Бірінші сынып оқушыларын бейімдеу. Психологтың ата-аналармен кездесуі. Слайдтарға мәтін



бет13/17
Дата29.12.2021
өлшемі0,91 Mb.
#106042
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Адаптация 1-класс Каз ТЕКСТ к Слайдам

1 3-слайд

Мұғалімдермен ынтмақтастық орнатыңыз!



  • Баланың эмоциялық күйі туралы сұрап отырыңыз

  • Мұғалімнен кеңес сұраңыз

  • Үй тапсырмасын нақтылап сұрап алыңыз

  • Мұғалімге балаңыздың эмоциялық және психикалық дамуының және мінез-құлқының ерекшеліктерін айтып беріңіз

  • Көмек сұраңыз

  • Балалар мен ата-аналар арасындағы мәселелер мен дауларды міндетті түрде мұғалімді қатыстыра отырып шешіңіз


1 4-слайд

Қабылдау мен махаббат оратсы қалыптастыру өте маңызды.

Таң сәріден бастаңыз! Баланы асықпай оятыңыз, ояна сала ол сіздің күлімдеп тұрғаныңызды көруі және мейірімді даусыңызды естуі тиіс. Оны болмашы желеумен түртпектей бермеңіз, асықтырмаңыз! Одан да құшақтаңыз, сүйіңіз!

Балаңыздың бойындағы оқушы атану ұмтылысына дем беріп отырыңыз. Оның мектептегі жағдайына сіздің шынайы қызығушылық білдіруіңіз, оның алғашқы жетістіктеріне және туындауы ықтимал қиындықтарына барынша байыппен қарауыңыз бірінші сыныпқа барған балаңызға өзінің жаңа орнының қаншалықты маңызды екенін сезінуге көмектеседі.

Балаңыз мектепке ОҚУ үшін барды! Адам оқығанда, қолынан бәрі бірдей келе бермеуі мүмкін, бұл – ҚАЛЫПТЫ жағдай. Баланың қателесуге құқығы бар.

Бірінші сыныпқа барған балаңыздың бойындағы табысқа жетуге деген құлшынысын демеп отырыңыз. Әрбір жұмысында міндетті түрде мақтау айтуға болатын тұстар тауып отырыңыз. Есіңізде болсын, мақтау мен эмоциялық қолдау («Жарайсың!», «Сондай жақсы жасадың!») адамның зияткерлік жетістіктерін айтарлықтай арттыра алады.

Баланы мектепгі жағдайы туралы айтуға жігерлендіріңіз. Міндетті түрде балаңыздан сыныптастары, сыныптағы жағдайы, пәндер, педагогтар туралы сұрастырыңыз. Бірақ мектептен келе сала мыңдаған сұрақ жаудырмаңыз, бойын босаңсытуға мүмкіндік беріңіз (ауыр жұмыс күнінен кейін өзіңізді қалай сезінетіңізді еске түсіріңіз).

Баланың өмірінде ата-анасынан да беделді адам пайда болды. Ол – мұғалім. Оқушының педагог туралы пікірін сыйлаңыз.

Баламен сабырлы сөйлесіңіз, қолдау білдіріңіз («Қолыңнан бәрі келеді!», «Бірге шешімін тауып көрейік!»).

Тіпті «өсіп кеткен ересек» балалардың өзі (біз оларға «Сен енді үлкенсің» деп жиі айтамыз) ұйықтар алдында ертегі, ән тыңдағанды, мейіріммен аймалағанды жақсы көреді. Осының бәрі тыныштандырады, күні бойы жиналған ширығудан арылуға көмектеседі.

Өткен күнді болған оқиғаларды және сезімдерді талқылаумен тамамдаңыз.

Баланы үйдегі дау-жанжалға араластырмаңыз, өз мүдделеріңізге қол жеткізу үшін баланы пайдаланбаңыз.

Соның бәрін көтеру үшін ол әлі тым кішкентай.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет