Бірінші лекция. Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі-ғылымы. Жоспары


Гимнастикалық залды құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үлгісі



бет40/57
Дата22.06.2023
өлшемі0,52 Mb.
#179083
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   57
Байланысты:
дене лекция сатып ал

Гимнастикалық залды құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үлгісі
Гимнастикалық жаттығулар мен ойын түрлері спорт залда немесе арнайы жабдықталған сынып бөлмелерінде өткізіледі, жабдықтау барысында құрал-жабдықтардың қойылу орнына ерекше көңіл аударылады.Гимнастикалық қабырға бөліктерінен бірнеше жасау керек және де терезеге қарама-қарсы орнату қажет.Гимнастикалық отырғыштар терезеге көлденең қойлады.
Секіруге арналған құралдар және шешілетін арқандар ,межеге лақтыруға арналған қалқан ,гимнастикалық төсеніш,секіруге арналған тіректер ,гимнастикалық және басқа да құрал-жабдықтар анықталған орындарға қойылады.
Терезелер қорғаныс торларымен ,электр шамдары темір тормен бекітіледі.
Гимнастикалық отырғыштардың саны төрттен аз болмау керек.
Арқандармен биіктікке секіретін құралдар залдың төбесіне мықтап бекітіледі.
Межеге лақтыруға арналған құралдар 4-6 болу қажет,қалқандары фанерадан ,картоннан жасалады.
Гимнастикалық қалқандар, керекті биіктікке гимнастикалық таяқшалар болуы, сонымен қатар 40-тан кем түспейтін қысқа және ұзын секіртпелер болуы керек.Орташа салмақты доптар 1-1,5кг, доптар саны -10.
Кіші салмақты доптардың саны -40-тан кем емес.
Мектепке гимнастикалық төсеніштердің саны 2-ден кем болмауы керек.
Шаңғы құралдары және оның сақталуы.
Көңілді пойыз” спорттық жарыс ойыны

Бұл жарыс топтар арасындағы дәстүрлі ұйымдастырылатын жарыс түрі , ойынды өткізу қатысушылардың санына, жоспар құрылысына өткізілетін орын жағдайына байланысты.


Ойынға бастауыш сынып оқушылары қатысады.Жарыстың ерекшелігі “аялдамадан” “аялдамаға ” дейін әр түрлі қимыл-қозғалыстарды тапсырма ретінде қабылдай отырып нәтижеге жету. Аялдаманың атауы орындалатын қимыл-қозғалыс ойынының мазмұнына байланысты.Жарыс созылмауы керек, әрбір аялдамада жаңа тапсырма ала отырып, барлық ойынға қатысушы тапсырманы бірден орындауы қажет.
Тапсырма түрлері қызықты жарыс және балалардың көңіл-күйін көтеретін және жас ерекшелігіне сәйкес келуі керек. Денеге салмақ түсіретін жаттығулар қарапайым жаттығулармен алмастырылып отырады. Ойын көгалда , футбол , баскетбол алаңдарында өткізіледі.Ойын барысында оқушылар ойынға қатысушы, әділ қазы, көмекші, төреші және педогогтың қызметін атқарады.Осы аталғандардың барлығы оқушылардың өз білімін көтеруде , шығармашылық деғгейде өз бетімен әрекет етуін қалыптастырады.
“Көңілді пойыз” ойыны алаңда ойналады.Пойыздың жүру бағыты жолаушылармен белгіленеді.Әр аялдамаға сәйкес көрсеткіш белгілері , аялдама атауы ,пойыздың тоқтау уақыты белгіленуі керек.Ойынға қажетті құрал-жабдықтар алдын ала дайындалады.“Көңілді пойыз”- жарыс ойынына жеті аялдама кіреді.Төрт доп қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет