Аллергиялық анамнез – шаңға Полиноз . Түшкіру ретінде көрініс береді .Ем- шара қолданбаған .
Обьективті қарау: Науқастың жағдайы: орташа ауырлық дәрежеде өкпедегі қабыну процессінің бұзылуының және интоксикация әсерінен .
Төсектегі қалпы:белсенді
Есі: анық
Науқастың салмағы 31кг . Температурасын өлшеу барысында 37,7 С көрсетілді .
ЖЖЖ минутына 120 /минутына , тынысы алу жиілігі 30/минутына . Науқастың сатурациясы 93 % . Тәбеті төмендеген . Қарау кезінде дене температурасы субфебрилді көрсеткіште . Дене қалпы – нормостеник . Тірек-қимыл жүйесі деформациясыз. Бұлшықеттер нормотонусты . Шеткі лимфа түйіндері ұлғаймаған. Терісі бозғылт, таза. Көзге көрінетін шырышты қабаттар бозғылт қызғылт түсті. Тері асты май қабаты біркелкі дамыған. Ісіну жоқ Тамағы қызармаған. Мұрынмен тыныс алу қиындықпен себебі мұрындағы серозды бөлініс әсерінен. Кеуде қуысы дұрыс пішінді, симметриялы .Науқаста күнделікті жөтел қатты мазалайды . Өкпеде перкуссияда өкпелік дыбыс естіледі. Өкпесінде тыныс аускультациясында қатқыл дыбыс естіледі. Екі жақты құрғақ сырылдар естіледі өкпенің жоғарғы бөлігінде. Жүрек тондары тұйық, ырғағы дұрыс. Гемодинамикасы тұрақты. Науқастың ауыз қуысы таза , тілі дымқыл , бадамша бездер ісінбеген , қызармаған. Іші қалыпты пішінді, ісінбеген, пальпацияда: жұмсақ, ауырсынусыз. Тыныс алу актісіне симметриялы түрде қатысады . Щеткин – Блюмберг симптомы теріс . Нәжіс дұрыс, қалыпты. Бауыр қабырға доғасының шетінде. Көкбауыр пальпацияланбайды.. Зәр шығару еркін және ауыртпалықсыз.Бүйрек аймағы симметриялы . Пастернацкий симптомы екі жақ бүйректеде теріс . Бүйрек пальпацияланбайды .
Алдын ала болжамды диагноз:Ауруханадан тыс екі жақты бронхопневмония орташа ауыр дәрежеде. ДН 1
Қосалқы аурулар : БА персистирующее теченеие
Зерттеулер : ЖҚА , ЖЗА