Егер баланың нәрестелік кезеңі қолайсыз өткенін, созылмалы сырқаттары, кіші жаста алған жарақаттары бар екенін білсеңіз, бейімделу ұзаққа созылуы және қиындауы ықтимал
Егер баланың нәрестелік кезеңі қолайсыз өткенін, созылмалы сырқаттары, кіші жаста алған жарақаттары бар екенін білсеңіз, бейімделу ұзаққа созылуы және қиындауы ықтимал.
Қазір өте жиі көрініс беретінжәне жаңа ортаға түсудің, жаңа функцияларды меңгерудің нәтижесі болуы мүмкін немесе баланың тұрақты серігі болуы мүмкін жүйке-психикалық бұзылыстарға ерекше көңіл бөлу керек. Бірінші жағдайда жүйке-психикалық бұзылыстар өткінші сипатқа ие, ал олардың көрініс беру деңгейі нормадан ауытқу кезіндегідей күшті емес. Мұндай симптомдар ата-анадан және өзге маңызды ересектерден қолдау алған жағдайда 1-2 айда жоқ болады.
Егер баланың бойынан келесілерді байқасаңыз:
баланың бойындағы үлкен қорқынышпен байланысты байбалам салу және стрессті күйлер: тақтаның алдындау жауап беруден, жаңа адамдармен сөйлесуден қатты қорқады;
қиындықтарға, соның ішінде, оқудағы қиындықтарға байланысты шектен тыс ашушаңдық, ұдайы шағымдану және оқыс эмоциялық реакциялар күйінде өтетін невроздар мен есіріктер; немесе аффективтік патологиялық реакциялар – бала әдеттегі тысқары тітіркендіргіштерге шектен тыс ашу шақырады немесе жылайды. Мысалы, бала кез-келген болмашы қиындықтарға (қаламын түсіріп алды, дәретханаға барғысы келді, сыныптасынан сұрағанын ала алмады) жылайды немесе ашуланады (төбелеседі);
ұйқысыздық немесе айкезбелік, сонымен қатар, дәрігерлік зерттеулермен расталған гипербелсенділік;
ойлау, есте сақтау, қабылдау, сөйлеу және басқа да психикалық функциялар жетіліп үлгермейтін және толыққанды әрекет етпейтін психикалық даму бөгелісі. Бала кеше, оның алдыңғы күні сабақта не өткенін ұмытып қалады; мәні бойынша оқиғаларды өзара байланыстыра алмайды, әңгімесі тосын, шатасқан, құрылымы жоқ;
немесе өзіндік симптоматикасы бар аурулар: параноидалды патологиялар, сананың шатасуы, шизофрения, эпилепсия және т.б.,
онда балаңызға бейімделу және жаңа ортаға ену кезінде тек ерекше көңіл бөлу ғана емес, психологтар, психиатрлар, невропатологтар сынды мамандардың консультациясы керек.