Сөздер:уақыт,нан,аспан,өсімдік,қар, май,ағаш,көрпе ,киім,дала осы сияқты бірнеше варианттағы тапсырмалар жасап алу керек.
Сөздер:уақыт,нан,аспан,өсімдік,қар, май,ағаш,көрпе ,киім,дала 27 «10 сан» әдістемесі Мақсаты:Баланың қарапайым математикалық білімін тексеру.
Әдістемені сандар ойыны ретінде ұйымдастыруға болады.
Тапсырмалар: Келесі сандар қалай аталады: бірнеше бірлік сандар айтылады: (2,7,6)
5,7 сандарына көрші сандарды ата.Олар неге көрші сандар деп айтылады?
Аталған саннан үлкен немесе кіші санды қалай шығаруға болады?
Санамақ қандай саннан басталады?
Бағалау шкаласы : -8-10 сұраққа жауап берсе -жоғары деп бағаланады.
-3- 7 сұраққа жауап берсе -орта деп бағаланады.
-1 -4-сұраққа жауап берсе- төмен деп бағаланады.
28
А.З. Зак ұсынған «Оқушылардың ойлау қабілетінің даму деңгейін анықтау» әдістемесі. Мақсаты: 4 сынып оқушылардың логикалық ойлауының және интеллектуалдық қабілетінің даму деңгейін анықтап, оларды дамыту. Бұл әдістеме екі тапсырмадан тұрады. Біріншісі «Анаграммалар», ал екіншісі «22 есеп» деп аталады. Оларды ретімен орындату нәтижесінде баланың абстракциялық ойлауының орын алуы, шешу жолын білмейтін мәселелерді орындауға қабылдауы, теориялық интеллектінің көрініс бере бастағаны зерттелінеді.
1-тапсырма «Анаграммалар» әдістемесі. Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының ойлау процестерінің даму деңгейін анықтау және олардың интеллектуалдық қабілетін дамыту.