Бірінші тарау


Жеке жəне көптік қылмыстарда себепті байланыс қандай ретпен орын алады?



бет6/7
Дата27.12.2023
өлшемі182,5 Kb.
#199634
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Кылм құқық КР

Жеке жəне көптік қылмыстарда себепті байланыс қандай ретпен орын алады? Екі жағдайдағы себепті байланысты қалай анықтау қажет? Осы сұрақтарға жауап бермес үшін, жеке жəне көптік қылмыстардың айырмашылығын білу қажет. Жеке қылмыстармен қылмыстардың көптігін ажырату, тергеу, сот қызметінде аса маңызды рөл атқарады. Кейбір жағдайларда оны ажырату белгілі бір тұрғыдан қиындықтар туғызады. Айтылған қиындықтың орын алуы заңды нəрсе, өйткені кейбір жеке қылмыстар мазмұны жағынан күрделі болып, бірнеше іс-əрекеттен құралғандықтан, көптік қылмыстарға ұқсас келеді.
Жеке қылмыстар деп, қылмыстық заңда көрсетілген бір қылмыс белгілері бар қоғамға қауіпті іс- əрекетті айтамыз. Жеке қылмыстар заңдылық құрылымына байланысты жай жəне күрделі болып екіге бөлінеді. Жеке жай құрамдағы қылмыстар бір объектіге, бір əрекет арқылы кінəнің бір нысанымен зиян келтіру арқылы жүзеге асырылады.
Күрделі жеке құрамдағы қылмыстар қылмыстық заңға сəйкес: жалғасқан қылмыс, созылмалы қылмыс, күрделі құрамды қылмыс, балама іс-əрекетті қылмыс жəне қосымша ауыр зардаптың болуымен сипатталатын қылмыс деп бірнеше түрлерге бөлінеді.
Жалғасқан қылмыс дегеніміз — ортақ мақсатқа жетуге бағытталған ұқсас қылмысты əрекеттерден құралған, жиынтығында бір қылмыс болып табылатын қылмыстар.
Созылмалы қылмыс деп кінəлінің өзіне қылмыстық заң жазамен қорқытып жүктеген міндеттемелерін ұзақ мерзімге орындамай əрекет немесе əрекетсіздік арқылы белгілі бір қылмыс құрамын үзіліссіз, белгілі бір уақыт аралығында істеуін айтамыз.
Күрделі құрам деп екі немесе одан да көп іс-əрекеттерден құралатын, оның əрқайсысының бірінен-бірін бөліп қарағанда жай түрдегі қылмыс құрамына жататын, бірақ ішкі бірлігі бойынша бірқылмысты құрайтын қылмыстардың жиынтығын айтамыз.
Ауыр зардаптың болуымен сипатталатын қылмыстар, екі жеке іс-əрекеттерден құралғанымен, ішкі өзара байланыс нəтижесінде бір қылмысты құрайды. Жеке қылмыстардағы себепті байланысты шартты түрде «жеке себепті байланыс» деп атауға болады. Қылмыстың бірнеше мəрте жасалуында себепті байланысты анықтау негізгі шарт болып табылады.
Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан қылмыстық саясатты ізгілік қағидасына негіздеу жəне қоғамға қауіптілігі аз іс-əрекеттер үшін қылмыстық репрессияны жеңілдету, аяқталмаған қылмыстар туралы заңдылық нормасының қалыптасуына үлкен əсерін тигізді.
Қылмыс істеу сатылары деп қасақана істелетін қылмысқа дайындалу, оқталудан біткенге дейінгі өтетін кезеңдерді айтамыз.
Əрбір қылмысқа қатысушы пайда болған қылмыс зардабымен себепті байланыста болуы қажет. Сонымен қатар себепті байланыс қылмысқа қатысушылардың əрбір жеке түрін ажыратуға негіз болып табылады. Бірақ бұл ереже эквиваленттілік теорияның жақтаушыларымен жоққа шығарылады. Эквиваленттілік теорияның негізін салушы М.Бури былай деген: «Орындаушы өзінің жеке еркімен əрекет етсе, көмектесуші өз еркінсіз əрекет етіп, орындаушыға тəуелді болып табылады. Қылмысқа қатысушылардың біреуінің іс-əрекеті өзінің жеке мақсатын көздеуге бағытталса, екінші қатысушы өз мақсатын біріншіге тəуелді етеді». М.Бури қылмысқа қатысатын көмектесушінің жеке мүддесі болмайды деген қорытындыға келеді.
Эквиваленттік теориясына белгілі бір дəрежеде адекватты себептілік теориясы қарсы тұрады. Бұл теория осындай нақты жағдайда ғана емес, жалпы қарастырылып отырған қылмыстық салдарды туғыза алатын əрекеттерді ғана қылмыстық нəтиженің себебі деп есептеді. Бұл жерде зардап типтік болмағандықтан, нəтиже істелген іс-əрекетке сəйкес келмейтіндіктен жəне оған адекватты болмағандықтан, іс-əрекетті зардаптың себебі деп тануға болмайды.
Себепті байланыс туралы ілім, қылмысқа қатысқандық үшін жауаптылықты негіздегенде ерекше маңызды роль атқарады. Демек «себепті байланыс» ұғымын алдын ала анықтамай, қылмысқа қатысу туралы зерттеулерді жəне қылмысқа қатысушылардың түрлерін белгілеуді жүргізуге болмайды.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыс істеудің ерекше нысаны болып табылатын қылмысқа қатысудың өзіндік объективтік жəне субъективтік белгілері бар. Соның ішінде қылмысқа қатысудың объективтік жағының бір белгісі əрбір қылмысқа қатысушының əрекетімен қылмыс зардабының арасындағы себепті байланыстың болуы. Себепті байланыс қылмысқа қатысушылардың жауаптылығын белгілеудегі объективтік шекара болып табылады. Бұл шекарадан тыс жауаптылық ауқымы аса алмайды. Əрбір қатысушының əрекеттерінің өзара себепті байланысы мен шарттарының болуы қылмысқа қатысушылардың бірлескен қылмысты іс-əрекеттерінің салдары екендігін дəлелдейді жəне барлық қатысушылардың бірдей жағдайда жауаптылыққа тартылуының алғы шарты екендігін көрсетеді.
Қылмыстық құқықтағы себепті байланыс қылмысқа қатысу институтында ерекше маңызды қызмет атқарады. Себепті байланыс қылмысқа қатысушылардың түрлерін, нысандарын жəне қылмысқа қатысу институтының пайда болуына үлкен əсерін тигізеді.
Қылмыстық құқықта қылмыстар көптігі мен себепті байланыстың ара-қатынасы туралы мəселе қарастырылмаған. Өйткені қылмыстар көптігінің нысандары: қылмыстың бірнеше мəрте жасалуы (11-бап), қылмыстардың жиынтығы (12-бап), қылмыстардың қайталануы (13-бап) қазіргі Қылмыстық кодекске жаңадан енгізіліп отыр. Қылмыстардың көптігін анықтаған кезде себепті байланыстың ерекше маңызы бар. Бұл ерекшелік себепті байланыстың міндетті орын алуынан көрініс табады. Бір адамның жасаған жеке қылмысында себепті байланысты бекіту жəне бір адаммен жасалатын бірнеше қылмыстардағы себепті байланысты анықтау қылмыстарды, біріншіден, жеке, екіншіден, көптік негіздерде танылып ажыратылады. Сонымен қатар бұл ажырату қылмыстық жауаптылық мəселесін, жаза мөлшерін шешуге бірден-бір негіз болып табылады. Аталған үш нысанды жеке қылмыстардан ажырата білу қажет. Қылмыстардың көптілігі мен жеке қылмыстарды ажырату құқық қорғау органдарында, жеке алғанда тергеу, сот қызметінде аса маңызды роль атқарады. Қылмыстардың көптігі мен жеке қылмыстарды ажыратып, қылмыстық жауаптылық мəселесін шешкенде себепті байланыстың алатын орны үлкен.
Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан қылмыстық саясатты ізгілік қағидасына негіздеу жəне қоғамға қауіптілігі аз іс-əрекеттер үшін қылмыстық репрессияны жеңілдету, аяқталмаған қылмыстар туралы заңдылық нормасының қалыптасуына үлкен əсерін тигізеді. Аяқталмаған қылмыс пен себепті байланыстың өзара арақатынасының ерекшелігі бар. Себепті байланыс қылмысқа дайындалумен оқталудың шекарасын ажыратуға мүмкіндік береді. Қылмыс құрамын орындауға əлі жетпеген, яғни қылмысқа дайындық сатысындағы əрекеттерде қоғамға қауіпті салдардың пайда болу мүмкіндігінің дəрежесі өте аз. Сондықтан да заңмен қорғалатын объектіге қолсұғудың нақтылы қауіптілігі туралы айтуға болмайды. Қылмысқа дайындық кезіндегі əрекеттер қоғамға қауіпті зардапты жүзеге асыру үшін нақтылы болып табылмайды. Қылмысқа дайындалу əр уақытта да іс- əрекет арқылы қылмыс жасауға қолайлы жағдайлар жасайды, онсыз қылмыстың орындалуы мүмкін емес [4].
Аяқталмаған қылмыстағы себепті байланысты анықтау қылмысқа дайындық жəне оқталуды ажыратуға жəне сот-тергеу тəжірибесінде қылмыстық жауаптылықты белгілеп жаза тағайындағанда өте маңызды болып табылады.
Себепті байланыс қылмысқа қатысу институтында ерекше орын алады. Себепті байланыс туралы ілім «қылмысқа қатысу» ұғымының қалыптасуына жəне қылмысқа қатысушылардың түрлерін белгілеуде орасан зор ықпалын тигізеді.

2.3



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет