2.2. Республиканың жеңілуі
17 мамыр 1937 жылы Ларго Кабальеро орнына солшыл социалистердің лидерінің бірі Хуан Негрин мемлекет басшысы болып келді. Ол коммунистер үсынған республика қорғанысын нығайту шараларын жүргізді. 1937 жылы біртүгас тұрақты халық әскері мен 1936 жылы шілде-тамыз айларында бүлінген ескінің орнына жаңа мемлекеттік аппарат құру негізінен аяқгалды. 1936 жылы 6 қазанда бүлікке қатысқандардың жер иеліктерін национализациялау және оны шаруаларға ркымдық немесе жеке пайдалануға беру туралы декрет қабылданды. Осы декрет бойынша 1938 жылға дейін шаруалар 5 млн. гектардан астам жерге ие болды. Осының нәтижесінде республика территориясында помещиктік жер иелену жойылып, аграрлық мәселе шешілуге қадам басты. Мемлекет шаруаларға кредит, тыңайтқыш, түқым, техника бөлді. Бүл республикада шаруаларға үлкен көмек болып, шаруа шаруашылықгарының дамуы әскер мен қаланы азық-түлікпен қамтамасыз етуге жағдай туғызды.
Бүлік басталысымен ірі өнеркәсіп кәсіпорындарды жұмысшылар мен профсоюздар басқаруды өз қолдарына алды. 2 тамыз 1936 жылы бүлікшілдерге қарайтын кәсіпорындарды национализациялау туралы декрет қабылданды. Қорғаныс өнеркәсібі, транспорттың барлық түрі байланыс құралдары, шахталар мен рудниктер бірте-бірте мемлекеттің бақылау орнатылды.
Каталония мен қатар 1936 жылдың қазанында Баскілер еліне де автономия беріледі. Алайда бүлікшілдер қолында болған Галисия автономия ала алмады. Халық ағарту, мәдениет, денсаулық сақтау саласында да түбегейлі өзгерістер жүргізілді. Жүргізілген қайта құрулар нәтижесінде Испания республикасы, помещиктер мен капиталистер, жаңа типті республикаға айналды.
Бүлікшілдер басып алған территорияларда фашистік диктатураның террористік режимі орнады. 1936 жылдың қазанында генерал Франко генералиссимус және мемлекеттің басшысы деп жарияланды. 1937 жылы сәуірде ол "испандық дәстүрлі фаланга және "ХОНС" атты фашистік партияны басқарды. Оған испан фашизмінің көсемі — "каудильо"- титулы беріледі. Франконың астанасы уақытша Бургос болды. 1938 жылы фашистер басып алған территорияларда жұмысшылар мен кәсіпкерлердің корпоративтік профсоюз ұйымы құрылды. Демократиялық және антифашистік қозғалысқа қатысушылардың бәрі мемлекеттің жауы деп жарияланды және төтенше трибунал сотына берілетін болды.
Испания республикасының саяси режимі уақыт өткен сайын баяу болса да өзгере берді. КСРО-ның қолдауы үкіметте коммунистердің ықпалын өсірді. Олар фашистік арандатушылармен күрес деген желеумен жазалаушы органдардың өктемдігін орнықтырды. Әскер мен мемлекеттік аппаратты троцкистер мен анархистерден тазарту жүргізілді. Кеңестік НКВД "эксперттері" Москвада 1936-1938 жылдарда жүргізілген процесстердің Испанияда да жүргізуге әрекет жасады. Осылайша Испания республикасы құрылғаннан бұрын испан демократиясы өмір сүруін тоқтатты.
Республикада Бүлікшілдер ойран салып жатқан кезеңде, Ұлыбритания, Франция, АҚШ мемлекеттері "араласпау" саясатын ұстады. Республикандық Испания блокада аймағында қалды. Соған қарамастан ішкі жағдайын нығайтып, соғыстың екінші кезеңінде мамыр 1937 қыркүйек 1938 жылы - Испания республикасы реакцияның ішкі және сыртқы қарсылығына төтеп бере алды. 1937 жылдың көктемінен бүлікшілдер мен интервенттер республиканың негізгі территориясынан алшақтығын пайдаланып, Астурия мен Баскилер еліне қарсы үлкен күшпен шабуыл бастады. Олар ұзаққа созылған ұрыстардан соң 1937 жылы қазанда бұл аймақтарды басып алды. Ал республикандық әскер 1937 жылы желтоқсанда де Теруэльге шабуылды бастап, қаланы азат етіп, жауға қатты сокқы берді. Теруэль республикандықтар екі ай бойы қолында ұстады. 1938 жылдың сәуірінде фашистер Арагонды майдан шебін бұзып, Каталониядан республиканың орталық ауданын бөліп, Жерорта теңізі жағалауына шықты. Алайда 1938 жылы шілдеде республикандықтар Каталония жағынан Эбро өзенін шабуылдап, жауға тағы да соққы берді.
Соғыстың үшінші кезеңі /қыркүйек 1938 — наурыз 1939 жылдары/. Соғыстың үшінші кезеңінде жағдай мүлдем өзгерді. Оған себеп Мюнхен конференциясының шешімі. Ол конференцияда Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия уағдаласты. Олардың келісімдері республика жауларының пайдасына шешілді. Ұлыбритания мен Франция "араласпау" саясатынан бас тартып, Негрин үкіметінің қарсылықты тоқтатуға мәжбүр етіп ашық қысым көрсетті. Республика қарсы блокада күшейе түсті. 1938 жылдың желтоқсанда жау Каталонияға қарсы 350 мыңдық әскер, жүздеген танк, қару-жарақ. самолеттермен шабуылға шықты. Рсепубликандықтар осындай күшке қарсы 140 мыңдық әскер, аздаған қару-жарақ қана қоя алды. 26 қаңтар 1939 жылы қиян-кескі ұрыстардан соң Барселон құлауы, 9 ақпанда бүкіл Каталонияны франкистер биледі. Осы кезеңде Ұлыбритания "араласпау" саясатынан бас тартып бүлікшілдерге қару-жарақпен ашық көмектесті. 8 ақпан 1939 жылы ағылшын флоты Менорка аралындағы республиканың соғыс-теңіз базасын басып алып, бүлікшілерге берді. 27 ақпан 1939 жылы ағылшын және француз үкіметі Франко үкіметін ресми түрде таныды.
Каталониядан айрылғанына және ауыр жағдайға қарамастан, республиканың әлі де болса қарсы тұра алатын әл-қүаты бар еді. Алайда халық майданының ішінде капитулянттық көңіл-күйдегі элементтердің әрекеті жанданды. Оңшыл социалист Х.Бестейро мен орталық майдан қолбасшысы Касадо бастаған капитулянттар қарсылықты жақтаушылар мен коммунистерді талқандап, Франкомен келісім жасаймыз деп үміттенді. 4 наурыз 1939 жылы Карбахендегі республикандықтардың флотында бүлік бүрқ ете түсті. 5-6 наурызда Касадо мен Бестейро Мадридке бүлік ұйымдастырып, "Ұлттық қорғаныс хунтасын" ұйымдастырды/8/. Касадо мен Бестейро хунтасы коммунистерді заңнан тыс деп жариялап, коммунистерді ығыстарған соң да қарсыласуды тоқтатпай, "құрметті бітімге" қол жеткіземіз деп уәде берді. Мадридте республиканы жақтайтындар мен сатқындар арасында апта бойы ұрыс жүрді. Касадо-Бестейро хунтасы майданның бетін қайтарып, капитуляцияға қол қойды. 28 наурызда фашистер Мадридке енді де, 1 сәуір 1939 жылы республиканың бүкіл территорриясын қолына алды.
32 айға созылған ерлікпен қарсыласқан Испания республикасы құлады. Оның басты себептері:
1. Германия мен Италияның интервенциясы.
2. Ұлыбритания, Франция мен АҚШ үкіметінің ұстанған "араласпау саясатына" байланысты республика жағдайының қиындауы.
3. Халық майданның бірлігінің болмауы; анархизм жершілдік т.б.с.с.
4. Капитулянттық элементтердің сатқындық әрекеті.
5. Испан халқының қолында жеткілікті қару-жарақтың болмауы, тәжірибесіздік.
Испания республикасының жеңілісі екінші дүниежүзілік соғыстың тұтануын тездете түсті. Алайда, испан халқының ерлік күресі тек кеткен жоқ, ол үш жылға халықаралық реакциялық күшін қыспақта ұстады, халықаралық антифашистік ынтымақтастықтың дамуына бастау болды. Фашизмге қарсы күрестің тәжірибесін байытты. 1936-1939 жылдардағы Испания республикасы жаңа типтегі демократиялық республикасының үлгісі болып тарихқа енді.
ҮШІНШІ ТАРАУ
ИСПАНИЯ ЖӘНЕ ФРАНСИСКО ФРАНКО
3.1. Ф.Франко режимі
XX ғасырдағы Испанияда болған жағдайлар дүниежүзінің басқа елдерінде болған жоқ. Фашистік типтегі авторитарлық режим қанды күрессіз, көтеріліссіз, соғыссыз, қайшылықсыз бейбіт түрде өмір сүруін тоқтатты. Сонымен бірге франкизмнің саяси аренадан кетуі, Испанияда буржуазиялық-демократиялық тәртіптердің бейбіт қалыптасуы процессі қиындықсыз, оңай жүзеге асты деген ой тудырмайды. Франкистік режимді өзгертпей қалпында немесе оның институттарына кейбір өзгерістер енгізіп сақтап қалуда жақталғандар мен авторитарлық режимді толық жоюға ұмтылғандар арасында шиеленіскен қайшылықтар кейде елде драмалық ситуациялар туғызды. Франкистік режимінің эрозиясы мен құлау процессі Франко өлген соң емес, тіпті 70-жылдар емес сонау үзіліссіз дағдарыстар орын алған 40-60 жылдары басталған болатын. Елде диктатурадан буржуазиялық демократияға көшудің алғашқы кезеңінде қалыптасқан жағдайды француз журналисті Макс Леон дәл көрсетіп, былай деп сипаттайды: "самый верный образ для характеристики складывающейся в Испании ситуации — это, пожалуй, "роды". Страна долго вынашивала то, что происходит сейчас. "Роды", очевидно, будут трудными, но новая жизнь рвется на свет изо всех сил, уже слышно биение сердца."/1/
Франкистік режим Испанияда 1936-1939 жылдардағы қанға толы азамат соғысы жылдарында орнаған еді. Франкизмнің негізін салушы, орнатушы дамытушы Франсиско Франко.
ФРАНКО БААМОНДЕ, ФРАНСИСКО /1892-1975жж./. 1907-1910 жылдары Толедода әскери академияда оқыған. Әр түрлі гарнизондарда қызмет еткен, Испан Мароккосындағы ұлт-азаттық қозғалысқа қарсы күреске қатысқан. 1922 жылы — бригадалық генерал. 1922-1925 жылдары Шетелдік легионды басқарған. 1926-1931 жылдары — Сарагостағы әскери академияның басшысы, 1932-1934 жылдары Балеар аралында әскери губернатор. 1934 жылы — дивизиялық генерал, Испан Мароккосындағы әскердің бас қолбасшысы, онан соң испан әскерінде Бас Штабтың басшысы. 1934 жылы Астуриядағы шахтерлар көтерілісін басуды ұйымдастырушы.
1936 жылы ақпанда Халық Майданы жеңген соң мемлекеттік төңкеріс жасауға ұмтылған. Әскери Бүлік дайындауға белсене қатысып, ол басталған соң /1936 жылы шілдеде/ Бүлікшілдер әскерінің оңтүстік тобын басқарған. 1936 жылы қыркүйекте әскери хунта мемлекетінің басшысы /каудильо/ және ұлтшылдар әскерінің бас қолбасшысы деп жарияланған. 1937 жылы Испандық фаланга — фашистік партияның хефесі /көсемі/ болған. 1938-1973 жылдары мемлекет басшысы, премьер-министр, әскердің барлық түрінің бас қолбасшысы. 1973 жылы премьер-министрліктен бас тартып, бірақ қалған орындарды сақтап қалған. Оның салдарының Испания үшін қайғылы болғандығын мына мөліметтер айқындайды: соғыс барысында 1 миллион адам өлді; 500 мыңнан астам испандықгар, жеңгендердің қудалауынан паналап, отанынан кетуге мәжбүр болды.
Көрнекті испан экономисті Рамон Тамаместің анықтауы бойынша 1939-1940 жылдары ауыл шаруашылық өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінің 21%-ін, өнеркәсіп — 31%-ін құрады. 192 қала мен елді мекендер үйлерінің 60%-ті Бүлінді, 250 мың пәтер толық қирады және оның 250 мыңын пайдалану мүмкін емес еді. Ел темір жолдың жылжымалы құрамының жартысынан, сауда флоты кемесінің 30%-інен, автомашинаның 70%-інің астамын айрылды. 1939 жылы еңбекшілердің негізгі табысы 1900 жылғы деңгейіне дейін төмендеді. Соғыс алып келген тек материалдық шығынды жою үшін елге 10 жылдан астам уақыт қажет еді/2/.
1936 жылы шілдеде Республикаға қарсы бүлік ұйымдастырушылар халықты олардың басты мақсаты анархиядан шаршаған елге "бейбітшілік, гүлдену және ұлттық бірлік", ал әрбір испан семьясына — "теңдік пен береке" әкелу деп сендірді. Алайда франкистер өздерінің жауларына қарсы аяусыз террор ұйымдастырды. Республиканы қолдаған барлық саяси партияларға, оның ішінде Испания Коммунистік партиясы /КПИ/, Испания социалистік жұмысшы партиясы /ИСРП/, әртүрлі республикандық партиялар, Еңбекшілердің жалпы одағы /ВСТ/, Еңбектің ұлттық конфедерациясы /НКТ/ сияқты жетекші кәсіподақ ұйымдарына да тиым салынды. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда 2 миллионға жуық испандықтар түрмелер мен концлагерлерден өтті.
1939-1944 жылдары төтенше трибуналдың үкімі негізінде және ешқандай үкімсіз 164 мың, /кей мәліметтерде 200 мыңға жуық деп көрсетілген/ антифашистер атылған. Франко "ұлттық бейбітшілік, бейбіт өмір" уәдесі испандықгар үшін көп семьяны қайғыға ұшыратты, түрмелер мен мүрделерге айналды. /3/.
Кейінрек репрессия аумағы едәуір азайғанымен, қатаң електен өткізу режимі "индультос" /помилование, рақымшылық ету/ саяси тұтқындардың санын бірте-бірте азайтты, режимге қарсыларды, алдыңғы ойлыларды қуғындау бір де бір күн тоқтаған жоқ. Режимнің репрессивтік зор апаратын ұстауға бюджеттің 7-10%-ті, ал білім саласына бюджеттің 5-6%-ті ғана жұмсалды. Бұл апарат өмір сүріп отырған тәртіпті өзгертуге ұмтылуды қандайы болса да аяусыз басып отырды. Тұтқындар мен айдалғандарды қатал жазалау, демонстрацияны күштеп тарату, көтеріліске шыққан жұмысшылар мен студенттерге қарсы қару қолдану және басқа зорлық-зомбылықтар халық көпшілігінің наразылығын басудың кәдуілгі айла тәсілдеріне айналды.
Франкизм тұсында Испанияның барлық сот жүйесі соғыс кезіндегі төтенше заңдар негізінде әрекет етті. 60 -шы жылдардың ортасында жүргізілген кейбір реформалар ешқандай түбегейлі өзгеріс әкелген жоқ, 70-ші жылдардың басында өкімет бұрынғы заң методына қайта оралуды жөн санады. Режим оппозицияны басу үшін елдің кейбір аудандары мен территорияларында төтенше жағдай енгізуді бірнеше рет пайдаланды: 1962, 1963,1968, 1969, 1973, 1975жж.. Осы жылдары солшыл партиялар мен ұйымдар қатаң репрессияға ұшырады. Бүл ұйымдардың мүшелері үшін 20-30 жылдық түрме жазасы кәдімгі "әдетке" айналды. 70-ші жылдардың ортасында "терроризммен күрес жөніндегі" төтенше заң негізінде "ерекше қауіпті қылмыс" үшін өлім жазасы қалпына келтірілді. Осылайша, режим өзі өмір сүрген жылдары испан қоғамын "жеңгендер" мен "жеңілгендер" деп бөліп, өзінің қарсыластарына қарсы азамат соғысын жүргізуін тоқтатпады.
Терроризм мемлекеттік саясат дәрежесіне дейін көтерілді. Бүкіл елде бостандықтың барлық түрі жойылды, оның ішінде аз ұлттардың автономия құру құқьшығы; кәсіподақтар мен саяси партиялардың заңсыз деп жариялануы т.б. Елде қалыптасқан саяси және мемлекеттік жүйе режим мен оның институттарын сақтауға бағытталды. Ол режимді республикаға құлаған соң 1939 жылы Испанияның үстем тобы құрған болатын. Олар Франко өлген соң тарихи аренадан кетті.
Диктатураның өмір сүрген алғашқы кезеңінде оның басқару құрылымы мен методтарында герман нацизмі және итальян фашизмінің саяси мен рухани ықпалы айқын көрінді. Франконың өзі мен режимнің басқа лидерлері өз режимдерінің Европадағы басқа фашистік режимдермен ұқсастығын жасырмады. Екінші дүние жүзілік соғыс барысында фашизм талқандалған соң франкистік режим өзгерген ішкі және сыртқы жағдайларға бейімделе бастады. Франкизм идеологтары оны ұлттық традицияны сақтаған Испанияның өзіндік даму жолы, "демократияның бір бөлігі", "өзгертулерге ашық бағыт алған" деп сипаттады /4/. Франкистік режим өзінің соңғы кезеңінде испания үшін фашистік типтегі реакциялық диктатураға айналды.
3.2. Ф. Франко режимінің күйреуі
1939 жөне 1970 жылдардағы режимнің арасында айырмашылық болғанымен, олардың көп ұқсастығы бар еді, атап айтқанда саяси, заң, атқару, сот және әскери билік диктатураның өмір сүрген барлық кезеңінде Франконың қолында болды. Франко үкіметтің қызметінің барлық бағыттары мен нормаларын анықтауда, декреттер мен заңдарды бекітуде, әскери және азаматтық шенеуліктерді, кортес пен муниципалитеттердің депутаттарын тағайындауда барлық билікке ие болатын. Ол мемлекет басшысы, қарулы күштердің бас қолбасшысы, жалғыз саяси партия — Испан фалангасының, ол күйреген соң режимнің барлық жақтастары біріккен "Ұлттық қозғалыс" партиясының каудильосы болды. 1973 жылға дейін барлық құрылған үкіметтің Франко басшысы болды. 1969 жылы кортестің төтенше сессиясы мемлекет басшысының мирасқоры етіп, 1931 жылы революция кұлатқан король Альфонс ХІІІ-нің немересі, Хуан Карлосты тағайындауы да, ал 1973 жылы — адмирал Карреро Бланконың премьер-министр болуы да Франконың абсолюттік билігін шайқалта алмады.
Франкизм өзінің қарсыластарына қарсы саяси террорды қатаң рухани және идеологиялық террормен толықтырып отырды. "Коммунистерге қарсы крест жорығы" идеалына берілгендікті режим елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі принципі деп есептеді. Режим өзінің қарсыластарының саяси және идеологиялық толық қарусыздануын талап етті. Испан қоғамына франкизм енгізген идеологиялық платформа Испанияда бір жарым ғасыр ішінде дүниеге келген әртүрлі реакциялық ағымдар, топтар, партиялардың идеологиялық және саяси доктриналарының қойыртпағы еді. Франкизмнің идеологиялық доктринасының мәнін зерттеуші Хуан Висенс былай сипаттайды: "авторитаризм, национализм, экзальтированное провозглашение единения перед лицом классовой борьбы, патерналистская элитарность, исконный, дособорный католицизм"/5/.
40-шы жылдардың соңында 50-шы жылдардың басында франкизмге қарсы экономикалық ұрандармен алғашқы жұмысшы бас көтерулері бой көтерді. Жұмысшылар жалақының аз болуына, кәсіпкерлердің жүгенсіздігіне, бағаның өсуіне қарсы шықты. Жұмысшылар 60 -шы жылдардың басына қарай франкистік режимнің негізіне қарсы талаптар қоя бастады: саяси тұтқындарға амнистия, ереуілдерге, жиналыстарға, тәуілсіз кәсіпорындар құру правосын беру, полициялық террорды тоқтатуды және т.б. талап етті. Жұмысшылардың жаппай бас көтерулері режимнің маңызды тіректерінің бірі "вертикальдық" синдикаттардың күйреуіне әкеп соқты.
70-ші жылдардың ортасында "вертикальдық" синдикаттар әскерсіз генералдарға айналды, өйткені еңбекшілердің көпшілігі 50-ші жылдардың аяғында қалыптасқан кәсіподақ қозғалысының жаңа типі — жұмысшы комиссиясын ашық қолдады. "Вертикальдық" синдикаттардың күйреуі франкизмнің халықтың басым көпшілігімен тіл табуға ұмтылысының толық іске аспағандығын көрсетеді. 50-ші жылдардың ортасында студент қауымы университеттің кәсіподағына /СЕУ/ радикалды реформа жүргізуді талап етті. Өкімет бұған жауап ретінде университеттерді жапты, студенттер арасында тазалау жүргізді, оку корпустары мен студенттік қалашық территорияларында митингілер және манифестациялар өткізуге тиым салды, осы жерлерге полиция мен азаматтық гвардияның үлкен бөлімдерін енгізді, бірақ бұл шаралар отқа май құйды. Режим мен студент қауымы арасында конфликт туды.
60-шы жылдардың аяғында әртүрлі оппозициялық акцияларға: жиналыстар, демонстрациялар, "дөнгелек столдарға" жөне басқаларға интеллигенция белсене қатысты. Испан интеллигенциясының жаңа ұрпағының басым көпшілігі франкизмге қарсы шықты. Олар адвокаттар, журналистер, дәрігерлер, сот қызметкерлері /6/. Өкіметтің интеллигенцияның әртүрлі топтарына жүргізген саяси репрессиялары олардың арасында режимнің ықпалының өсуіне кедергі келтірді.
Каталония мен Баск елінің ұлтшылдық қозғалысы оппозициялық қозғалыста маңызды роль атқарды, олар автономияны қалпына келтіру және ұлттық мәдениетті қорғау үшін табанда күрес жүргізді. Франкизм оларды " ұлттың бірлігіне" қастандық тудырушы ретінде қарап, аяусыз басты. Өкіметтің репрессиясы 60-шы жылдардың соңында радикалдык позициядағы баскі ұлтшылдық ұйымдарының күрестің террористік методтарына көшуіне әкеп соқты да Баск Елінде жағдайды одан сайын шиеленістіріп, режим дағдарысын тереңдете түсті.
Осылайша франкизм төменнен басталып, өсе түскен оппозицияны баса алмайтын жағдайға жетті. Ол "Ұлы Испания" негізінде сақтап қала алмады. 30-шы жылдары антиреспубликандық және антикоммунистік ту астында испан реакциясы таптық-әлеуметтік жағынан әртүрлі күштерді біріктірген болатын: финанс және жер олигархиясы, шіркеу мен әскерді басқарушылар, ірі өнеркәсіп иелері, қала мен селоның орта тобының едәуір бөлігі. Франкистік режим олардың мүддесін барынша қорғады. Олардың экономикалық позициясының нығаюына жағдай жасады. Франкизм тұсында қалыптасқан финанс олигархиясы негізінен қоғаммен мемлекетті үстем күшке айналды /7/.
Режим "бұрынғы" байларға ғана қолайлы жағдай тудырған жоқ, алып-сатар, коррупция негізінде байыған "жаңаларға" да жеңілдіктер жасады. Ап Испанияда 60-шы жылдардың ортасында "экономикалық аристократия" деп аталған 1377 "семья" болды. Режимнің билік басында болуы Франко семьясының баюына пайдаланылды. Франконың інісі Николас Франко "Рено", "Дизель", "Алюминио Иберико" сияқты компаниялардың әкімшілік кеңесінің құрамына енді, қарындасы Пилар биржа ойынында байып, өзінің капиталын фармацевт және металлөндеу өнеркәсібіне салды. Франко семьясының капиталы 41 банкіге салынған.
60-ші жне 70-ші жылдардың бірінші жартысындағы экономикалық "бум" одан сайын "жаңа" буржуазияның позициясын нығайтты, сонымен қатар ол режим экономикасы саясатының біраз бөлігінің наразылығын өсірді. Соның қысымымен 50-шы жылдардың соңында режим "автаркия"* және экономиканы реттеу саясатынан бас тартуға мөжбүр болып, экономиканы "либерализациялауға" көшті, ол испан бизнесіне барынша қолайлы жағдай туғызды. Осындай жағдайда испан буржуазиясы реформа жүргізуге мен осы құрылымды жоюға ұмтылуы күшейді. Франкизм 60-шы жылдары орын алған жағдайдан мемлекеттік басқару системасына "Опус деи" /"Дело божье"/ діни сектасынан технократтар мен әлеуметтік және саяси салаларда либерализаторлық жаңалықтарды енгізу арқылы шығуға тырысты. Технократтар өздерін басқарушы ретінде жаман көрсеткен жоқ, сонымен қатар коррупция, қазына ұрлаушылықпен олар өздерін былғады, ал саяси "либерализация" жүзеге аспады. Сонымен бірге олардың іс-әрекеті испан буржуазиясының әртүрлі топтарының арасында қайшылықгар туғызды, екі ағымның пайда болуына ықпал етті: "эволюционисттер" және ультра, кейінірек "бункер". Өкіметтің тоталитарлық формасына 1936-1939 жылдары франкистік ту астында республикаға қарсы соғысқандардың балалары қарсы шықты. Оларды Испанияда "Режим балалары" деп атады. Олар "көше балаларымен" бірікті.
Испания басқарушы тобының франкизмге көзқарасына тағы бір жағдай әсер етті. Франкизм бірыңғай идеалық-саяси блокқа монархистердің, консерваторлардың, католиктердің, фашистік топтардың әртүрлі фракцияларын біріктірді. Осы блокқа әртүрлі күштердің енуі олардың ішінде үнемі қайшылықтар туғызып отырды. Алғашқы кезеңде режимнің негізгі саяси сүйеніші Испания фалангасы болатын. Осы партияның құжаттық программасы 26 баптан тұрды, ол франкистік мемлекеттің "фундаментальдық негізі" деп саналды. 40-шы жылдардың соңында фаланганың құрамы 1 миллион адамға жетті, соған қарамастан елдегі жетекші саяси күшке айнала алмады. Себебі, әрқашан әскер бақылауында әрекет етті, оның билігіне үнемі монархистер мен католиктер таласты. Герман және итальян фашизмнің күйреуі фаланганы Испаниядан тыс жердегі саяси және рухани қолдаудан айырды. Франко фаланга сүйенішінен бас тартуға мәжбүр болып, басқа реакциялық күшке, атап айтқанда католиктер мен монархистердің консервативтік топтарына арқа сүйеді. Фаланга 50-ші жылдардың ортасында шын мәнінде күйреді, біразы "Ұлттық қозғалыстың" бір бөліміне айналды. 60-шы жылдары "Ұлттық қозғалыста" бір-біріне қарсы топтар пайда болды. Фаланганың ультра оңшыл элементтері оны қайта тудыруға бірнеше рет ұмтылды. 1958 жылдың мамыр айында фаланга принциптері мемлекеттің негізгі принциптері деп жарияланды, бірақ олар бұрынғы позициясын қайтара алмады.
70-ші жылдардың ортасында франкизм өзінің тағы бір таянышынан — католиктік шіркеуден айырылды. Азамат соғысы жылдары жөне одан кейінгі жылдарда шіркеу "крусада" идеясын толық мойындаған-ды, режиммен оның репрессиялық саясатын қолдап, өзінің онымен тығыз байланыста екенін айқын көрсеткен. 1953 жылы Ватиканмен конкордат жасалынған, ол католиктік дінге ерекше құқықтар берген. Алайда, оппозициялық қозғалыстың өсуімен шіркеудің режимінен алшақтау процесі басталды. Шіркеудің "жаңарған" қанаты 60-шы жылдары франкизмнен ажырады. Бұл қанат режим саясатын ашық сынап, оппозицияның демократиялық бостандықтарды қалпына келтіру талаптарын қолдады.70-ші жылдардың ортасында жаңа лептен режимнің маңызды тірегі әскер мен қоғамдық қауіпсіздік күштері де шет қала алмады.
Дегенмен франкистік режим үнемі дағдарыста болды деп айтуға болмайды. Режимнің ұзақ уақыт өмір сүруі жағдайдың өзгеруіне тез бейімделуі, әр түрлі топтармен тіл табысуы, олардың кейбір талаптарын орындауы. Франкизм өзі өмір сүрген жылдары әлеуметтік-экономикалық және саяси маневрдің үлкен төжірибесін жинақтады. 1945-1948 жылдары Испания халықаралық аренада оқшау қалды. Режим осы оқшауланудың көлеңкелі салдарын жою үшін бірқатар реформалар жүргізді: монархияны қалпына келтіру, кортестерді құру,"испандықгар хартиясын" өмірге енгізу. 1959-1960 жылдары экономикалық және саяси дағдарыс туғанда да франкизм күрт бетбұрыс жасап, "ашық экономикаға" көшті, "испандық экономикалық кереметке" жол ашты. 1960 жылдардың ортасында елде оппозициялық қозғалыс кең етек алғанда франкизм "либерализация", реформа эрасын жариялады. Осындай маневрлер елде режимге қарсы оқиғалардың алдын алып, дағдарыстық ситуацияны жойып жіберіп отырды. Режимнің біршама тұрақты болуына оппозициялық күштердің әртүрлі болуы, қимылдарының бір-бірімен үйлеспей жатуы да өсер етті. Оппозициялық партиялар мен топтардың іс-әрекеті көбінде петиция, жазбаша қарсылық, өтініш, үндеу жазумен шектелді. Олар ұсынған жолдар елдегі шиеленіскен мәселелерді шеше алмады. Осылардың барлығы франкизмге қарсы күресте бірыңғай бір платформада біріккен күшті құра алмады.
Франкистік режимді "ұлттық келісім" негізінде бейбіт жолмен жою идеясы испан қоғамының әртүрлі топтарының арасында кең қолдау тапты. Оның себебі: біріншіден жаңа азамат соғысының қауіптену (бұрынғы азамат соғысының қанды зорлығы, азабы, қырғыны естен шыққан жоқ, оны "жеңгендер" де "жеңілгендер" де ұмытқан жоқ) Оппозициялық күштердің жақындасуының алғашқы қадамы 1962 жылы маусымда Мюнхенде өткен буржуазиялық партиялар мен социалистер өкілдерінің мәжілісінде жасалды. Онда Испанияда диктатурадан демократияға өтудің бес шарты көрсетілді: елде демократиялық институтаттар қүру; адам құқына нақты кепілдік беру; үлттық топтардың қүқын тану; кәсіподақ бостандығын қамтамасыз ету; оппозиция құқылығы. Алайда, оппозициялық топтар мен партиялардың жақындасу процессі ұзаққа созылды. 1974 жылы маусымда Демократиялық Кеңес құрылды. Оған Испания Компартиясы, Социалистік Халық партиясы және басқа партиялардың топтары бірікті. Ұзамай Испания Социалистік жұмысшы партиясы инициативасымен басқа коалициялық оппозициялық күш - Демократиялық конвергенция платформасы, немесе Демократиялық келісім партиясы құрылды. 1976 жылдың наурызында осы екі оппозициялық блок - Демократиялық кординация құру арқылы бірікті. Олардың бірігіп жариялаған коммюникесінде елде демократиялық қоғам орнатуға қол жеткізу және саяси сипаттағы талаптары көрсетілген.
70-ші жылдардың басында франкизмнің маневр жасау мүмкіндігі тоқтады. Испанияда демократиялық Кеңес құрылғаннан кейінгі жағдай жөнінде 1974 жылы француздың "Юманите" газеті былай деп жазды: "Франкизмнен кейінгі кезең бұл гипотеза емес... Франкизмнің күйреуі диктатурада ұлттық оппозицияның өсуімен білінеді... социалистер, христиандар, либералдар, монархистер, дін қызметкерлері, өнеркәсіп иелері жұмысшылармен, коммунистермен бірге әрекет етуде. Аз уақыт қана бұрын бір-біріне қарсы тұрғандар бір мақсатта: Испанияда демократияны қалпына келтіру мақсатында бірікті/8/. Франкизмнің саяси және идеологиялық жүйе ретінде күні бітті. Одан басқарушы топ та, қалың көпшілік те бас тартты. Барлығы да өзгерістің қажет екенін түсінді. Осындай жағдайда 1975 жылы 20 қарашада 82 жастағы диктатор қайтыс болды. Оның жерлеуін ультра Мадридте және басқа қалаларда манифестациялар өткізумен атап өтті. Қырық жылдық режим тарихы аяқталды. Болашаққа сенген жаңа кезең басталды. 22 қараша 1975 жылы принц Хуан Карлос, Хуан Карлос I деген атпен Испания королі болып жарияланды. Ол өзінің такқа отыру рәсімінде сөйлеген сөзінде елде реформалар жүргізу қажет екендігінін түсінетінін атап өтті.
Қорытынды
Испания үшін бірінші дүниежүзілік соғыс пен екінші дүниежүілік соғыс аралығы өзінің болашақ тарихи тандауын жасаған уақыт болды. 20-шы жылдары басталған саяси дағдарыс билікке әскерилердің төңкеріс жасап келуін, үкіметті Примо де Ривера сияқты диктатор басқаруына жағдай туғызды. Алайда, 1930 жылға дейінгі аралықта болып өткен ереуілдер, өткен митингілер халықтың мүндай диктаторлық режиммен келіспейтіндіктерін айқын танытты. Примо бастаған осы диктаторлық үкіметтің отставкаға кетуі осы қарсылықтың нәтижесі. Европа елдерінде алғашқылардың бірі болып мұнда фашизмге қарсы Халық майданы құрылды. Жұмысшылары мен шаруалары, оларға қосылған солдаттар көтеріліске шығып, тағы да республика жариялады.
1931 жыльі Беренгер үкіметін отставкаға кетуге мәжбүр етті Жаңа үкіметті Аснар басқарды. Ол 12 сәуір 1931 жылы муниципалитеттерге сайлау жүргізілетінін жариялады. Бұл сайлау "Республика жасасын!" деген ұранмен өтті. Республикандықтар өнеркәсіптік аудандарда көп дауысқа ие болды. Сайлау нәтижесінде король Альфонс шетелге кетті, "революциялық комитет" Испанияны республика деп жариялады. Республика жариялануымен өкімет билігі буржуазия мен либералдық помещиктер блогының қолында болды. Буржуазиялық партиялар мен социалистердің өкілдерінен құрылған коалициялық уақытша үкіметін оңшыл республикандық Алькола Самора басқарды. Республика өміршең болмады.
9 желтоқсан 1931 жылы конституция қабылданды. Өткен ғасырдан бергі кезеңіне көз жүгіртсек Испанияда 1812, 1834, 1837, 1845, 1869, 1976, 1931 жылдары конституциялар қабылданған Ал франкистік диктатура жылдарында конституция емес, "негізгі заңдар" ғана шығарылды. Тек 1978 жылғы конституция демократиялық жаңартуларға жол ашты.
Қорыта айтқанда монархияға қарсы жалпылық сипатта күрес бастаған елдердің бірі болды. Мұнда буржуазияның өз билігінен айырылып қалу үрейі террорлық әрекеттерге итермеледі. Ал одан кейінгі кезеңде ортақ антифашистік халық майданы құрылып, фашизмге қарсы қарулы күрес жанданған бірден-бір ел болды. Ұлттық-революциялық соғыстар барысында жаңа саяси құрылыс негізі қаланды. Алайда, соғыс демократиялық күштердің жеңілісімен аяқталды. Испанияда кейінгі 40 жыл франкизм басқарып тұрды. Ол фашистік режимдердің ішіндегі ең ұзақ билік құрған және ең соңғысы болды. Европадағы бұл режим 1975 жылы Франконың өлімімен, буржуазиялық-демократиялық тәртіптердің бірте-бірте қалыпқа келтіру процесі жүрді. 20 жылдардан кейін алғаш рет фашизм Европа жерінде өмір сүруін тоқтатты.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Красиков А. Испания и мировая политика. Полвека дипломатической истории. М., 1989.,с.30-35. Страны мира. М.,1997
2.Проблемы испанской истории. М., 1979; с.67-75.
3.Баранова Т.Н.,Лукьянова Л.И. Испания: истоки и соверменные тенденции оппозиционного движения. М., 1977; Социально-экономические проблемы истории Испании. М., 1965. с.55.
4.Тамамес Р. Республика. Режим Франко. Мадрид, 1973; Ибаррури Д. Единственный путь. М., 1962, с.455.
5. История фашизма в Западной Европе. М., 1978; Современная Испания. М.,1983; Пожарская С. От 18 июля-долгий путь. М.,1977.
Бірінші тарау
1. Новейшая история. 1917-1939. М.,1958.с. 243.
2. сонда, с.244.
Международное рабочее движение. М.,1980. с.- 162.
Современная Испания. М.,1983,с. 82.
Испанская революция 1930-1931 гг. и "Двухлетие реформ" (1932-1933) М.2002.с.83.
Баранова Т.Н., Лукьянова Л.И. Испания: истоки и соверменные тенденции оппозиционного движения. М., 1977. с.122.
Всемирная история. Т.ІХ. М.,1954. с.384.
Сонда с.384.
Тамамес Р. Республика. Режим Франко. Мадрид, 1973.с.235.
10. История фашизма в Западной Европе. М., 1978. с.48.
11. Современная Испания. М.,1983.с.128.
Екінші тарау
Новейшая история. 1917-1939. М.,1958. с. 262.
сонда,с.263.
Международное рабочее движение. М.,1980.с.41.
Всемирная история. Т.ІХ. М.,1954. с.467.
В.В. Загладин. Современная Испания. М.1993,с.169.
Современная Испания. М.,1983, с.124.
сонда, с.92.
8.И. Кудрин. Испанцы у себя дома. М.,1994.с.13.
Үшінші тарау
1. За рубежом, 1976, №16, -12 бет.
2. Пожарская С.П. Генералиссимус Франко и его время. – Новая и новейшая история, 1990, № 6., Тамамес Р. Республика. Режим Франко. Мадрид, 1973, с.356-357.
3. Ибаррури Д. Единственный путь. М., 1962, -455 бет.
4. Кныркова Ж.Ю. Последний западноевропейский диктатор Франсиско Франко. – В кн.: Исторические портреты: неизвестное об известных. М., 1993
История фашизма в Западной Европе. М., 1978, -469 бет.
Проблемы испанской истории. 1979. М., 1979. 103 бет.
Баранова Т.Н., Лукьянова Л.И. Испания: истоки и соверменные тенденции оппозиционного движения. М., 1977., 118-120 бет.
7.Социально-экономические проблемы истории Испании. М.,1965,
312 бет.
8.Современная Испания. М.,1983, 22-бет.
Достарыңызбен бөлісу: |