Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз
Ту қып ұстап бірлікті,
Тату - тәтті жүреміз.
Қазақ:
Мен қазақпын биікпін байтақ елмін
Деп жырлаған Жұбандай ақын ермін
Мен қазақпын Бауыржан, Төлегендей
Батырларын қашанда мақтан еткен.
Мен қазақпын, даладай пейілім кең
Көк байрағым көгімде желбіреген
130 - дай ұлтты жатырқамай
Құшағыма басамын мейірленем!
Орыс:
Ал орыс әрқашанда дос - жар халық
достығы орыс - қазақ бір - бір тарих
Абай ата достығын орыспенен
Үлгі еткен ұрпақтары мақтан қылып.
Кім білмейді дариядай Толстойды
Сөздерін оқысаңыз жанға жайлы
осындай ұлт баласы біз боламыз
Ұйытқан асыл сөзбен барша жұртты
Өзбек:
Өзбекті өз ағамыз дейді қазақ
Көп ұлтты республикама болған қонақ
Оңтүстік өңірінде мекен еткен
Оны үлгі етеді әрбір қазақ.
Біз сондай еңбекқорлық үлгісіміз
Шөл далада Самарқантта гүл еткенбіз
Қазақты "өз інім деп" мен де сыйлаймын
Түркінің екі ұлымыз біз өйткені
Қазақ
Орыс
Өзбек
Достарыңызбен бөлісу: |