4 -слайд
Мектеп оқуды бастаған баланың алдына оның тәжірибесімен еш байланысы жоқ көптеген міндеттер қояды, осылайша, мысалы, балалар өз мінез-құлқын өз бетінше реттеу және оқу барысын ұйымдастыру дағдыларын меңгермеген, оларға үйден мектепке, мектептен үйге жету, сөмкесін жинау, үй тапсырмасы берілгенін есте сақтау және орындау, өзінің сыртқы келбетіне күтім көрсету, т.б. дағдыларды игеруге тура келеді, сондықтан, ата-аналарға баланың сол қажетті дағдыларды үйренуіне және қалыптастыруына септесуі маңызды. Ең дұрысы, дербестікке көшуді мектепке барудың алдында бастау керек: мектеп кестесіне ұқсас күн тәртібіне көшу, өз заттарына өзі қарауға және қонаққа немесе көшеге өз бетінше жиналып шығуға мүмкіндік беру. Бұл балаларға жаңа жағдайға жылдамырақ және оңайырақ бейімделуге мүмкіндік береді. Егер осылай істемесеңіз, осы жолды баламен бірге жүріп өту керек. Бірізділік ережесін сақтаңыз және шыдамды болыңыз: жаңа тәжірибе жинау жылдам іс емес, тәжірибе жинау барысында қателіктер жасалады, ондай қателіктер үшін жазалауға мүлдем болмайды. Одан да өзіңіз үлгі көрсете отырып және түсіндіре отырып, балама жолдар таңдаған жөн.
Оған қоса мектеп баланы мектепке дейінгі балалық шақтағы сондай үйреншікті физикалық белсенділіктен жаңа, күрделі, ерік-жігерді талап ететін зияткерлік белсенділікке бағдарлайды. Осының барлығы ширығуды және қажуды тудырады. Сондықтан, ата-аналарға оқудың алғашқы апталарында физикалық және зияткерлік белсенділік арасында тепе-теңдік орнату, қыдыру, жүгіру, белсенді іс-әрекеттермен немесе спортмен айналысу мүмкіндігін беру жолдарын ойластыру керек. Бұл істе де асыра сілтемеу маңызды – баланы мұқият бақылаңыз, шаршау мен қажудың алғашқы белгілері көріне сала жайбарақат демалыс пен ұйқы көлемін ұлғайтыңыз, толыққанды демалыспен қамтамасыз етіңіз, үй тапсырмасын орындауға ойын элементтерін енгізе отырып, оңай үйрену әдістеріне баулыңыз. Бала бірден тәуелсіз бола кетеді және қолына бәрі келеді деп күтпеңіз, бала үшін бұл міндетті орындау мүмкін емес. Есіңізде болсын – ол ерік-жігер функцияларын және дербестікті қалыптастырудың күрделік сатысынан өтіп жатыр, сондықтан, оғаа қолдау көрсету керек.
|