бір-біріне домалату.
Қимылды ойын: «Нысанаға дәлде»
2.Гимнастикалық орындық үстінде қолдарын жанына жая жүріп өту.
Еден үстінде созылып жатқан арқан үстінде бір қырымен жүру.
Қимылды ойын: «Ұшақтар»
3.Кішкене қапшықты төбесіне қойып,тақтай үстімен жүру.
Доға астынан еңбектеп өту. Қимылды ойын: «Кішкентай мергендер»
|
Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Қайрымдылық» (әңгіме) Д.Далабеков
Мақсаты: Балаларды тыңдағандары, көргендері туралы айтып беру дағдыларын бекіту.
Ойын тапсырма: «Бізге кім келгенін тап»
|
Құрастыру
Тақырыбы: «Зымыран»
Мақсаты: Әртүрлі түстегі және пішіндегі тұратын құрылыс материалдарынан бірінің үстіне бірін қою, текшелерді үйлестіре құрастыруға бекіту.
Дидактикалық жаттығу: «Зымыран»
Жаратылыстану
Тақырыбы:
«Менің атам»
Мақсаты: Балаларды өздерінің отбасы мүшелерін атап айта білулерін бекіту.
Дидактикалық ойын: «Таны да, ата»
|
Сурет салу
Тақырыбы: «Жұлдызша»
Мақсаты: Балаларды дайын үлгідегі суретті қызыл түсті гуашпен бояуға, қылқаламды пайдалану дағдыларын бекіту.
Дидактикалық ойын:
«Бұл қандай пішін»
Музыка
Тақырыбы: «Ағалардай боламыз»
Мақсаты: Отан қорғаушылардың істерін үлгі ету. Ырғақпен нық басып жүруге, әуенді сезіне білуге баулу.
Ән тыңдау: «Ағалардай боламыз» Б.Жұмабекова
Ән айту «Біз-көңілді қуыршақ» А.Еспенбетова
Әуенді ырғақты қимыл-ойын:
«Көңілді марш» Ә. Бестібаев
Аппликация
Тақырыбы: «Түрлі түсті жалаушалар»
Мақсаты: Жалаушаларды түсіне қарай араластыра тізбектей білулерін бекіту.
Дидактикалық ойын: «Түстерді ата»
|
Айналасындағылармен қарым-қатынасты реттеу үшін, қажетті сөздерді қолдана білуге үйрету.
|
Көңілді жаз
3- апта
|
Дене шынықтыру
(негізгі қимылдар)
1.Құм салынған қапшықты жәшікке лақтыру.
Аласа орындық үстінде еңбектеу. Қимылды ойын: «Көбелекті ұста»
2. Бір және екі қолмен допты еденге ұру.
Таспалардан аттап өту. Қимылды ойын: «Менің көңілді добым»
3.Жүруден жүгіруге және керісінше ауысу.
Доптарды бір-біріне домалату. Қимылды ойын: «Көлшік судан атап өт»
|
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Жазда» (өлең) Нәсіпбек Айтов
Мақсаты: Жыл мезгілдері жайлы ойларын кеңейту, жайқалған жаз, жазғы қызықтар туралы түсінік бере отырып суреттерде бейнеленгендер туралы айтып беру дағдыларын бекіту.
Дидактикалық ойын: «Ғажайып қорап»
|
Сенсорика
Тақырыбы: «Көңілді балықшылар»
Мақсаты: Балаларды әртүрлі тәсілдермен судан затты алу дағдысын жаттықтыру.
Ойын жаттығу: «Балық аулау»
Жаратылыстану
Тақырыбы: «Алақай жаз келді»
Мақсаты: Жаз мезгілімен, табиғаттағы маусымдық өзгерістермен таныстыру (күннің көзі нұрын шашады, адамдардың киіміне назар аудару).
Дидактикалық ойын: «Шіркейлер»
|
Сурет салу
Тақырыбы: Балықтар жүзеді
Мақсаты: Аквариумды бояуда балаларды ересектермен бірге әрекет етуге (ересектердің салған суретін толықтыру) қызығушылықтарын бекіту.
Дидактикалық ойын: «Балықтардың түстерін ата»
Музыка
Тақырыбы: «Көңілді жаз»
Мақсаты: Би қимылдарын әуенге сай қозғалуды қадағалау. Ойын барысын тыңдап, белсене араласу.
Ән тыңдау: «Жаз келді, алақай» А.Айтуова
Ән айту: «Күн» Г.Әбдірахманова
Әуенді –ырғақты қимыл-ойын:
«Күн мен түн» қимылды ойын
Музыка
Тақырыбы: «Көңілді жаз»
Мақсаты: Би қимылдарын әуенге сай қозғалуды қадағалау. Ойын барысын тыңдап, белсене араласу. Көңілді орта қалыптастыру.
Ән тыңдау: «Жаз келді, алақай» А.Айтуова
Ән айту: «Күн» Г.Әбдірахманова
Әуенді –ырғақты қимыл-ойын:
«Күн мен түн» қимылды ойын
|
Күрделі емес тапсырмаларды өз беттерінше орындау дағдыларын қалыптастыру.
|
Мен жасай аламын
4-апта
|
Дене шынықтыру
(негізгі қимылдар)
1.Бір қалыпты жүру.
Ұсақ заттарды 1 м қашықтыққа лақтыру.
Қимылды ойын: «Мен дәл тигіземін»
2.Гимнастикалық орындық үстімен жүріп келіп,бір орнында баяу айналу.
Музыкалық жаттығу:
«Менен кейін қайтала»
3.Жол бойымен еңбектеу.
Гимнастикалық орындық үстінде тұру, қолын жоғары көтеру және түсу.
Спорттық іс-шара: «Біз спортшылармыз»
|
Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Әке мен бала» (әңгіме) Ыбырай Алтынсарин
Мақсаты: Шығарманы тыңдай білу дағдыларын бекіту. Үлкенді тыңдауға, өзіне берілген тапсырманы орындай білуге және шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Дидактикалық ойын: «Кім не істейді? »
|
Құрастыру
Тақырыбы:
«Мен шөп жинадым»
Мақсаты: Жұмырлау, жырту, умаждалған және жыртылған жасыд түсті қағаздардан құрастыру.
Дидактикалық ойын: «Нені қайда қоямыз?»
Жаратылыстану
Тақырыбы:
«Құмды зерттеймін»
Мақсаты: Балаларды құрғақ және дымқыл құммен таныстыру. Ерекше қасиеттерін атап айтқызу.
Дидактикалық ойын: «Құмнан бәліш жасаймын»
|
Сурет салу
Тақырыбы: «Доп саламын»
Мақсаты: Балаларға қарапайым дөңгелек пішінді саусақпен құмда салуды бекіту.Өз жұмысының нәтижесіне қызығушылықпен қарауға үйрету.
Ойын тапсырма: «Менің доптарымның түсін ата»
Музыка
Тақырыбы: «Ән саламыз, билейміз»
Мақсаты: Көпке ілесе қимылдау, екеуден айналу дағдыларын дамыту. Көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.
Ән тыңдау: «Биші болам өскенде» Б.Ғизатов
Ән айту: Жетекшінің таңдауы бойынша өткен әндерге шолу
Әуенді –ырғақты қимыл-ойын:
«Кел-балақан» К.Қуатбаев
Мүсіндеу
Тақырыбы: «Әтешке қоршау жасаймын»
Мақсаты: Домалақталған ермексазды екі алақанмен есу арқылы сопақшалап қоршауға, баған жасауға болатыны туралы білімдерін бекіту.
Дидактикалық ойын: «Түстерін ата»
|
Өзін –өзін ұстаудың нормаларын меңгерген және жағымды әдеттері қалыптасқан.
|