Бірінші лекция. Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі-ғылымы. Жоспары


Он бірінші лекция: Бастауыш сыныптағы дене тәрбиесінен сабақ өтілетін орын және жабдықталуы



бет39/57
Дата22.06.2023
өлшемі0,52 Mb.
#179083
түріЛекция
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   57
Байланысты:
дене лекция сатып ал

Он бірінші лекция: Бастауыш сыныптағы дене тәрбиесінен сабақ өтілетін орын және жабдықталуы.
Жоспары:
1.Сабақ өткізілетін орын
2. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар
3.Спорт алаңы
4. “Көңілді пойыз” спорттық жарыс ойыны
Мақсаты: Бастауыш мектепте дене тәрбиесі пәні бойынша сабақтарды ұйымдастыруды меңгерту және сабақ құрылымын жасауды үйрету.


Мазмұны: Сабақ өткізілетін орын . Дене тәрбиесі жөнінен оқу жұмысын, сыныптан тыс жұмыстарды нәтижелі өткізу үшін мектептің материалдық базасы-мектеп, спорт алаңы, гимнастикалық зал бір-біріне сәйкес келуі қажет.
Спорт алаңы мектептен 40-50 метр қашықтықта орналасуы қажет.Спорт алаңының айналасы тегіс көгалдандырылуы қажет.Көгал шаңның болмауына ,сонымен қатар ауаның таза болуына көмектеседі.
Спорт алаңында :ұзындығы 60м , көлемі 5м жүгіру жолы ,ұзындыққа,биіктікке, секіретін орын, гимнастикалық жабдықталған орын , ойын,жаттығулар өткізілетін орынмен жабдықталу қажет.
Жүгіру жолы тегіс болуы қажет.Жүгіру жолы стандарттық талапқа сай жасалуы қажет.Жүгіру жолында отыз,қырық,елу метрлерге бөлу ,сөре аймақтары нақты белгіленеді.
Ұзындыққа секіретін орын.Ұзындыққа секіретін орын спорт алаңының көлеңкелі жеріне орналасуы қажет.Жаттығу орындау барысында балаларға көмектеспеу керек.
Орынды дайындаудағы жүгіретін жол-алаңның оңтүстік жағынан солтүстікке қарай орналасуы тиімді.Жолдың ұзындығы 25 метр, ені 1-1,5 метр.Секіретін шұңқырдың тереңдігі 40-50см,ұзындығы 6 метр, ал ені 3 метр болу қажет.Шұңқырдың іші топырақ аралас құммен толтырылады.Шұңқырдың шетінен 1 метр қашықтықта аяқпен итеріліп,жылжуға арналған тақтайдан белгі қойылады.Тақтайдың ұзындығы 125 см, ені 50 см.Тақтай ақ түске боялуы қажет.
Биіктікке секіретін орын.Биіктікке секіретін орынға қойылатын талап секіруші қолданатын тақтайшаны немесе жіпті жүгіретін жерден оқушыға көрінетіндей етіп қою керек.
Бұл жерде ұзындыққа секіретін шұңқырды пайдалануға болады.Биіктікке секіру үшін ең қажет құралдар-тіректер , секіргенде қолданылатын тақтайша.Жіп пен секіргенде пайдаланылатын тіректер бір-бірімен 3-4 метр қашықтықта орналастырылады, тіректердің биіктігі 150-160см.Тіректерде 40 см бастап қолданылатын тақтайшаларды орналастыру үшін тесіктер жасалынады. Секіру барысында секіріп түсетін шұңқырлар үнемі
қопарылып отырылуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет