Бірінші тарау


Себеп байланыс және шарасыздық



бет5/7
Дата27.12.2023
өлшемі182,5 Kb.
#199634
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Кылм құқық КР

2.2 Себеп байланыс және шарасыздық


Себепті байланыстың келесі белгісі — ол шарасыздық, яғни зардап басқа іс-əрекеттен емес, нақтылы қылмыскермен істелінген іс-əрекет нəтижесінде орындалуы қажет. Аталған белгі екінші белгімен тығыз байланысты. Сондықтан да құқық қорғау қызметкерлері қылмыстық іс-əрекет нəтижесінде қоғамға қауіпті зардаптың пайда болуына нақтылы мүмкіндік туатынын біліп, содан барып жасалған іс-əрекеттен зардап шарасыздықтан орын алатынын анықтауға болады.
Қылмыстық құқықтағы себепті байланысты зерттеу барысында кейбір авторлардың себепті байланыстың бірнеше нысандарын ажыратып жəне сол нысандарды əр түрлі негіздер бойынша сараланғанын көруге болады. Мысалы, М.Д.Лысовтың ойынша, қажетті зиян тигізу теориясы жеткілікті деңгейде сот тəжірибесінің сұранысын қанағаттандыра алмайды, əсіресе ол жанама зиянды салдарды тигізген уақытта айқын көрініс табады. М.Д.Лысовтың тармақталған себепті байланысқа қатысты анықтамасын талдайтын болсақ: «...дамып келе жатқан себептілік қатарының шекарасынан тыс шығып, істелінген əрекеттің өзінен емес, оған қатысы жоқ жеке əрекеттен шығып, онымен параллельді себепті-салдар байланысының қатарын құрайды» [3].
Себепті байланысты анықтау үшін себепті байланыс пайда болатын бастапқы жəне соңғы шекті білу қажет. Бұл мəселені шешу үшін Т.В.Церетели, В.Н.Кудрявцев сияқты заңгерлер қылмыстық құқық аясында жасанды оқшаулау қағидасын қолдануды ұсынады.
Адамның іс-əрекеті қажетті шарт болғанда ғана себепті байланыс орын алады.
Себепті байланыс қылмыстық құқықтағы «əрекетсіздік», «қылмыстардың көптігі», «кінə», «қылмысқа дайындалу» жəне «қылмыс жасауға оқталу», «қылмысқа қатысу» жəне «қатысушылардың түрлері мен нысандары» сияқты ұғымдардың қалыптасуына негіз болып табылады.
Себепті байланысты анықтау қоғамдық қауіпті əрекет жасағанда ғана емес, қоғамдық қауіпті əрекетсіздік жағдайында да қажет. Адам əрекеті секілді, қоғамға қауіпті əрекетсіздік те айналадағы дүниеге белгілі бір өзгерістерді əкеледі. Əрекетсіздік мінез-құлықтың енжар нысаны болып табылады. Қылмыстық-құқықтық мағынада алғанда əрекетсіздік дегеніміз — əрқашанда адамның өзіне жүктелген міндеттерді орындамауы. Адамға белсенді қимылдау, белгілі бір əрекеттер жасау міндеті жүктеліп, ол оны орындамаған жағдайда соның салдарынан қоғамға қауіпті зардап туындаса ғана адамның əрекетсіздігі мен туындаған салдардың арасында себепті байланыс бар деуге болады. Адамда осындай міндет болмаса, оның əрекетсіздігімен туындаған салдар арасында себепті байланыс туралы мəселе жайына қалады.
Қылмыстық құқық əдебиеттерінде əрекетсіздік кезіндегі себепті байланыс мəселесі əр уақытта біржақты шешілмеген. Бірқатар ғалымдар əрекетсіздік кезіндегі зиян тигізуді айтып, себепті байланыстың орын алмауын мойындаса, кейбір авторлар əрекетсіздік кезіндегі зиян тигізудің болмайтынын айтып, себепті байланысты жоққа шығарады. Əрекетсіздік ешқандай нəтиже əкелмегендіктен, олар оны екінші сатыға ығыстырады.
Қылмыстық құқықта «əрекет» жəне «əрекетсіздік» ұғымдарын ажырату қажет. Қоғамға қауіпті əрекет сияқты əркетсіздікте қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға зиян тигізеді. Біреуінің зардап салмағы екіншісінен көп немесе аз деп айтуға болмайды. Əрекетсіздік пен одан туындайтын қылмыстық нəтиженің арасында міндетті түрде себепті байланыс орын алады деген тұжырым жасауға болады.
Қылмыстардың көптілігін анықтаған кезде, себепті байланыстың ерекше маңызы бар. Бұл ерекшелік себепті байланыстың міндетті орын алуынан көрініс табады. Бір адамның жасаған жеке қылмысында себепті байланысты бекіту жəне бір адаммен жасалатын бірнеше қылмыстардағы себепті байланысты анықтау қылмыстарды, біріншіден, жеке, екіншіден, көптік деп ажыратуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл ажырату қылмыстық жауаптылық мəселесін, жаза мөлшерін шешуге бірден-бір негіз болып табылады. Аталған үш нысанды жеке қылмыстардан ажырата білу қажет. Қылмыстардың көптігі мен жеке қылмыстарды ажырату құқық қорғау органдарында, жеке алғанда тергеу, сот қызметінде аса маңызды роль атқарады. Қылмыстардың көптігі мен жеке қылмыстарды ажыратып, қылмыстық жауаптылық мəселесін шешкенде себепті байланыстың алатын орны үлкен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет