1 7-слайд
Енді көмек беру жағын қарастырайық. Көмек әрдайым әлденені жеңілдетуге, мысалы, математикадан берілген тапсырманы орындауды жеңілдетуге бағытталған әрекетпен байланысты. Алайда, келесіні түсіну маңызды: көмек – ең алдымен қолғабыс ету, бала мен ата-ананың бірлесіп бір іс жасауы, ересек шешім табуға көмектеседі, ал бала істейді. Ал біз, ересектер, болсақ, көбінесе баланың ОРНЫНА істей саламыз, себебі, тезірек, жүйке азырақ жұқарады, т.б., мұндай жағдайда баланың өз-өзіне беретін бағасы төмендейді, ол сенімділігінен және ынтасынан айырылып, өзін жолы болмайтын бейбақ, берілген тапсырмаларды орындау қолынан келмейді деп ойлайды. Балада әлемді жағымсыз кейіпте қабылдау және «Менің орныма істей салады» деген арқа сүйеушілік ұстаным қалыптасады. Соның салдарынан қыңырлық, айла-шарғы қолдану, үй тапсырмасын әдейі кеш орындау, т.с.с. орын алады, сондықтан, балаға өзіне қажетті өмірлік дағдыларды өз бетінше меңгеруге мүмкіндік беріңіз, жай ғана қалай істеуге болатынын айтып отырыңыз және жаңа дағдыны меңгеруге көмек беріп отырыңыз. Бәрі жылдам және бірден бола салмайды, бірақ нәтижесін көресіз – бала күрделі тапсырмаларды өзі орындайтын болады. Ал оқу басталған уақытта ең маңыздысы – жаңа дағдыны қалыптастыруға көмектесу.
|
Достарыңызбен бөлісу: |