Бірінші тарау



бет21/24
Дата05.02.2022
өлшемі2,59 Mb.
#1789
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Патша әмірі күшті деп
Еш уақытта налықпан”
Мақамбет


Мақамбет – күрескер

1838ж. 12 шілдеде көтеріліс басшысы қаза болғасын, ол сәтсіздік қалғандарға үлкен әсер етеді. Жазалаушы отрядтар жан-жақтан “Көкпекті” даласына қарай бет алғаны естіліп шаруалар арасында жанұясы, малы туралы қауіп ұлғайып, тарай береді. Ауылдар бытырап көшеді. Мақамбеттің бұл кезде қайда болғаны, не істегені бимәлім. Күзде Қаразымның Хиуа қаласында болып Қаразым шаһы Аллақұл мен кездеседі. 1839ж. қаңтарында сұлтан Аспандияр Сүйеугалинге қарауындағы би-старшынның біреуі опасыздық жасап Мақамбеттің Балбай, Нәдірқұл, Сали, Жармұқамбет Жамантай деген батырларға жазған хатын тапсырады. Ол хатта батыр әлі күресті жалғастырып жүргені көрінеді. 1839ж. басында көтерілісішлер әр жерде топ болып жүрген. Мақамбетті ұстау үшін Төменгі Жайық дистанциясының бастығы Әбіл Табылдин деген сұлтанды Жем, Сағыз өзендері жағына жібереді. Сол жердегі Мыңжасаров (Ноғай) бастаған көтерілісшілер 150 адам сұлтанды ұстап алады. Тек ауыл кісілерінің ара түсуінен сұлтан өлмей қалады. Бұндай қарсылықтар әр жерде болған. ( :258) 1839ж. қыркүйекте Мақамбет Шошқа көл, Ақбұлақта жүр деген мәлімет әскери линияға түседі. Ақбұлақ бекінісінің командирі баяғы Геке бұны естіп, командамен барса, Мақамбет кеше кетіп қалыпты. Іздеген мен табылмады. Қашып жүрсе де батыр шаруаларға дем беріп, рухын көтеріп, өлеңін айтып, күйін тартып жүрген.


Аллакүлден жорыққа әскер шығаратыны жазылған. Еске сала кетейік Орынборға келісімен Перовский Қаразым елін басып алуға дайындық бастап, азық-түлік, солдаттарға қазақтан жиылған жабағы жүннен бешпет, т.б. жылы киім, он бір мың түйе айдаушысымен т.б. әзірледі. Бұл сөз жоқ Қаразым мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты ушықтырып жібереді. Империядан тепеш көргендер хиуаға қаша берген. Аллақұл отарлаушыға қарсы күш көрсетпек болды ма мүмкін барлау ретінде қимыл жасамақшы болуы. Дегенмен өзі “ұрынуға қара таба алмай жүрген” империяға Қаразым “қолына сылтау” бермеді, жорықтан бас тартты. ( :105) Ресей өзі жорыққа жиналып жатқан. ( :66) 1839ж. күзде Геке Мақамбетті іздеп ұстай алмаған. Қаразымның жалпы жағдайын білу үшін барлаушылар жібермек болды, бірақ оған ешкім бармады. Жол ауыр, әрі қауіпті еді. Орынбор Баймағанбет сұлтан арқылы көтеріліске қатысып, жасырын жүргенді шақырады. Кешірім жасалады, - депті. Иманбай Қалдыбаев, Үбі, Усин, Қасен Өтемісов т.б. Баймағанбеттен тапсырма алып, Хиуа қаласына кетіпті. Мақамбетті де шақырған екен, тіпті бір тойда ма сұлтанмен кездесіпті, бірақ бармапты. Өз бетімен Қиуаға барған. 1839ж. күзде Мақамбет Борсық құмының маңында Бұқар қаласына бара жатқан инеженр-геолог Е.П.Ковалевскийге өзі 2 жолдасымен жолым үйге барады, бірталай әңгімелеседі. Ковалевский әрі тіл маманы, Мақамбеттің орысша ділмар екенін, сол кездегі жағдайды жақсы түсінетінін, Орынбордағы чиновниктердің бірталайын танытатынын кітабында жазыпты. (4:61) Сол күні Мақамбетті жолбасшы етіп экспедицияға қосып алады. Бірақ жолай Мақамбетті алға барлауға жібереді, қайтып келсе экспедция басқа жолмен кетіпті. “Біз – дейді Ковалевский, - Борсық құмындағы бір ауылда болған кезімізде өз халқының ішінде өте тамаша киргизды (қазақты) кездестірдік, ол аз уақыттың ішінде өзінің ақылдылығында, батылдығын, шешендігінде танытты”, - деп жазған ( :81) Мақамбет экспедиция мүшелеріне өз басынан өткен жағдайдың шынын қазіргі мүшкіл хәлін, 4-5 жылдан бері үй-күйсіз, жанұясын жоғалтып алып, ел кезіп жүргенін, ішкі ордаға әзір бара алмайтынын айтады?
Жолы болмаған батыр 1839ж. желтқсан айында жасырынып ішкі тарапқа барады. Ел жағдайын біледі. Бірақ жанашыр азаматтар оған тез кет, біреу ұстап берер, ең болмаса сен тірі жүр, заман өне бойы бұлай болмас – депті –мыс дейді кәриялар. Айтқанындай Жәңгір ханға біреу Мақамбет осында жүр, - деп жеткізіпті. Хан дабыл қағып, Орынборға қабарлап, өзі Балқы Құдайбергенов пен Меңдігерей Бөкеевті т.б. тапсырма береді. Олар Жайыққа жақын ауылдарды барлап, батырды таба алмаған. Жәңгір Орынбор басшыларына елге әскери команда шығарып, батырды тауып ұстауды өтінеді. Губернатор Баймағанбет сұлтанға батырды іздестіруді жүктейді. Бұлар қанша тіміскілегенмен Мақамбет “ізін суытып” таптырмай кетеді. Бұдан кейін Мақамбет 1840ж. жазда Жем өзені жағында “Аққұм” деген қоныста деген мәлімет түседі. Осы жылы желтоқсан айында Мақамбет Ішкі тарапқа тағы келеді. Жолдастарын, туысқандарын, жанұясын іздейді. Ақын “Адыра қалған Нарында” деп аталған өлең шумағында өзінің көңіл күйін былай білдіреді.
“…Алақандай Нарында,
Ата менен ана бар.
Іні менен аға бар.
Қарындас халқым көп қалды-ау,
Қатын менен бала бар,
Жалғыз ұлым Мақмұт
Бекетай құмның ішінде
Жалғыз қалған олда бар”, - деген. Тағы да жанұясын
жолдастарын іздеген. Таба алмаған. Батырдың Нарынға жасырын келіп жүргені тағы хан, сұлтандарға белгілі болады. Сол кезде Шыбынтай ұрпағыда басқа себеппен тағы абақтыға ОКӘ-рі қамап, тергеп жатқан, ал олардың көп малы далада иесіз, бағусыз қалғаны жөнінде мәлімет бар. Батыр туыстарымен байланыса алмаған болар. Жәңгір хан Мақамбетті тірсектеуін қоймай, оны қалайда ұстатпақ болып, 1840ж. 20 желтоқсанда губернаторға арнайы хат жазып, Мақамбет Горская бекінісінен 70 шақырым жердегі “Қаракөл” деген (хате, Қаракөл Калмыков тұсында 50 км шамасы, барып көрдік. И.К.) мекенде деп мәлімдеген. Ол кезде бұл көл ұзындығы 7-8 км-дей, көбіне кедейлер (беріштер) тұрады, жылқы аз екен. Ішкі тараптан көп адам болған. Хан Мақамбетті кедейлер үшін Нарыннан жылқы ұрлайды деп, қашқындарды да осы көлдегілер паналатып, жасырады деп жазған. (6:1). Батыр Ішкі тарапқа келіп, Тана руының бір биі Жақып Құлсариннің 8 жылқысн және біреудің 25 жылқысын ұрлады – деп тағы жала жабады. Губернатор амалы жоқ шара қолдануға тиіс, әйтпесе хан патшаға шағым етуі мүмкін. Ол ОКӘ-ң атаманына, ОШК-на, Баймағанбетке, дистанция бастықтарына батырды іздеп ұстау жөнінде бұйрық береді. Әсіресе сұлтандар белсенді кіріседі. Сұлтандар А.Сүйеугалин, М.Тәукин, ОразақовТ. Жайық өзені бойын шарлап, тіміскілеп іздейді. Сұлтандар тыным таппайды. Сұлтан А.Сүйеуғалин Қаракөлде де болып, астыртын іздеу салады. Бірақ Мақамбеттіде, бейсауат кісіні де таба алмаған. Хан өтірік жазған болды. Мақамбет жылқы ұрлады дегені ханның кәдуілгі жалақорлығы, кешікпей нағыз ұрыны тауыпты. (7:10) Төменгі Жайық дистанциясының мәлімдеуінше Мақамбет осы жолы Нарын жағында бір ай болыпты да, кері оралыпты. Сонда да жергілікті патша әкімшілігі ел ішіне тыңшыларды көбейтеді де батырды тынбастан іздеген. Ақыры Жайықтағы 1-дистанцияның бастығы М.Өзбекқалиев сұлтан 1841ж. наурзыда Гурьев қамалының командиріне Мақамбеттің Сары, Тәни, Иман деген жолдастарымен “Дуан” деген қоныста жатыр деп хабарлайды. Гурьевтен 6 наурызда 1 офицер бастаған 40 солдат, сұлтан М.Өзбекқалиев 9 адамымен шығып Жем өзеніне қарай жүріп, Дуанға барса, Мақамбет болмайды, көрші ауылдадепті. Келесі ауылға барып, Даду, Тілекеш үйлерінен батырды табады. Мақамбет тек өзі екен. Үйге Ведерников, Хохлов деген казактар мылтығын кезеніп кіреді, бірақ Мақамбет қаруы жоқ болса да берілмей, беліндегі қынымен қорғанады, Хохловты жарақаттайды. Алайда сырттағы казактар келіп, батырды ұстайды. Онымен бірге Даду, Тәкіш Тілекейұлдарын қосып байлап әкетеді. Содан батырды Гурьевке апарып қамап, сосын Теке қалысының түрмесіне қамаған. Сонда абақты полицмейстірі батырдың бойын өлшеп, сақал, мұрты барын хаттаған. Жаңылмаса, жасы 37-де, мұрты, шашы сақалы, қара, қой көзді, бойы 2 аршын, 5 4/3 вершок, беті таза, қараторы – деген. (8:19). Сол күні батырды жөнелткен. Орынборда оны әкесі жатқан Ордонанс-Гаузге қамаған. Губернатор ісін әскери сотқа жолдаған. Тексеру барысында өзіне тағылған айыпты жоққа шығарады, хан Ресей заңын бұзып келгенін т.б. айтады. Бұған қоса өзі Ресей азаматтарымен дұрыс қатынаста болғанын, тіпті орыс офицерлерімен қызметкерлеріне реті келгенде барынша көмектескенін бетке ұстайды. Қайта, 1838ж. Мақамбет ОШК қызметкері М.Айтовты қырда ұстап, қинағанда ара түсіп қамаудан босатқанын, Д.Көтібаров тұтқынындағы хорунжий Шустиков бастаған 5 солдатты босатқанын, Бұқар хандығына бара жатқан инженер-геолог, майор Е.Ковалевскийдің жолдастарын, өзін қарақшылар шапқынынан құтылуына көмектескенін т.б. фактыларды көлденең тартады. Мақамбет сөз таппасын ба? Тергеуші Мақамбеттің шешендігіне, тапқырлығына, жасқанбай батыл сөйлескеніне таң қалып, әдеттегі қатыгез шешімге бара алмаған. Бұл жәй губернаторғада жетіп, қалың ойға қалыпта-мыс. ОШК-ң қызметкері М.Аитов жауабында Мақамбеттің айтқанының көбін растап, оған қоса 1839ж. Айтов қырда жүргенде аса бір қиын жағдайда батырдың оған көмектескенін қоса айтады. (9:10) Батырдың өзі 1839ж. қуғанда жасырынып жүріп басқаға жаны ашып, қол үшін беруде оның адамгершілігінің жоғары, түсінігі мол екенін көрсетсе керек. Айтовта соған тұрарлық кісі, тарихи документтерде оның қазаққа жаны ашитыны байқалады. Сол жолы башқұрт Айтовпен батыр бірталай сөйлесті деген аңыз бар. Губернатор ойы белгісіз бірақ тәжірибелі сановник Мақамбеттің қазақ ішінен шыққан 4 тілге де батыл қимылғада шебер әрі аса беделді кісі екеніне көзі жетіп, “бір керегіме жарар” – деп қатал жаза қолданбайды. 1841ж. 24-маусымда Перовский Мақамбетті “ит жеккенге”, не каторгаға жібермей, Кіші жүздің төріне, оның Орта бөлімінің сұлтан-билеушісі Жантөриннің қарамағында тұруға жер аударады. (10:11) Сөйтіп, батыр қазіргі Ақтөбе облысының оңтүстігіндегі Атай, Матай деген екі құмға барады. Қалаға келуге тиым салады. Нұралы хан тұқымы батырға қамқорлық жасай қоймаған, иесіз маң далаға апарып тастаған. Астына біреу кәрі ат берген. Батырдың “Құсалық пен өтті ғой, Мақамбеттің көп күні” дегені осы жерде жалғасады. Бұнда шығармашылық қабілеті де көрінеді. Ақын: Атайда, Матай екі құм
Шауып келсем басыңа,
Көзім түсер елім жоқ.
Елім, Күнім кәрібоз
Сөйлесетін маған тілің жоқ.
Қатқылда жатқан ақ киік,
Атып алып етін жеп,
Ішіп қандым сорпасын.
Күндердің күні болғанда,
Басымда тарлық тұрғанда,
Сары балдан тіпті кемін, - депті.
1841-1843 ж.ж. шамасы Мақамбет осы өңірде жалғыз жүреді. Бұны естіген Жұмыр, Қылыш деген Байбақты руының ауыл билері батырды іздеп келеді. Мақамбет бұлармен 1838ж. көтеріліс кезінде бірге болған, әлі сол рухынан қайтпаған екен. Ер жігіт діңіне берік болсын”, - деп Мақамбет қайтпас, қайсар жігіттерге риза болып, айтса керек. Мақамбет бұларға арнап, жұмыр, қылыш деген тамаша күйін шығарады, Атайда, Матай екі құм” деп басталатын толғауын айтады. Бұл азаматтар ақын, күйші шығармаларын елге жайып, Мақамбеттің өрен даңқы талай қырды асып, Кіші жүзге тарайды.
Мақамбет осы кезде: “…Ен қабылан жөнелтіп,
Елсізде қаңғып қалған шақ,
Кім айтады бізді мұңсыз”, - деп бұрынғы жолдастарын жоқтайды. Осы кезде “Уа, күндер-ай” деп басталатын толғауыда айтылған. Бұнда да Баймағанбет сұлтанға айтқанында көтеріліс туралы кей тарихи оқиғаларды әдемі суреттейді. Өз басының мұңын әлеуметтік жағдайды әшкерлеп, бұқара үшін істеген еңбегінің бос кеткеніне қайғырады. Заманның тым ауыр екенін айта келіп, қайғырса да, мүлде еңсесі түспейді, қайсарлығы өжеттігі ұстап, қара қазақ баласын еш уақытта налытпан”, - деп өз қарабасын емес, қазақтың мүддесін ойлайды. Мақамбеттің ұлылығы осында. Ол халық ойлаған, сол үшін күрескен батыр, ақын, күйші, әнші шығармаларының өзі –күрес. Мақамбетке ілесіп, ел мүддесі үшін зұлымдыққа қарсы күрескен ағасы Бекмағанбет көтерілістен кейін бас сауғалап қалып хан тіміскілеп 1840ж. қамауға алынып, 2 жыл Теке қаласында жатып шықты. Інілері Қожақмет, Есмайыл, Сүлеймен ұсталып, жер аударылған. Есмайыл өзінің адасы Қалдыбай ұлымен, Исәлі Шоңайұлы 1838ж. 4 кісі болып Сарытау арқылы каторгаға айдалып бара жатқанда үшеуі конвойға шабуыл жасап, олардың аттарын тартып алып, елге келеді. Исәлі 1840ж. жасырынып жүрген жерінен, “патшаның сұрқыл” иттері ұстап, тапсырады. Ол өз жауабында үшеуміз бірге қашып шықтық, өзім Жайықтан жүзіп өттім. Сосын үшеуіміз бөлініп кеттік, - деген. Есмайыл Өтемісұлы Калмыковтың қасындағы, “Шағыр шағылдағы” Шыбынтай атасының ауылына келіп еді, Саржан Жайықов деген жалшының үйінде жатып, олар Абдуллин деген молданың көмегімен молдаша киіндіріп Жайықтан өтіп кетеді. (11:57) Ал енді Сүлеймен т.б. туралы Орынбор облархивінде мынадай мәліметке кезіктік. Бұл бұрын белгісіз еді. Сімбір губернаторы 17.09.38ж. Орынборға каторгаға Киевке айдалып келе жатқан 20 адамнан 8 адам Аскөл мекенінде түнде қарауылын ұрып, қашып кеткен. (12:33) Бұлар азаматтық үшін күрес құрбандары ғой, есімдерін атайық: Сүлеймен Өтемісұлы 26 жаста, бойы 2 аршын 5,1/2 вершок, қой көзді, шашы, сақалы қоңырқай Айтмухамед Тогаев – Исатайдың немере інісі, 32 жаста, Қали, Сабалақ Қалдыбаевтар, Шудабай Адайбеков, Сағыбай Үргішбаев, Макит Бөлекбаев, 19 жаста, әйгілі батыр Тәни Түменов – қашып құтылған. Макит, Шудабай ұсталған. Төртеуі Ырғыз өзені бойында тұрғындар қудалағасын сасып суға түсіп, батып өлген. Үргішбаевты атқан. (Сонда 27 пар) Осындай қашқынды паналатып, бермей жүрген Сатыбалды Кенжеғаринді інісі Сарыбөпе “орыс үкіметіне қызмет көрсетіп, ұстап бергесін”, - деген. (14:2) Басқа да қашқан көтерілісшілер бар.
Мақамбет Атай, Матайда қасіретте жүргенмен көптің кісісі өлең, жырды, айтып күй тартып, күй шығаруды серік еткен. Елін, жерін, жолдастарын, туыстарын сағынып “Атадан туған көп едім” деген толғауын шығарады. Батыр: “…Таршылық басқан түскен соң,
Қапаланам мен-дағы
Қаумалаған қасымда
Қарындастың қамы үшін,” – деп арманын айтады. Осы жерге байбақты Сасық деген азамат келіп, қуантады. Осы кезде ақын туған жерін сағынып, қайта-қайта “Нарын” дей берген. “Нарында” деген 2 шумақ өлеңі қандай тамаша, оқығанға әсері күшті. Онымен қатар “Қайран Нарын”, “Өкініш” деген күйлерін шығарған. Бұрынғы толғаулары, өлеңдері қалың елге жайылады, шығармаларының әдемілігі, халық мұңын көксейтіні тыңдаушыны теңселітпей қоймайды, қайғыландыра отырып, күш қосып, рух беріп, еңсесін көтереді. Батыр, ақын, күйші есімі байғада, кедейге де жағады. Халық ішінде Мақамбеттің абройы жоғары екендігін Баймағанбет, Ақмет, Арыстан, Жүсіп т.б. сұлтандарда естіп, ккөріп, пайдаланғысы келеді. Кәриялар Баймағанбет сұлтан бірнеше рет батырды өз қарамағына шақыртыпты, - дейді (Ғазиз Үмбетияров т.б.) Батыр арамзаның сөзіне сенбейді де, бармайды. Бірақ Жұмыр, Сасық деген жолдастары келіп, бәленшенің асы болады, соған баралық, бір жерде қамалып отырсың ба? Біз сұлтандардан (Ақмет, Баймағанбет) ұлықсат алдық – деп қоярда – қоймай ілестіріп әкетіпті. Ас беру Қалдығайты. Бүлдірді алқабында болса керек, оған Баймағанбетте келіпті. Мақамбет үш жолдасы Жұмыр, Қылыш, Сасық пен үш батырмен барады. Батырмен сұлтанның кездесуін Аманғали Құттықадамов (Атырау), Ғ.Үмбетияров, Т.Шамшиденов т.б. қызық етіп әңгімесін айтатын еді. Мақамбетті батыр десең батыр ғой, басқалар үргелектеніп, жоламайтын Баймағанбет отырған үйге қайтпас, қайсар ер кіріп барады да, төрге отырады. Бұл ұазақ әңгіме, төрдегі Мақамбетке Баймағанбет сөйле, – депті. Сонда батыр: тілімнің ұшы екі айыр, біреуі ханға тисе екіншісі өзіме тиеді – деген. Қасындағы Сасық, не Қылыш: Тисе, тисін, сөйле Мақамбет! Ішіңнің шері тарқасын, халқың қасыңда, сыртта күтіп тұр, жасқан ба? десе керек. Сонда ерің тілінің тізгінін ағытып: “қайта-қайта шақыртып, менде не атаңның құны бар еді”, - деп бастап, өзінің күрес жолын көтеріліс себебін, барысын, жеңілісін тағыда шұбыртып, өз жәйін айтып, өзекті жанға бір өлім, алдына келіп, тұрмын деп, ар-намысты қашырман, Бай-еке сұлтан сен болсаң, сендей нар-қоспақтың баласын, Қайраңнан алған шабақтай, Қия бір соғып ас етсем, Тамағыма қылқаның кетер едемес ем”, - деген. Абыржыған сұлтан: “Бұны айтпаса Мақамбет батыр бола ма? Бұндай сөзді көтермесем мен “хан” болам ба? – деп өзінде көтеріп қойыпты. Баймағанбеттің бұлай бәлсуінің астары бар. Кәриялар Жәңгір мен Баймағанбет арасында кикілжің айтыс барын әңгімелеп отыратын, бақталастық барын келемеждеп айтатын Баймағанбет патша әкімшілігіне Жәңгірден пайдасы көп болған. Ол Жоламан, Барақ, Жылгелді, Амангелді, Есет Көтібарұлын, Исатайды алдап, қазалаған т.б. еңбектері үшін 13 наргада алған, аса “қадірлі” қызметкер. Оған қарсы талай наразылық, бас көтеру болған, бірақ қәзіргі авторлар ондайды айналып өтеді. Баймағанбеттің бишаралығы мынадан көрінеді. Көрші селодан бір үйді бұзып, аулына жеке мектеп салмақшы болып, өтініп еді. Орынбор ұлықсат бермеді. Ел оны “жалдап” деген, ол мынадан да көрінеді. 1844ж. Кіші жүзге барлау, танысу үшін қазақ ханы Кенесары Қасымұлы жақындайды. Орынбор басшылары бөрлігіп, әскер дайындап, қазақтан жасақ жинап, Бекмағанбет, Арыстан Жантөриндер, т.б. сұлтандар, билерден отряд құрады. Баймағанбет Мақамбетке өз қарамағында тұруға ұлықсат берген. Архивте Сатыбалды Кенжеғарин (Алаша руынан) Мақамбетті өз қамқорлығына алғандығы туралы мәлімет сақталған, сол үшін ол інілері Сарыбөпе, Сатаймен араз болғандығыда айталады. Жазушы Берқайыр Аманшин Мақамбет біреуінің немересі Типанға үйленгенін жазады. Көп уақыт жалғыз қалып, жанұясын таба алмаған батырға “түтін түтетуге” мүмкіндікті Сатыбалды мен оның екі баласы жасаған. Мақамбет 1843-1846ж.ж. қазіргі Қаратөбе, Жымпиты аудандарында тұрған. Баймағанбет осы жәйді пайдаланып, Мақамбетті Кенесарыға қарсы әкетті – дейді кәриялар. Бірде Кенесарины аңдып жүргенде көзге Наурызбай түседі. Баймағанбет Мақамбетке: Әне Наруызбай, ат! – деп бұйырады. Мыс: бес қаруы сай Мақамбет: Мен хан тұқымына қарсы болғанмен тасада тұрып ержүрек Наурызбай сияқты батырды аты, масқара болман” – деп айтады кәриялар. Ал Кенесарыға қарсы барғандар тізімінде Мақамбет есімі жоқ.
1845ж. мамырда Кіші жүздің батыс бөлігінің сұлтан-билеушісі Б.Айшуақов Орынбор шекара комиссиясына (ОШК) Мақамбет Кіші жүздің Орта бөлігінен ауысып, менің қарамағымдағы Алаша руының адамдары: Қаратай, Сатыбалды Кенжеғариндармен Қалдығайты өзенінің өңірінде бірге жүр-деген. Сатыбалды батыл, кәрі кісі, өзі бай болса да қайырымды болған. Ол Мақамбетке өз туысының біреуінің қызын алуына 1843-1844ж.ж. шамасы көмектескен. Бекең (Берқайыр) Типанды Сатиай Кенжеғариннің қызы дейді. Баймағанбеттің ОШК-на 12.05.45ж. жазған рапортында: Мақамбет “Қаратай, Сатыбалды Кенжеғариндермен, Бекқожа және Жирентай Сатыбалдиндермен, Өтәлі және Тоқтәлі Қаратаевтармен бірге көшіп жүреді, бұлардың біріншісі (яғни Қаратай И.К.) оған күйеу”, - деп жазған. Орыстың “зять” деген сөзін күйеу бала, не жездесі деп түсіну қиын.
Бұл өңірде Мақамбет барын елден-ел естіп, жолдастары, туыстары да қатынаса бастаған. Батыр Ішкі тараппенде байланыс жасап тұрған. Жолдастары тағыда іздеу салып әйелі Ұлтуған мен баласы Нұрсұлтанды тауып әкелген. Мақамбет Е.Ковалевскийге 5 жыл алысып, жанұядан айрылдым, үй көрмедім – деген. Кәриялар Мақамбет 2 әйел алған, - дейді. Біреуі Айғанша болар, бірақ дерек жоқ, аңыз. Мақмұт деген ұлы болғанын кәриялар қуаттайды және “аталықтарында” жазулы. Ұлтуғанның кімнің қызы екеніде белгісіз. Сірә бір әйелі жастай өлген болар. Мақмұт қағазда 1834ж., Нұрсұлтан 1835ж. туған. Қисыны келеді. 1836ж. 13-жетоқсанда би Т.Тыныштыков Мақамбет үйін шауып, мал мүлкін алған. Баласы көтеріліс кезінде, одан да кейін нағашыларында болған сияқты. Сосын, Мақамбет 1841ж. ұсталғасын ағасы Бекмағанбет Мақмұтты қолына алған – дейді. Тізімде барын айттық. Өмірде талайы болады, алақандай Нарын Жәңгір кезінде талай сапырылысқа түсті емес пе? Біз осындай күмәнді жәйді анықтау үшін Атыраудың Қызылқоға ауданына бірнеше рет барғанбыз, қолымызда 3 кісіден алған аталық. Жоғарыда аталған Біләл Бақтыгереев – Мақмұт Мақамбетұлы деген. Шыбынтайдың ұрпағы Шыңғыс Көжековте осы пікірді қолдаған. Архив құжатында Бекмағанбетұлы Мақмұд, Мәншә деп 1859ж. жазылған, ол кейінгі тізімде Мақмұт жоқ, Бекмағанбетұлдары Мәншә, Шабақ деп жазылған. Журналист Т.Боранғалиев батырдың биографиясын бірталай қазбалап, бұрмалап, Мақмұт Мақамбеттің баласы емес деген (15:5) Нақты дерек жоқ. Мақамбет секілді ұлы тұлға туралы өсек әңгімеге редакция жол бергеніне таң қаласың. Соңғы жылдар бұл газетке 5 мақала бергенбіз, біреуінде жарияламады, ал Ы.Сариеваның, Т.Боранғалиевтің дәйексіз мақаласына жол ашық, пікір алысуға мүмкіндік бермейді. Біреу білмегенді біреу біледі” дегендей сұраса берсек батырдың ұрпағы табылар еді. Мақамбеттің шөпшегі бар дегенді де естиміз, қолымыз қысқа іздей алмаймыз. Құр долбар дерек болмайды. Архивтің бір ісі бұндайда жеткіліксіз. Тарихшылар күмәнді мәселені анық-танығын дәлелдеу үшін заттай, жазбалы бірнеше құжат талап етеді. Боранғалиев туған – депті ( :5), Мақамбеттің 1845ж. ақпандағы арызында, “он жасар балам” деген ғой, енді оны бұрмалап қажеті не? Ал полковник Бизянов Орал әскерінің командирі емес, кеңсе басқарушысы, ол әрлі-берлі жүруші қазаққа билет береді. Көп автор сол кездің тарихын білмей ботастыра береді. Қазақ өз мекенінен ұзап шығуға, Ресейге баруға, не Жайықтан өтуге қақы жоқ, ақша төлеп ұлықсат – билет алу керек және көрсеткен жолмен баруы тиіс. Бодандықтың бұл көрінісі. Бизянов осындай билет беруші. Мақалада осындай түсінбеушілік көп. Тарихшы қызметінің бір қиындығы осы. 20-30 жыл талай архивтермен кітапханаларды аралап, қарасамда, көп жерде кәрияларды мазаласамда Мақамбеттің толық өмір тарихын қамти алмай жүрмін. Зерттеушінің бейнеті осылай. Әйтсе де бірлесіп халыққа қызмет істеген ұлы тұлғаның өмірі, қызметі туралы дәйекті мәлімет іздейік. Мақамбет Петерборға барды, не Фатима мен жақындасты, хан бекер араздасты дегендей өтірік пен батырды қорламайық.


Батырдың қазасы



Мақамбеттің қапыда қаза болуын тарихшы В.Ф.Шахматов, Б.Аманшин т.б. жазған. Бізде ықшамдап бір кезде баяндағанбыз. Қанша сауатты, мәдениетті дегенмен ОШК-ң төрағалары Генс, Ладыжинский отаршы еді. Соңғысы Мақамбет 1845ж. Орынбордан кетісімен оның өткендегісімен танысып, губернатор Обручевке 1845ж. 27-ақпанда Мақамбет туралы арнайы рапорт жазып, оның империя алдындағы “қызметін” атай келіп (Айтовты қысымынан, Шустиков пен 5 солдатты тұтқыннан, Е.Ковалевскийді жолдастарымен қарақшылардан құтқарғанын т.б.) жаза келіп, он жасар Нұрсұлтанды жаңа ашылғалы тұрған мектепке келушілер аз болғандықтан, алуды сұраған (16:28) Обручев ОШК-нан Мақамбет қазір қайда, қашаннан бері көшіп жүр, сұлтан-билеушінің айтуынша Өтемісов өзің қалай ұстайтындығы жөнінде мәлімет беріңіз – деген (17:33) Бұл қастандықтың басы болды. Бұған Баймағанбет 24.03.45ж. ОШК-на берген жауабында М.Өтемісов тұрақты көші-қон орны жоқ. Орта бөлікпен арада жүрген, соңғы екі жылда бері Батыс бөлікте Қалдығайты өзені бойында көшіп жүреді, құлқы тым нашар, қазақтар арасында зиянды – дей келіп ОШК-нан оны менің қарауымнан аластаңыз – деп өтінеді. (18:39) ОШК 6.04.45ж. Б.Айшуақовке Мақамбеттің жағымсыз құлқы неде, діндестері арасында зияны қандай, нақты қабарлама жазуды міндеттеген. Полковник Б.Айшуақов 12.05.45ж. жауабында М.Өтемісов Кенжеғариндермен бірге, ауылында Ішкі тараптан жылқы ұрлап қашқан Мәстек Ақметов турады, Тасқара Теңізбаев, Жәміл Тлемисов (Шыбынтай немересі) т.б. Өтемісовте жасырынуда. Жалпы Ішкі Ордадан қашқандар Өтемісовке барып, паналайды және оларды қорғап, іздеп барғандарға бермен, қарумен қорғайды, - деп сұлтан тағыда Мақамбетті аластау жөнінде өтінішін қайталайды. (19:47) ОШК-сы 6.00.45ж. өзінің мәжілісінде осының бәрін қайталап, Баймағанбетке батыр көшіп жүрген ру, не ата адамдары қоғамдық үкім (приговор) жазыңыздар деп тапсырады. Б.Айшуақов батыр мен ортақ тіл табуға талпынбай, қаскөйлік жасап отыр, оны отаршылар қолдағанын көреміз. Екіншіден, Мақамбет қудалауда жүрсе де Нарын жағымен байланыс орнатып, күресін жалғастыра бергені көрінеді. 1841-1845ж.ж. Ішкі тарапта саяси жағдай тағыда шиеленісті Жәңгір хан 1836-1837ж. көтерілістен тиісті қорытынды жасамады, алым-салығын көбейтуді, жерді сатуды жалғастыра берді. 1844ж. Зекеттен 930.185 сом жинағанын айттық, соғымды бір жылда бірнеше рет жинап, сындай сома алған. Жерді сажындап, арқанмен, не адымдап өлшеп, біреулердің жерінен бөліп алып, сата бергенін, ханнан сұлтандар, билер қалыспай өз “үлесін” алуға тырысқан. Көп шығынға түсетін ханның орыс қалаларына баруы, ұлықтарға, патшаға сый беруі тиылмай, елден ол үшін жылу жинауы т.б. алым-салығы бітпеген. 1842ж. бастап шағым жазу тағы басталған. Патшаның сеніміне кірген ханға Орынбор әкімшілігі тексеріп, тиым салмаған. Бассыздық жалғаса берген. Заңсыздық заңсыздықты туғызады деген қағида орын алғанын айттық. Әр жерде ашық наразылықта көрінген. Кәрияларымыздың айтуынша ханға қарсы 4-ші көтеріліс дайындала бастаған. Бұны ақсақалдар естіп қойып, азаматтарға: 3 рет қару алдыңдар, жетер, қанша адам қасіретке ұшырап, мал, дүние ысырып болды. Ханды жоюдың басқа жолын табыңдар депті –мыс. Жер реформасынан нәтиже бермеді, халықты отырықшыландырып, егінге жол ашу болмады, шаруалардың көбінің өз жер иелігі болмады. Адам саны азайды, бір кезде 16 мың шаңырақ, 4 млн. бас мал болса, 1839ж. өскеннің өзінде 12 мың шаңырақ 1,6 млн. бас мал болды, егіншілік көрінбеді. 1844ж. ханның алым-салығы туралы шағым тағы түсті. “Оқымысты”, “көреген” ханның жұмыс нәтижесі осылай, Жебір ханнан құтылудың біреулер жолын тапқандай. 1845ж. 11-тамызда Жәңгір дүние салды. Ішкі тарапта күрт өзгеріс күтілуі. Бұл жағдай Мақамбетке де әсер етуі мүмкін. Нарынмен байланысыда болған. Бұдан патша әкімшілігіде қауіптенуіде болар. Кешікпей, Баймағанбет сұлтанның тапсыруымен старшындар, билер, қазақтар М.Өтемісов туралы “Приговор” құрап, оның зиянды қылықтары бар,жыртқыштармен астас болып, олардан “мүлік, мал алғанын” байқадық, сондықтан біз оның бізбен бірге көшіп жүруін қаламаймыз, өйткені ол Ішкі Ордадан қуылған, біз одан келетін зияннан аулақ болғымыз келеді, - деп жазыпты. Мөрін басып, қол қойғандар ішінде әйгілі билер Сарыбөпе, Өшірті Баймұратов, Қазы Сырымов, Жұмырдың баласы Қара, хорунжиі Б.Аллаяров т.б. (20:72). Бұл билердің рапортымен үкімін ОШК талқылап, 11.09.45ж. Баймағанбетке М.Өтемісовті шұғыл ОШК-на жіберуін (выслать) міндеттеген. Бірақ бұны орындау қиын болса керек. ОШК 31.12.45ж., 28.02.46ж., 10.04.46ж. тағыда батырды комиссияға жеткізуін талап етеді. Мақамбет өздігінен бармаған болар, ал сұлтан күш қолданудан жасқанған болар, батыр қалың ел ортасында ғой. Содан әккі қу Баймағанбет т.б. батырды алаша руы ауылынан бөліп, оқшауландырудың жолын іздестірсе керек. Әуелі, 4-ші дистанция командиріне “алаша руының киргизі (қағазы) М.Өтемісовті маған әкел деген, бірақ ол орындалмады. Сосын алаша руы Аталық атасының биі Сарыбөпе Кенжеғаринге жүктейді, бірақ ода орындамаған. Баймағанбет ОШК-на 12 шілдедегі жауабында Мақамбет өзі сияқты қылмысты Сатыбалды Кенжеғаринде жасырынып жүр, екеуі де іздеушілерден, бастықтардан тығылып қалады. Ыңғайлы кезде Өтемісұлын өзім ұстап, комиссияға жеткіземін деп сендіреді отаршының жалдаптары. (21:143) Бірақ қолында қарулы күш болса сұлтан “өз халқының ішінде өте тамаша қазақты” ашық барып елді бөрліктіріп ұстап алуға халықтан тайсалады. Талай азаматтың “басын жұтқан” жалдап сәтті кезді күтеді. Енді Б.Айшуақовтың 5.11.46ж. рапортында ол М.Өтемісовты ұстап әкелу үшін №4 дистанция командирі хорунжий Ықылас Түлеевті, би А.Боздақов т.б. 15 шақты кісі жібергенін ОШК-на жазып, Мақамбетті ұстауға жібергенін, өлімін мәлімдейді. 1846ж. жазында Мақамбет қасындағы М.Ақметов (ноғай) Жәміл Тілемісов т.б. ретін тауып сұлтан ұстатады. Батырды да ұстаудың жолын іздеген. Ішкі тарапта да жағдай мәз емес, халық қарғысына ұшыраған Жәңгір орнына хан қоймады. Сұлтандар, билер өзара қырқысып, арыз көбейді. Уақытша басқарушы болған Әділ Бөкеевті кейбірі мойындағысы келмеді. Батыр Кіші жүздің Орта бөлігіне барса, Орынбор бәрібір ұстатыны белгілі. Ойды ой тербеп батыр жанұясын Ішкі тарапқа апарғысы келген болар. Сарыбөпе жағынанда қауіп бар. Осының бәрін екшей келе батыр жанұясымен Дендер тауы жағына көшіп келеді. Аңызда ол Асаубай деген бажасына келеді, бірақ күмән кетпесе керек. Бөлініп “Қара ой” деген жерге, Жайықтың шығысында 45 км жердегі Малайсары бейтіне жақын орнығып, үй тігеді. Сірә су қата Жайықтан өтіп Нарынға бармақшы. Бекең білсе батыр базаршыны күтті деп ел аузындағы мәліметті жазады ( :31) Қасында үш азамат болған: інісі Қасен, Бетімбай Шөкеұлы, Меңдібай Есмамбетұлы Баймағанбет қу кісі тыңшылары арқылы Мақамбеттің оңаша кеткенін барлап отырса керек. Баймағанбеттің 5.11.46ж. рапортында ол қызмет бабымен қырға шығады. Сол кезде Ықылас тобын Қаройға жіберген ғой. Қазан айының 20 жұлдызы шамасында Ықылас Төлеев жендеттерімен Қараойға жақындап келеді.
Төрежан Тұрымов (Табын) Мұса, Нұраллин ауылға жақындаса, үйден Мақамбет, інісі Қасен, және 5 кісі шықты, Мақамбет дайын тұрған аттарға жүгіреді, бірақ Т.Тұрымов аттардың шідерін алып, қуып жібереді. Ы.Төллев, М.Нұроллин т.б. қалғандары келіп, 3-4-імен Мақамбет үйге кіреді. Ықылас Адай ауылының 4 жылқысы жоғалғанын, соны іздеп келгенін әңгіме жасайды, Мақамбетке жылқыны тауып бер деп айып тағады. Баймағанбет өзінің рапортында Мақамбеттің өлімі туралы толық мәлімет бермеген. Біз ол үшін шала болса да бар архив ісі материалын пайдаланамыз. ОШК бір белгісіз себеппен Мақамбет өлімін тергеуге Редкин дегенді тағайындапты. Қасеннің жауабында оқиға 15-20 қазан айы шамасында болған. Ол ағасының қалай өлтіргенін көрмепті. “Шай ішейік” деп үйге Ықылас Төлеев Мұса Нұроллин кіреді. Баймағанбеттің жазуынша Мақамбет қолынан қанжарын тастамайды. Шай үстінде Ықыластан неге келдіңіз деп сұрағанда, ол Баймағанбет сұлтанның бұйрығымен сені ұстап әкетуге келдім - депті. Мақамбет оған қанжарымен ала ұмтылады. Екеуінің арасына Мұса түсіп, Мақамбетті ұстап жібермейді. Осы кезде наркескенді ала Ықыласқа Мақамбеттің әйелі қару сілтегенде “Ықылас әйелді итеріп жібереді. Мақамбет – “тірілей қолдарыңа берілмеймін” – дейді. Қатты дауыс шыққасын сырттан үйге Жүсіп Өтеулин кіріп, жолдастарына жақында деп белгі бере, өзі әйелдің қолындағы наркескенді күшпен тартып алады. Ал Мұса қару жұмсағысы келген Мақамбетті әзер ұстап тұрады. Жүсіп Мақамбеттің қанжарын тастату үшін қолын шаппақ болғанда, сілтеген қылыш оның басына тиіп, Мақамбет табан астында тіл қатпай сұлап түседі. Мұса мен Ықылас: біздің Мақамбетті өлтіру ойымызда болмады, Мақамбет бізді үйге кір деп, сыртқы есік алдына 4 кісіні қарауылға қойды, мақсаты бізді, сосын қалғандарды біртіндеп шақырып, құртпақ болды, - деген. Жүсіп қалғандарға белгі бергенде қарауылдағылар қаша жөнелген. Ал Қасен мен Меңдібай деген жауабында: Мақамбет сыртта қатер төнгенін сезіп, Т.Тұрымовтарды тоқтатпақ болып мылтық атарда қолына жабысып: кім екенін білейік – деп кідірткен. Ықылас үйге кіргенде Қасен, Меңдібай аулаққа намаз оқуға кетіп, кейін шуды естиді. Келгендер бұлардың бәрін тұтқындап дүние, мүлікті талап, 2 сандықты қиратып, ішік, тон, шапан, бешпет, жібек көйлектер, т.б. талап алып, 8 жылқы, 4 түйені, т.б. айдап әкетеді. Баймағанбет оны жазбайды. Редкин 31.10.46ж. ОШК-на тергеу барысын баяндаған. Әрине тергеу бір жақты айыпты Ықылас, Жүсіп, Мұса тергеуге келмеген. Баймағанбет Жүсіпті келтірмей, “алысқа кетіп қалды” деген, ал таланған мал, мүлікті, 3 мылтық, 2 қылышты (қанжар) алып, батыр жанұясын бірге ұстап алғанын айтады, олардан керекті жауабын хаттап Родкинге жіберген. Оның ішінде 2 әйелдің жауабы бар. Әрине олар шындықты толық жаза алмаған. Тергеу нәтиже бермеген. Бұл ұзақ әңгіме, зерттеуші тарихшыны күтіп тұр. Кісі өлтіргендер жазалаусыз қалған. Баймағанбетті айыптау орнына, ол өтініп Петерборда барып, көп жылғы зор еңбегі үшін патшадан генерал атағын алған. Патша Жоламан, Барақ, Амангелді, Жылгелді, Исатай, Мақамбет т.б. азаттық үшін күрескенді қудалап, құртып жібергенін өзінше бағалаған. Елден қарғыс алған сұлтанда астанадан үйіне жете алмай, “қарғыс атып” суға кетіп өлген. Бұл жөнінде де фальсикация баршылық. Сондайдың бірі – Отарбаев Р. Мақамбет пен Баймағанбет өлімі туралы деп әр немені жазып, былықтырып, сұлтан 1847ж. наурызда Елек өзені тасығанда Сегіз сері мен Асаубай паром жібін кесіп, сұлтан суға кетті – депті. Бұл көп өтіріктің бірі. Сұлтанның өлімі туралы архив ісі, онда Баймағанбеттің туысы, әрі көмекшісі Мұқамбетқали Тәукиннің түсініктемесі бар. Онда Елек жағасынан шыға тасып, су кең жайылған, арғы бет әрең көрінеді, - депті. Ондайда паром жүре ме? Ел аузында сұлтан бүгін “аққолтыққа жетпей болмас – депті - мыс. Сұлтан асығып, Затонный форпостысында казактарға салы жасатыпты, оған сұлтан М.Тәукин, 2 казак отырып есіп ортаға барғанда қатты дауыл тұрып, толқын көтеріліп сал ауытқи бергенде семіз сұлтан суға ауып кеткен. М.Тәукинде әрең жағаға шығады. Сосын Сегіз сері бұнда, Кіші жүзге келген емес. Оқырманды шатастырмайық, тарихымызды бұрмаламайық. Осылай Кіші жүздің әйгілі қоғам қайраткері, батыры губернатор бастаған, сұлтан қостаған, старшина – билер жүзеге асырған қастандықтың құрбаны болды.


Мақамбет күйші

Батырдың күйші екендігін әуелден белгілі, бірақ қоғам, өнер тарихын көп білмейтін Алматыдағы қандастарымыз “Мақамбет күйші” дегенімізде мысқылдап жүрді. Ол әдебиетшінің бишаралығы ғой. Әйтпесе Мұқтар Әуезов 1937ж. Мақамбет әрі батыр, әрі жырау – ақын, әрі күйші домбырашы, - деген. Мақамбет мұрасын алғаш жинаған Қалел Досмұқамбетұлы Мақамбетті алып ақын, домбырашы десе, ол өзі батыр деген Қазақстанда кең тараған мәлімет екен. Сөйтсе Мақамбет өмірін, творчествосын ғылыми экспедия шығарып, зерттемеді. Мен 1936-1937ж.ж. Калмыковта тұрдым. Қазақ балалары маған Жайық өзені жарқабағында биік, үлкен үйді көрсетіп, бұнда Мақамбет батыр бір кезде жатқан абақты” – деп түсіндіреді. Балалар соның қасында қысы-жазы ойнап жүретінбіз, ол кезде онда ұстахана болатын, арба шана, т.б. оңдайтын. Орыс мектебінде оқитынмын, жолдың арбетінде аудандық клуб еді, сабақтан үзілісте жүгіріп барып соның төңірегінде жүретінбіз. Бір күні клубқа кірсем кісі толып отыр, сахнада домбырамен бір жігіт отыр, енді бір жігіт сахнада: жаңағы орындалған Мақамбеттің күйі тағы бір күйін тартады – деді, атауын ұмыттым, шығып кеттім. Калмыковта қазақ көп тұратын, батыр туралы әңгімеде жиі айтылатын.


1950ж.ж. Мақамбет күйлері Алматыда тартыла бастады. Жерлесіміз Оразғали Сүйінбеков атай батырдың “Қайран Нарын”, “Жұмыр, Қылыш”, “Өкініш” деген 3 күйін академик А.Жұбановке тартып беріпті. Бірақ кей ағайын бұған сене қоймады. Артынша музыка зерттеушісі Тымат Мерғалиев ел аузында бұл күйлердің сақталғанын дәлелдеп берді. Өлкетанушы М.Ысмағұлов бұл үш күйлердің шығу тарихын, мазмұнын, кім білетінін жазды (23:31) Көпке дейін осы үш күй ғана белгілі болды. Бұған менің көңілім толмады. Мақамбет туралы тарихи, әдеби мәлімет жинай жүріп, Калмыковке (қазақ “Князь қала дейді”) 2 рет бардым, ешкім білмеді. Үміт үзіп жүргем, дегенмен 1979ж. 28 тамызда Орал аэропортында самолет күтіп тұрмыз, әр түрлі әңгіме айтамыз. Қасымдағы біреу Мақамбет туралы әңгімеде оның күйлерін Орал облысының Тайпақ ауданында Қ.Иманбаев біледі дегені. Сенбей қайта сұрадым, әлгі кісі қайталап, совхоз атында атады. Мазам кетті, самолеттен қалайын десем демалысым бітіп қалды, әрі Котельниково совхозында өткенде болғам. Алматыға барғанмен тынышым кетті, Оралға командировка іздедім, болмады. Амал жоқ. Гурьевке алдым, содан 15 қыркүйекте вертолетпен Кальмыковке жеттім. Ауаткомге барып, оның орынбасары Дүйсенбаев Қыдырғали мен совхоз бөлімшесінің басқарушысын алып, қырдағы қойшы Қанаш Иманбаев ағайды тауып, ол кісіден Мақамбеттің 11 күйлерін магнитофонға жазып алдық. Басы "Терезе шілтер" күйін тартты. Біз “Шілтерлі терезе” болар деп едік, Қанакең: Жоқ, қарттар маған солай үйретті. Сіздер ғой бұрмалап жүрген”, - деп маған қарады. Күй осы Калмыков түрмесінде шыққан шілтер дегені темір решетка” ғой деп түсіндіреді. Сосын “Жорық” деген күй Нарындағы көтеріліске арналған күйдің бірі “Қиыл қырғыны”, “Мақамбеттің ақжелеңі”, “Ілме ақжелең”, “Ақтабан-ай”, т.б. не бәрі 11 күй, арасында “Жұмыр Қылыш” т.б. бар. Қ.Иманбаев 6 жасында-ақ бұл күйлерді бір тартқаннан кейін естігенін жалмажан өзі домбыраға түсіріп алатынын, тіпті кешегі тартқанды бүгін түсіретін болғанын, әр күйдің шығу тарихын айтып, қазақта 62 ақжелең бар, күйші болатын кісі әуелі соның бәрін үйренуі керек, содан кейін ғана ол күйші аталады, – деді. Ал Мақамбетте 2 ақжелең бар екен. Күн кешкірді, мал жиятын уақыт, Қанекең шаруасына тұрді, бізде әрең-әрең тұрып, Қанекеңе әбден риза, әрі таңғала жүріп кеттік. Алматыға келіп әуелі мақала жазып, “Қазақ әдебиеті” газетіне (12.10.1979ж. №41) жалмажан жарияладым. Қанекеңмен әңгіменің бірталайын жаздым. Қанекең күйлердің “ақжелең” деген жеңіл, қысқалау, өзінше қиын түрі болады, ол “62 бұтақтан тұрады, домбырашының кез-келгені оларды, бұл 62-ні түгел біле бермейді. Ал күйші болам деген кісі бұларды міндетті түрде білуге тиіс. Бұл өзі 62 жеке, мазмұны әртүрлі, тарту орындауы бірінен бірі өзге күйлер. Бұл бізше мамандық арттыру, жетілдіру. Бұларды меңгерген кісі ғана күйші болады, яғни күй шығара алады, - деді. Осыдан бастап кей қаламгерлер қазақта 62 ақжелең бар, - деп гуілдете бастады. Соны білу керек – деп әр жерде қарадүрсін жазып келеді. Айтжан Тоқтаған деген 2000ж. “Атыраудың 62 ақжелеңі” деген жинақ шығарыпты, ақжелең күйлерінің сипаты толық емес секілді, әрі Мақамбеттің бірде күйі жоқ. Сірә ізденуі кем болар. Мамандар Мақамбет күйлері күрделі дейді. Белглі музыка маманы Т.Мерғалиев қазақ ән, күйлерінің 2-3 жинағын шығарған, әсіресе “Домбыра сазы” (А.1972) ерекше. Ол Мақамбеттің күйлерін нақышына келтіре тым шебер орындайды, тарихында біледі. Тек теледидар ол кісіні пайдаланбайды. Айтарымыз Тымат Мерғалиевте Мақамбет күйлері болар, тек “кілтін тауып” ойнату керек. Ол кісі біздіңше қазақ күйлерінің білгірі, әрі ғылыми деңгейі жоғары. Менің “К.Ә.” мақаламды оқымаған. Мақала шығысымен табылған күйлерді жариялау үшін нотаға түсіретін маман іздедім, белгілі ізденуші Мұстафа Ысмағұловқа кісі тауып бер дедім. Оның қолы бос, көпті таниды. Бір күні ол Қаршыға Ақмедияровты үйіме ілестіріп келді. Екеуі менен 5-6 Мақамбет күйлерін магнитофондарына жазып алды. Кітап етіп шығарамыз – деді. Күйлерді менен алғаныңды ұмытпай жазыңдар, - дедім. Қаршығаға 1982ж. екеуі Н.Көшекбаевты қосып “Шашақты найза, шалқар күй” деген атпен Мақамбеттің 7 күйін кітап етіп шығарды. Бәрекелді құп! Тек 4 күйді менен алғанын жазбапты. Күйлердің шығу тарихында да жаңсақ мәлімет көп, бұрмалайды. (12,13 беттер т.б.) Бұғанда шүкір! Қ.Ақмедияров менен алған күйлердің екеуін жинаққа ендірмепті, себебін айтпайды. Мақаң күйлері сахынаға өте сирек шығады. Әлі жете меңгерілмеген болар. Маманның айтуынша, белгілі “Өкініш” күйін орындағанда Ақмедияров сағаға дейін барады, бұл бері де қосылған көрінеді. Жөнін кімнен алғанын түсіндірмейді. Тон, жарты тон деген болады, ол оларды тастап кетеді, күй қызықты, әсерлі болмауы мүмкін. Қалайда Мақамбет күйлерін сауатты, ғылыми дәйекті насихатталуын тілейміз. Мақамбеттің 17 күйі бар деп еститінбіз, қалғандарын жинау қажет. Маңғыстаудағы Жаңа өзен қаласындағы Мұрат Өскенбаевтан бір күй жазып алдым. Әлі де іздену қажет. Мақамбеттің әдеби, музыкалық мұрасы, мол, тез табайық. Ол үшін ғылыми, комплексті экспедиция шығару қажет биыл.

Сөз соңы



Біз халқымыздың тарихындағы аса бір ауыр, қайғы, қасіретке толы “қан кешу” кезеңін архив дерегіне сүйене ықшамдап баяндадық. Бұл кезеңнің көп мәселесі бұрында зерттеліп, Е.Бекмаханов тиісті бағасын берген. Одан кейін тыңғылықты зерттеуші болмады. Соны және жариялықты пайдаланып және патша авторлары жазғанынан көшіріп мақала, кітаптар санға 12 жылда көбейеді, бірақ ғылыми сралау, деректі басылым көрінбеді. Қайсысына да оқырман бағасын өзі берер, біз тек аталарымыздың арыз, шағымдары мен күрес тарихына сүйеніп, көп жылғы ізденісіміздің түйінін жаздық. Қоғам тым күрделі оргаизм болса, тарих ғылымында күрделі. Ол әдебиетші журналистің сипалауына, инженер, ветеринардың, заңгердің бұрмалауына көнбейді. Тарих саясатпен байланысты. Мысалы, хан өкіметін тиісті дәлелсіз мадақтайды. Бұл төңіректегі әңгіме бос сөз ғой. Өйткені, монархия Европада, Қазақстанда азып-тозып, дәрменсіздігін көрсетіп, Нидерландия, Англияда парламенттік билеу түрі, Кіші жүзде Сырым Датұлы бастаған “Маслихат” дүниеге келді ғой, Жәңгірге қарсы 9 жылда Орыс қаруымен жаншылған 3 көтерілісті жасырмайық. Ол хан орнатқан ел басқару жүйесі ескі рулық-патриархалдық дүние еді. Біреулер ХІХ ғ-ң 1ширегінде Бөкей, Шығай ел басқару тәртібін сақтады, ол 2-ші ширекте мүлде өзгерді, Жәңгір салалық және функционалдық басқаруды енгізді дейді, дәлелі жоқ. Өйткені ондай өзгерісболмады. Бөкей кезінде рубасылары Нұра хан ұлдары, майор Артығалы, Бекқали, Жаналы, Жарас, Жәңгір Шотқара, Шөке, Шығай, Есім хан ұлдары Сары, Қара болса, Жәңгір хан кезінде Бөкейдің 3 ұлы, Шығайдың 3 ұлы, Бекқалидің 2 ұлы, Жаналиевтер, т.б. рубасы болды. Бұны айтпаңыз! Е,Бекмаханов айтқандай елді “ханско-султанская верхушка” (шоғыры) бөледі деген осы. М.Қозыбаев, Ж.Қасымбаев т.б. Жәңгірді еш дәлелсіз реформатор дейді, қандай реформа жүргізгенін нақты дәлелдемейді. Бұдан Жәңгір Ішкі тараптың саяси өміріне еш жаңалық ендірмегенін көреміз. Сот жүйесінде ескі, Тәуке хан кезіндегі кісі өлтірген жайыпты, 1000 қой төлетсе орнына Жәңгір 200 бас қой өндіріп, оны хан сыбайластарымен бөлісіп алғанын авторлар жасырады. Осындайдан кейін “хан проводил продуманную социальную политику, соориентированную на ослабление родовой знать” дегенінде (1:108) мән бар ма? “Родовая знать” (ру шонжары) дегені ханның өз тумалары ғой. Экономика саласында өзгеріс, не жаңалық әкелмеді. 1833ж. күнзде Шеркеш руының бір биі Бекмағанбет ауылымен қыстауына келіп, помещикке жер аренда ақысын төледі. Енді малың шөп таптады деп қамап, үлкен сомаға айып салып, өндіріп алады. Бұл жиі болатын факты, 1824ж. теңіз жағасында қыстайтын сұлтандар Бекмағанбет (Бекмұқанбет) т.б. билер Жәңгірге шағым жазып, помещиктер келісім-шартты бұза береді, зорлық істейді, қайта контракты жасауды өтінген. Хан бұндай үшкіл мәселеден жырақ жүретін, Астраханға мәлімдеме жасағанмен тиімді шарт жасай алмады. Сары, Қара өзен арасындағы жер туралы да Үкімет Шығайдай батыл шағым жасамады. Тұрғындар мүддесін қорғамауы шаруалардың көңілін қалдырады. Ал өзіне келгенде ұңғыт, Бөкейлік картасын қарасаңыз Жәңгір Сары өзен жағалауын, одан Тарғын өзен аралығындағы ең қолайлы жерді, Самар көлдері ажағасын, Қандыағаш, Жасқұс құмдарын т.б. тәуір жерді иеленген. Бұны еске салуымыз – бұл күні кей автор Мақамбет пен Жәңгірді қатар, тепе-тең етіп қояды, тіпті теледидарда сөйлейді. Бұл еш дәлелденбеген, сылдыр сөз. Әлде әр жерде Жәңгір мектеп ашты, аптека, ширекке қарсы егу орнын, мұражай, мұрағат ашты, ағаш отырғызды деуде. Ханның бұндай еңбегіне қарсылығымыз жоқ, егерде ол шын болса. Мектеп жөнінде жоғарыда жаздық. Бөкей, Шығай, үйінде Баит Құденов көрген татар молдасы, ӨтемістеАбдолла болғанын жаздық. Бұл ол кезде қалыпты жәй, содан Жәңгір, Мақамбет т.б. 4 тілді білген. Ал архив кеңсе Бөкейде де 2 тілде болған. ББУСовет аптека, мұражай болғанын табапты. Хан ағаш отырғызды деуге бұрмалау. Бөкейлікті талай аралаған Орынбор шекара комиссиясының қызметкері А.Д.Кузнецов 1827ж. “Пески Нарына покрыто лесом, но из-за отсутствия охрана беспомещно истреблен”, - депті. ( : ) Сонда Жәңгір халқына қандай пайда келтіреді? Ешқандай. Шаруа шағымында хан, сұлтандармен билердің халыққа зияны, шаш етектен яғни шексіз. Ал Жәңгір сөзімен жазғандарын (талай том) оқып қарасаң – ол реформатор, жаңашыл, өз қоғамын қайта құрушы. Бұған Бөкей аңғал автор оны “Великий преобразователь степи” – дейді. Біз хан сөздерімен үзінді “Северная пчела газетінен (С-П-рг қаласы) келтірейік. Онда хан шетке шығып, яғни 1844ж. көктемде Қазан қаласы да 10 күндей болып көп жерде сөйлегені бар. Автор халықты “жартылай жабайы қырғыздар”, “рухы есер”, “өз бетімен жүретін”, қоғамдық тәртіпті білмейтін адамдар деп, хан өз иелігінде тәртіп орнатуға тырысып, бұған дін басылары өз кедергі жасамайтынын жазады. Жәңгір өз Ордасында көп (жұмыс істеді, көпшілікті қырғызды қысқа мал азығын дайындауды, малға қора-жай салуды, күшпен зорлап үйреткен және шабындықты жақсартуға, жер суаруға артезиан құлдықтатар қазуға ықпал жасамақ. Училище ашты, - деген. ( :117) Ханның бұл сөздерінің жалғандығын әшкерелеу қиын емес. Мысалы, А.Д.Кузнецов 1825ж. шілдеде Сары, Қара өзендер аралығынан ОКӘ-і қазақты күшпен құрып шығып, 3000 қыстау иесіз қалды деген. Бұнша қыстау бірер жылдың жұмысы болмас! Пішен дайындауда солай, 1821ж. Байбақты Жүніс Ж. шөп шабуға Жалпақталда (Қара өзен бойы) күніне 60 тиын Төле кісі жолдап жүр. Автор Ы.Сариева Жәңгір жөнінде тарихи құжаттар халқын қорғаушы, еліне мәдениет пен білім, мұсылман нұрын себуші ретінде көрсетеді – дейді. ( :3) Олай болса сол құжатты атамай ма? Екіншіден, Жәңгір мақтанып жаза берген, оның бір сөзіне сенуге болмайды. Проф. Қасымбаев өз кітабында Жәңгір Үкіметті тәжірибелі чиновниктерінде алдаған аферист екенін жазады. (:39) Үшіншіден, білім, мәдениет, мұсылман дінінің билігі отаршыда ғой. Бірде-бір молда Кіші жүзде, Бөкейлікте Орынбор билігісіз хан ала алмайды, мектеп ашылмайды, медресе, мешіт салынбайтынын жоғарыда айттық. Міне, Жәңгір өзін-өзі мақтап айтқан сөздерді патша авторлары шындыққа балап, баспасөзде әсірелей жазса, біз журналистер, әдебиетшілер, тіпті кейбір тарихшылар тексерместен көшіре беретінін көреміз. Нағыз тарихшы шындықты айтуы тиіс, ол жалпы халық мүддесін қорғап, азаттық үшін күресті талмай зерттеп, шынайы баяндап, оқырманды шатастырмауы міндет. Мақамбет пен Жәңгірді қатар, тепе-тең етіп қандай критерий (өлшем) аламыз? Ол жалпы халықтық мүдде. Енді бұл екеуінің қайсысы осы критерийді қабылдады. Жәңгір тіршілік көзі – жердің 2/3 бөлігін кімге берді? Бөкейлікті басқаратын уақытша Совет (Б.Б.У.С.) 1847, 1850 ж.ж. ханның қызметін тексеріп, 1848ж. Орынбордың тапсыруымен ханның жерді жекеге үлестірген 1517 актіні жинап алған. Хан жерді жекеге беріп, шаруаны отырықшыландыру шөп шауып, егін егуге жетелеу жөніндегі тиімді Үкімет реформасын өзімен өз туыстары пайдасына шешті ғой. Сонда ол кім? Жер бөлу, - дейді – ББУС зұлымдықты жоймай оны өршітіп, дауды көбейтті, - деген. ( : ) Мысалы, алаша руының Әукетай аулына Бозоба, Құмкөл, Ащысай, Әукетай соры арнап хан хаттар берсе, сол жердің бір бөлігін (Байбақты) дарқан Бұзау, Сабаққа беріп, ұрпағы 80-ші жылдар дауласып, тартып алды, тіпті сорды да иеленіп, “Еділбай соры” деген. Жер реформасы өз міндетін атқармады. Сондай-ақ, кей автор хан жетілген салық жүйесін енгізді дейді. Бұл қате. Хан тек өз пайда үшін салық, алым санын, мөлшерін көбейтіп, халық наразылығының өршуіне 3-ші себеп болды, оны жасырады. Хан салықты ақшалай жинап, өз халқын тонады – дейді Ж.Қасымбаев ( :93) Ел наразылығының 4-ші себебі –саудагерлер мен ханның қанауы. Купецтер бір алдаса, алыпсатар-тағы қанады. 5-ші себеп және ең қиыны – хан, сұлтандардың билердің зорлығы, жәбірі заңсыздық. Ал осы 5 себеп оқымысты хан ақылды болса, халқына қамқоршы болса бейбіт жолмен шешілетін көп мүмкіндік болар. Бірақ халық қорғансыз қалды. Исатай мен Мақамбет шиеленісті өзара келісіммен шешуге талай ұмтылғанын біз жоғарыда айттық. Тіпті Жасқұстың түбіне келіп, Исатай келісім іздеп, шабуылға шықпады. Бітім, әділеттік іздеді, қан төгуге бармады. Бірақ хан 1836 жылғыдай тағы алдады, патша әскерін шақырта берді, Орынборға кісісін шаптырды. Әскер келгесінде хан өз халқымен бітісу жолын іздемей жазалаушыға өз қолын қосып, “елді қанға бөкті. Тіпті подполковник Геке жанұясымен өлім жатқан қазақтарды кері шошынып, губернаторға жазды. Губернатор көтерілісшілерге кешірім жариялады. Бірақ Жәңгір Шыман т.б. кешірмеді. Хан тіпті балаларды да аямады. Сарт Еділұлы сот еліне босатса Жәңгір кері қайырып Сібірге айдатты. Өле-өлгенше хан көтерілісшілердің артынан қалмады, ұстап айдатты, әсіресе Мақамбетті. Сонда хан кім? Халық:
“Хан Жәңгірдің тұсында,
Қасықтап қара қан іштік”, - дегені осы емес пе?
Ал осындай фактылар бұрыннан белгілі, неге біздің қазіргі авторларымыз “көз жұмбайлық жасамайды? Ш.Аманжолова, Т.Боранғалиев т.б. сұлтан тұқымы болар, ал басқалары ше? Әліде бөкейліктегі аталарымыз, азаттық үшін арпалысқандар қорғансыз, жоқтаусыз қалуда.
Ата-баба аруағына адал болсаңдар Мақамбетті Жәңгірге Баймағанбетке т.б. сатып қорламаңдар, әйтпесе сіздерді де Жәңгір секілді аруақ атар, халық қарғар! Мақамбет өлеөлгенше: Қара қазақ баласын, еш уақытта налытпан”, өксіді, көкседі, күресті. Не деген даналы Мақамбет қарабасының қамын ойласа қаналмай-ақ Жәңгірдей бай болар еді. Хан өлгесін 7 жылдар соң қалған дүние, мүлкін санағанда, қалалардағы үйлерін, түрлі құралын т.б. қоспағанда – 1 млн. сомнан асыпты. Жанұясы быт-шыт болды. Бұның бәрі бізді де ойландыруға тиіс. Табаламайық! Мақамбет күресі бекер болмады. Патша үкіметі ел айбырынан сескенді, теңіз жағалауында Бөкейге дейін қазақ жайлаған Князь Юсупов, граф Безбородко заңсыз иеленген 83 мың десятина жерді, Сары өзендегі, Сары өзен Тарғын өзені аралығын Ащы өзек бастауын, Самар көлі жағалауындағы кей-жерді қайтарды. Сұлтандар жерін қайта бөлді. Халық Жәңгір тұқымын таққа жолатпады. Үй салып, қоныс тұрғызуға , егін егуге мүмкіндік берді. Ел іші тынышталды.
Мақамбеттің жөні басқөа. Ол жалпы халық мүддесін қорғаған ұлы тұлға. Оның арманы – халықтың арманы:
…Еділдің бойы ен тоғай,
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан ал елге,
Мал толтырсам деп едім, - дегені жаңа қолға алынды.
Етек, Жеңіміз жиналып қолымызға келді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет