Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің жобасын қоғам арасында талқылауға арналған КӨмекші қҰрал



бет1/2
Дата11.12.2021
өлшемі236,99 Kb.
#79011
  1   2
Байланысты:
4 (11). Komekshi qural
Әлем музыка жаңа 3, през по биомат

Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің жобасын қоғам арасында талқылауға арналған

КӨМЕКШІ ҚҰРАЛ

2018 жыл


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

Жалпыхалықтық диктант

  • Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 637 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 27 өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес республика бойынша жалпыхалықтық диктант (бұдан әрі – Диктант) өткізіледі.
  • Мақсаты: латыннегізді қазақ тілі әліпбиінің, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, нақтылай түсу, өзін-өзі бағалау, бейімделу.
  • Диктантты сканерлеу немесе фотоға түсіру арқылы tilalemi.kz@gmail.com электрондық поштаға жолдауы қажет. Сондай-ақ диктант аяқталған соң аталған сайтта диктанттың дұрыс нұсқасы мен диктантты бағалау өлшемшарттары шығады. Әрбір пайдаланушы жұмысын дұрыс нұсқамен салыстыра отырып, өлшемшарттарға сәйкес өзін-өзі бағалайды.
  • Диктант бір күнде, бір мезетте (бір уақытта) жазылады. Диктант жазу туралы алдын ала ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі. Бекітілген диктант мәтіні (80-90 сөз) аудиожазбалар арқылы таратылады. Ұзақтығы 30 минутқа созылады.
  • Бағалау өлшемшарттары белгіленеді. Диктант жазу арнайы белгіленген орындарда жүргізіледі. Дидактикалық материал (Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі, арнайы парақтар) таратылады.
  • Әр өңірден тікелей репортаждар ұйымдастырылады, хабарлар республикалық телеарналар арқылы беріледі.

Диктант мәтіні аудиоқұрылғыдан үш рет дыбысталады. Дыбысталу жылдамдығы тіл меңгеру деңгейінің талабына сай. Мәтінді бірінші рет оқығанда мұқият тыңдаңыз, екінші рет оқығанда жазыңыз, үшінші рет оқығанда өзіңіз орындаған жұмыстың орфографиялық дұрыстығын, аутенттілігін тексеріңіз. Әрбір дыбысталу аралығында үзіліс болады. Үзіліс ойды жинақтап, назарды келесі тапсырмаға бағыттау үшін беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет