Бірінші Lesson Study сабағы туралы Рефлексивтік есебі Тақырыбы; «Особенности произношения специфических русских сочетаний букв -ого-, его-, ци-,жи,ши, чт,чн»



бет2/3
Дата12.10.2020
өлшемі2,51 Mb.
#68341
1   2   3
Зерттеу гипотезасы:

Оқу үрдісінде СТО әдістерін қолдану сабақ мақсатына жетуге көмегін тигізеді



Зерттеу сұрағы:

«Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытуда СТО әдістерін қалай қолдануға болады?

«Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытуда топтық жұмысты қалай ппай» деген тақырыптағы әдістемені жетілдіруді мақсат етіп алдық. Бұл әдістемені алған мақсатымыз оқушылардың топтық жұмыстағы іс-әрекеттерін зерттеу және сол арқылы сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.

Бірінші Lesson Study-ды талқылау

Бірінші Lesson Study-ды талқылау барысында озат оқушы Қалқаман Салтанат, күткен үмітіміз ақталды. Оқушы сабақ материалын толық көлемде меңгеріп, өзін көшбасшы ретінде таныта білді. Орта деңгейдегі оқушы Махмут Бибінұрдың сөздік қоры аздау, бірақ тапсырмаларды толық көлемде меңгереді деп күткен едік, үмітіміз артығымен орындалды. Топтық жұмыс бұл оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығының артуына алып келді. Постер жасауда ерекше белсенділік танытты. Төмен деңгейдегі оқушы Наурызов Қуанышбек сабақ барысында аздап қысылып отырды. Осыған қарап дәстүрлі сабақтарда бұл оқушылардың назардан тыс қалып, оған жете көңіл бөлінбей келгендігі анықталды. Топпен бірлесе қимылдап, топ мүшелерінің бір-бірін жетектеп, қолдауының арқасында оқушы сабаққа өз үлесін қоса білді. Мысалы, топтардағы тестке жауап берер кезінде Қуанышбекпен бір топтағы Салтанаттың, «Сұрақтың жауабын Қуанышбек айтады» деп оқушыға қолдау білдіруі оның ынталануына ықпал етті. Жете көңіл бөлінген жағдайда оқушының сабаққа белсенді қатысуға мүмкіндігі бар екендігі анықталды.Ауызша айтылған айғақтар негізінде сын тұрғысынан ойлау тапсырмаларын орындауда топпен ақылдасу тапсырманы шешуде ерекше маңызға ие болды.Бұл кезеңде Оқушылардың нәтижесін жақсарту үшін Lesson Study –де шығармашылық жұмысқа көбірек көңіл бөлу, оқушылардың өзіне айтқызу, кез-келген ситуациядан өздігінен шығу, сабақта проблемалық сұрақтарды өмірмен байланыстыра отырып қою, топтар арасында бәсекелестікті арттыратын тапсырмалар беру, тапсырмаларды сын тұрғысынан ойлауға бағыттап беру деген мәселелер ескерілсін деген пікірлер айтылды. Бұл пікірлер екінші Lesson Study-де өткізілетін сабақ жоспарына енгізілді.



3 - cын

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

А

Cабақта белсенді жұмыс істейді. Өз ойын толық жеткізе біледі. Балалармен қарым-қатынасы жақсы. Лидерлік қабілеті жоғары. Мәтінмен жұмыс істегенде, негізгісін сұрыптай алады, жаңа тақырыпты түсіндіруде белсенділік көрсетеді. Тапсырманы түгелдей дұрыс орындайды.

Басқа оқушыларға топта ойын айтуға мүмкіндік бермеді, лидерлік қабілеті жоғары.

В

Cабақта белсенділігі орташа. Басқалардың ойын қабылдайды. Бірақ өзінің білімімен бөліскісі келмейді. Өзін қызықтырған сұрақтарға жауап табуда ізденеді.


Сұрақтарға бір сөзбен ғана жауап береді. Толық жауап жоқ. Көп ойланады.

С

Сабақта өз ойын айтуға ұмтылды. Дәптердегі тапсырманы орындады.

Бірақ тапсырманы толық орындап үлгермеді. Мұғалім қойған сұраққа толық жауап бере алмады. Сабаққа белсенділігі төмен

Ұсыныс: А,В,С оқушыларын бақылаған мұғалімдер осы шығармашылық тапсырмаларды балалар аса белсенділікпен орындағанын байқады. Сондықтан осындай тапсырмаларды көбірек дайындауды ұсынды. Сабақ төмендегі сұрақтар бойынша талданды.



Сұрақтар

1

Сабақты жоспарлағанда оқушылардың қандай ерекшеліктері ескерілді?

2

Сабақтың түрі қандай? Өткен сабақпен байланысы бар ма?

3

Сабақта қандай міндеттер алға қойылды?

А) білімділік

Ә) дамытушылық

Б) тәрбиелік; бұлардың арасында байланыс болды ма? Бұл міндеттерде сыныптың, жеке оқушылардың ерекшеліктері қалай алынды?



4

Аталған міндеттерді шешуде сабақтың бұл түрі неге тиімді болды?

5

Сабақ кезеңдерінің арасында байланыс

болды ма? Уақыт тиімді пайдаланылды ма?



6

Жаңа тақырыпты ашуда оқытудың әдіс – тәсілдерінде қандай үйлесім болды? Әдіс – тәсілдерді таңдау себептерін түсіндіру.

7

Оқушымен жеке жұмыс болды ма? Ол қалай ұйымдастырылды? Неліктен?

8

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары байқалды ма? (себебін түсіндіру)

9

Сынып бөлмесінде қандай оқу құрал - жабдықтары пайдаланылды? Неліктен?

10

Сабақ барысында оқушылардың арасындағы дұрыс психологиялық қарым – қатынас жасауына мұғалімнің тәрбиелік әсері қалай жүзеге асты.

11

Үй тапсырмасын беру

12

Қандай да бір жағдайда артық әдіс – тәсіліңіз бар ма?

13


Мұғалім көздеген мақсатына жетті ме?

Ұсыныс: А,В,С оқушыларын бақылаған мұғалімдер осы шығармашылық тапсырмаларды балалар аса белсенділікпен орындағанын байқады. Сондықтан осындай тапсырмаларды көбірек дайындауды ұсынды.


Каталог: uploads -> doc -> 09b8
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09b8 -> Білуі керек
09b8 -> Мектептер Lesson Study нәтижелерін жыл сайын жариялап отырады. Lesson Study мақсаты Оқушылардың оқу үдерісін терең бақылау. Мұғалімнің болжамы мен сабақ
09b8 -> Барлық оқушылар: Оқушылардың барлығы Тянь-Шань тауы туралы мәліметпен танысады. Оқушылардың басым көпшілігі
09b8 -> Сабақтың тақырыбы: Литосфералық тақталар туралы ұғым
09b8 -> Сабақтың атауы Біз осындай баламыз Мақсаты Күтілетін нәтиже


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет