Бітіруші дипломдық жобасына (жұмысына) Пікір Жоба тақырыбы: «Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалауды психологиялық ерекшеліктері»



бет3/8
Дата24.04.2017
өлшемі2,92 Mb.
#14791
1   2   3   4   5   6   7   8

1-ші анықтаушы эксперименттің 2-ші әдістемесі.

Әдістеме атауы: ойлаудың рефлексивтілігін бағалау.

Жабдықталуы: зерттеу хаттамалары, сөздері ауыстырылып берілген анаграммалар жазылған тест материалы, уақыт өлшеуіш.

Жүргізу жолы: жұмыс оқу шымен жеке дара жүргізіледі. Ең алдымен баланың жұмыс істеу ниетінің болу-болмауы жайлы мәлімет алу маңызды болып табылады. Сыналушылардың орындайтын алдағы жұмысы келесі нұсқау арқылы түсіндіріледі: "Сіздерге анаграммалар шешу қажет болады, яғни әріптері орын ауысқан сөздер қатары. Әрбір анаграмманы сөз шығатындай тез, әрі дұрыс табу керек. Әрбір анаграмманы шешу уақыты тіркеліп отырылады".

Жұмыс аяқталған соң, зерттеуші сыналушыдан анаграмманы қалай шешкендігін, әріптердің орналасу кезектестігін байқаған-байқамағандығын сұрап, анық жауабын хаттамаға тіркейді (кесте Б1).



Нәтижені өңдеу.

Нәтижені өңдеу барысында міндетті түрде ойлаудың рефлексивтілігінің байқалу деңгейінің көрсеткішін және есепті шешу уақытының көрсеткішін, анаграмманы шешу қиындығының рангтық көрсеткіштерін алу керек.

Ойлаудың рефлексивтілігінің байқалу деңгейінің көрсеткішін алу үшін, әрбір дұрыс шешілген сөзге 1 ұпай және сыналушы егер де анаграмма әріптерінің орналасу кезектестігін тапқан жағдайда 1 ұпай қосылады (кесте Б2).

Ойлаудың рефлексивтілігі байқалу деңгейінің көрсеткіші сыналушылардың жинаған ұпайларының оның шешілу саыына бөлінуі арқылы анықталады.

Уақыт көрсеткіші анаграмманы шешуге кеткен орташа арифметикалық уақытты білдіреді.

Ранг көрсеткіші шешілген анаграмманың ең қиын нөміріне сәйкес келеді.

Сыналушы М.А., 1 ә сынып

Дамытушы экспериментке дейінгі рефлексивті ойлау деңгейінің көрсеткіші 0,3-ті, яғни төменгі даму деңгейін құрайды (кесте 3)

Ал, дамытушы эксперименттен кейін, бұл көрсеткіш 0,6-ны көрсетіп, орташа даму деңгейіне жоғарылады (кесте Б4).

Сыналушы И.К 2 б сынып.

Дамытушы экспериментке дейінгі рефлексивті ойлау деңгейінің байқалу көрсеткіші 0,4-ті, (кесте Б5) яғни орташа даму деңгейін, ал дамытушы эксперимент кейін ол көрсеткіш 0,8-ге артып, жоғары деңгейіне көтерілгендігін көрсетеді (кесте Б6).

1-ші анықтауыш эксперименттің 3-ші әдістемесі.

Әдістеме атауы: "Он сөзді жаттау"

Әдістеме мақсаты: Он сөзді жаттау әдістемесі көмегімен естің амалдарын: есте қалдыру, есте сақтау және кайта жаңғыртуды зерттеуге болады.

Бұл әдістемені А.Р. Лурия ұсынған.

Жабдықталуы: мазмұны жағынан байланысы жоқ он сөзден тұратын сөз қатары.

Сөз қатарының үлгісі:

1.Нан, бала, терезе, бал, үй, мысық, орман, су, саңырау құлақ, орындық.

2. Түтін, ұйқы, шар, мақта, бұта, сағат, мұз, түн, еден, қалам.

3. Су, лақ, қап, ожау, қағаз, күн, қыс, гүл, терезе, өшіргіш. Зерттеудің жүргізілу жолы: Алдымен зерттеуші сыналушылардың зерттеуге қаншалықты дайын екендіктерін, көңіл-күйлерінің шамасын байқайды. Зерттеу әр баламен жеке жүргізіледі. Сыналушылардың алдағы орындайтын жұмысы келесі нұсқау көмегімен түсіндіріледі:

"Мен қазір, сіздерге он сөз оқимын, мұқият тындаңыздар! Мен оқып болған соң, естеріңізде қалған сөздерді кез-келген ретпен қайталаңыздар".

Зерттеуші сөздерді анық, жәй оқиды. Хаттамада әр сөзді айтылғаннан кейін қайта жаңғырту ретін және дәлдігін санмен немесе крестикпен белгілейді. Ал, кейде айтылатын сыналушының артық сөздері де хаттамаға тіркеліп отырады (Қосымша В).

Сыналушы М.А 1 а сынып

Дамытушы экспериментке дейін 3 сөзді қайта жаңғыртып есте сақтаған, ал дамытатын эксперименттен кейін қайталап жаттаған сөздерінің сайы 5-ті құрайды яғни, есте сақтауы жоғарылаған (кесте - В2).

Сыналушы И.К 2 а сынып

Дамытатын экспериментке дейін қайта жаңғырған сөздердің саны 5-ке тең, ал дамытатын эксперименттен кейін қайталаған сөздерінің саны 7-ге тең, яғни есте сақтаудың жоғарылағанды-ғын білдіреді (кесте ВЗ).

1-ші анықтаушы эксперименттің 4-ші әдістемесі.
Әдістеме атауы: зейіннің таңдамалылығын бағалау.

Әдістеме мақсаты: Әдістеме көмегімен естің тандамалылығын зерттеп оқыту процесінде естің бұл қасиетінің маңыздылығын дәледеу.

Жабдықталуы: әріптер қатары жазылған тест материалы; тест кілті уақыт өлшеуіш.

Жүргізілу жолы: Зерттеу әр оқушымен жеке-дара жүргізіледі. Баланың жұмысты орындауға ынтасының болу-болмауын тексеру зерттеушінің ең алғашқы міндеті болып табылады. Сыналушылардың орындайтын алдағы ісі келесі нұсқау көмегімен түсіндіріледі:

"Алдарыңыздағы әріптер қатарынан тұратын тест материалынан сіздер сөздерді табуға тырысыңыздар, Тапсырманы мейлінше тез, әрі қатесіз орындауға тырысуларыңыз керек!"

Зерттеуші сыналушылар жауабын тіркеп, уақытты жазып алып отырады. Сыналушы жұмыстары тиісті кілтпен салыстырылады (Қосымша В).


Нәтижені өңдеу.

1. Нәтижелер кесте көмегімен бағаланады (кесте В1).

2. Ұпайларды сөздерді іздеуге кеткен уақытқа байланысты тағайындайды. Әрбір қалып қойған сөз үшін 1 ұпайдан кемітіліп отырылады.

3. Ұпайлар (кесте В1) зейіннің таңдамалылығының байқалуының сандық тұрғыда анықталуына мүмкіндік береді.

Сыналушы М.А. 1 а сынып

Дамытатын экспериментке дейін зейіннің тандамалылығының байқалуы төменгі деңгейді көрсетсе, дамытатын эксперименттен кейін бұл деңгей орташа деңгейге жоғарылаған.

Сыналушы И.К. 2 а сынып

Бұл сыналушының зейінінің тандамалылығының байқалу деңгейі дамытатын экспериментке дейін орташа деңгейде болса, дамытатын эксперименттен кейін жоғары деңгейге көтерілген.



Бастауыш мектеп оқушыларының танымдык іс-әрекеттері бойынша оқытуды бағалауды анықтауға жүргізілген әдістемелер негізінде дамытатын экпериментке дейінгі және дамытатын эксперименттен кейінгі тәжірибеге алынған оқушылардың жеке өлшеулік көрсеткіштердің мәнділігін Спирменнің формуласы бойынша статистикалық өңдеу арқылы жүргіздік (қосымша В2).

Сонымен, қорыта айтқанда біздің зерттеуіміздің мақсаты бастауыш мектеп оқушыларының білімін танымдық іс-әрекет негізінде бағалау барысында олардың ынта-ықыласын ойлау іс-әрекетіне аудару, зейіннің таңдамалылығын, есте сақтауды дамыту, білім алуға деген ішкі ниеттерін тәрбиелеп арттыру болып табылады.

3 кесте - Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеті бойынша оқытуды бағалаудың дамытушы экспериментке дейінгі және кейінгі нәтижелерін статистикалық талдау көрсеткіштері


Оқушылар-дың жасы

Сөз

мағыналық ойлау



Ойлаудың рефлексивті белсенділігі

Есте сақтауы

Зейіннің таңдамалылығы

1 -сынып оқушылары

0,65

0,69

0,81

0,65

2-сынып оқушылары

0,74

0,59

0,72

0,69


2.3 Мотивацияға байланысты білімді бағалаудың

әдістемелері
Қазіргі үнемі толқып тұрған ауыспалы жағдайдағы заманда бірінші орында оқушыны пәндік білім, шеберлік, дағдыларға үйретіп, оқытып қою ғана тұрған жоқ, (ол пәндердің кейбірі қажет болмай қалуы мүмкін) болашақта белсенді кайраткер, қоғамдық өсуі қамтылған жан-жақты дамыған жеке тұлғаны оқыту-тәрбиелеу болып отыр. Сондықтан да мұндай нәтижелерге қол жеткізу үшін, ең алдымен оның қажеттіліктері мен мотивтерін дамыту көзделінеді.

Оқыту мотивациясының сипаты және жеке тұлғаның ерекшеліктері білім беру сапасының көрсеткіштері болып табылады.

Табысты, нәтижелі оқытуда мотивация факторы интеллект факторынан күштірек. Түрлі оқыту мотивтерінің арасынан жекелеп алғанда ішкі, сыртқы мотивтерді бөліп алуға болады. Олардың айырмашылығын Л.М.Фридман былай сипаттайды: "Егер де берілген әрекетті тудыратын мотивтер әрекетпен байланысты болмаса, оларды осы әрекетке қатысты сыртқы деп, ал егер де мотивтер әрекетпен тікелей байланысты болса, оларды ішкі мотивтер дейді".

Мотив әрекет мақсатымен сәйкес болса, ішкі болады, яғни оқыту әрекеті жағдайында оқу пәнінің мазмұнын игеру бір уақытта мотив те, әрі мақсат та болады.

Ішкі мотивтер субъектінің танымдық қажеттіліктерімен, таным процесінен алынатын қанағаттанумен байланысты. Оқушы таным процесіне тікелей қосылады әрі бұл оған эмоционалды қанағаттану тізімін туғызады.

Ішкі мотивацияның үстемдік етуі оқу әрекетінде оқушының жеке белсенділік танытуымен сипатталады. Оқу әрекетінің сырткы мотив өзге мақсаттар болады. Ол: мақтау, шәкіртақы, жақсы баға т.б.

Сыртқы мотивацияда білім оқыту мақсаты болмайды, таным процесінен алыс болады оқып-меңгерілетін пәндер оқушы үшін іштей қабылданбайды, оқу пәндерінің мазмұны жеке құндылық болмайды.

Мұғалім, педагог өз әрекетінің тиімділігін арттыруды мақсат өте отырып, әрине оқытудың мотвациясына мән береді және мотивацияның жоғары деңгейде әрі белсенді болуына ұмтылады. Сол кездегі оқушылардың бойындағы мотивация деңгейлерін анықтауға беретін әдістемелік құралдардың маңызы зор.

Білім беру процесінде қолданылатын және оқытудың тиімділігін негіз болатын пәнді оқып - игеруге бағытталғандықты әдістемесі ұсынылып отыр.

Әдістеме атауы: Т.Д. Дубовицкаяның оқу мотивациясының бағыттылығын анықтау.

Әдістеме мақсаты: Оқушылардың нақты пәндерді оқып-меңгеру барысындағы оқу әрекеті ішкі мотивациясының даму деңгейін және бағыттылығын айқындау.

Жабдықталуы: Сауалнама бланкісі, өндеу кілтінің бланкісі

Жүргізілу жолы: Зерттеуді жүргізбес бұрын, сыналушылардың көңіл-күйінің дайындығы тексеріледі де, әр баламен жеке-дара жүргізіледі. Әдістеме 16 сұрақтан және оған ұсынылған жауаптар нұсқасынан тұрады.

Зерттеу келесі нұсқау көмегімен түсіндіріледі.

"Сіздер оқыту тиімділігін арттыруға бағытталған зерттеуге қатысқалы отырсыздар. Әрбір сұрақ-пікірді оқып шығыңыз да, /сыналушылар бірінші сынып оқушылары болғандықтан оларға мәтінді мұғалім оқып береді/ оқылатын пәнге қатынасыңызды білдіріңіз. Ол үшін әр пікірдің тұсына тиісті белгілерді қоюларыңыз керек (Қосымша Е).

дұрыс (++)

мүмкін, дұрыс (+)

мүмкін, дұрыс емес (-)

дұрыс емес, қате (- -)

Біздердің нұсқауымыздың сапасы сіздердің беретін жауаптарыңыздың дәлдігіне, шындығына тәуелді. Сондықтан да шын, дәл жауаптарды күтеміз.

Сауалнамаға қатысқаныңызға көп рахмет!
Нәтиженің өңделуі:

Сауалнама көрсеткіштерін есептеу арнайы кілт көмегімен жүргізіледі. "Иә" деген оң жауаптарды (дұрыс, мүмкін дұрыс), ал «жоқ» - теріс (мүмкін қате, дұрыс емес) жауаптарды білдіреді (кесте Е1)

Кілтпен әрбір сәйкестік үшін бір ұпай қосылады.

Әрі бұл әдістемені келесі мәселелерді шешуде қолдануға болады:

1. Оқушылардың үлгермеушілік себептерін анықтау үшін.

2. Белгілі оқу пәндерінің тиімділігін арттыру және жетілдіру шараларын іздеу үшін.

3. Оқушылардың мотивациялық аумағын белсенді ету әдістерін іздестіру үшін.

Сыналушы М.А 1 ә сынып

Дамытатын экспериментке дейін 5 ұпай жинап, ішкі мотивацияның төменгі деңгейін көрсетсе, дамытатын эксперименттен 8 ұпайға ие болып ішкі мотивация деңгейі орташа деңгейге (кесте Е 2)

Сыналушы И.К 2 б сынып

Дамытатын экспериментке дейін 7 ұпай жинап, ішкі мотивацияыың орташа деңгейін көрсетсе, дамытатын эксперименттен кейін 12 ұпайға артып, ішкі мотивация деңгейі жоғарғы деңгейге көтерілді (кесте Е 3).

Әдістеме атауы: бастауыш сынып оқушыларының мектеп мотивация деңгейлерін бағалауға арналған Н.Г.Лусканованың сауалнамасы.

Әдістеме мақсаты: Әдістеме көмегімен балалардың мектепке және оқытуға деген қатынасын білу.

Жабдықталуы: Сауалнама бланкісі.

Жүргізіу жолы: Зерттеу жүргізілер алдында оқушылардың жалпы көңіл-күйі анықталады.

Зерттеудің жүргізілуі келесі нұсқау көмегімен түсіндіріледі.

"Алдарыңыздағы қағаздарда сіздің мектепке, оқытуға деген қатынасыңызды білдіретін 10 сұрақ бар (Қосымша Ж) және әр сұраққа берілетін жауап нұсқалары бар. Сол жауап нұсқаларының бірін таңдауларыңыз керек".

Нәтиженің өнделуі: жауаптар негізінде нақты оқушы мектеп мотивациясы 5 деңгейінің біріне қатысты болуы мүмкін. Ол деңгейлер:

1. Жоғары мектеп мотивациясы, оқу белсенділігі - 25-30 ұпай.

2. Дұрыс, бірқалыпты мектеп мотивациясы - 20-24 ұпай.

3. Мектепке деген оң, жағымды қатынас, бірақ мектеп оқудан тыс жақтарымен көбірек қызықтырады.- 15-19 ұпай.

4. Төменгі мектеп мотивациясы - 10-14 ұпай.

5. Мектепке деген теріс, нашар қатынас, дезадаптация — 10 ұпайдан төмен.

Мектепке және оқу жағдайларына дұрыс қатынас танытқан жауап ұпаймен бағаланады, ал нейтрал жауап - 1 ұпай, мектеп жағдайына теріс көзқарасты білдіретін жауап - 0 ұпай деп бағаланады.

1-2 деңгей - адаптация

3-4 деңгей - ішкі дезадаптация

5 деңгей - дезадаптация.

Сыналушы М.А 1 а сынып

Дамытатын экспериментке дейін 4 ұпай дезадаптация деңгейін де болса, дамытатын эксперименттен кейін 17 ұпай, яғни ішкі дезадаптация деңгейіне көтерілген. Бұл мектепке деген оң қатынасты білдіреді, мектеп тек оқудан тыс жақтарымен қызықты (кесте Ж1).

Сыналушы И.К 2 а сынып

Дамытатын экспериментке дейін 24 ұпай жинап, адаптация яғни дұрыс, бірқалыпты мектеп мотивациясын көрсеткен. Ал, дамытатын зксперименттен кейін 28 ұпай жинап, адаптация яғни жоғарғы мектеп мотивация деңгейін, оқу белсенділігін танытқан (кесте Ж2).

4 кесте - Бастауыш сынып оқушыларының оқыту мотивтерінің негізінде окытуды бағалау үшін дамытушы экспериментке дейінгі және кейінгі нәтижелерін статистикалық талдау көрсеткіштері


Оқушылардың

жасы


Т.Д. Дубовицкаяның

оқу мотивациясының

бағыттылығын анықтау

әдістемесі



Н.Г.Лусканованың

оқу мотивация-

сының деңгейлерін анықтау әдістемесі


1 -сынып оқушылары

г - 0,62

г- 0,70

2-сынып оқушылары

г - 0, 69

г - 0,62

Оқыту мотивациясының сипаты мен жеке тұлғаның ерекшеліктері білім беру сапасының көрсеткіштері болып табылады. Мотив әрекет мақсатымен сәйкес болса, ішкі болады, яғни оқыту әрекеті жағдайында оқу пәннінің мазмұнын игеру бір уақытта мотив те, мақсат та болады.



Мысалы; 2 - ші сынып оқушыларының Т.Д.Дубовицкаяның оқу мотивациясының бағыттылығын анықтау әдістемесі бойынша дамытатын экспериментке дейінгі және кейінгі көрсеткіштер бойынша статистикалық өңдеудің мәнділігін Спирменнің формуласымен анықтадық (Қосымша Ж, кесте Ж4).

Бұл мәнділік көрсеткіштер арқылы оқу мотивациясының бағыттылығы мен деңгейін анықтау әдістемесі арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқыту мотивтерінің негізінде білімді бағалау маңыздылығы мен мәнінің алатын орны ерекше зор деген негізгі болжамдарымыздың орындалуын дәлелдедік. Дамытатын эксперименттің баланың танымдық іс-әрекетіне, оқыту белсенділігіне және оқу мотивтеріне әсер ете отырып, оқытудағы бағалаудың тиімділігінің артуына және мәнін толық түсінуге мүмкіндік береді.

Біздің зерттеу жұмысымыздағы статистикалык болжамды анықтау бастауыш мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекеті негізінде оқыту процесіндегі бағалаудың психологиялық ерекшеліктерін екінші және екінші статистикалық өңдеу нәтижелері арқылы дәлелденді.

Эксперимент нәтижелерінің статистикалық өңдеу әдістері деп эксперимент барысында алынатын математикалық тәсілдер, формулалар, сандық есептеу тәсілдерін атайды. Оларды жалпылауға әрі бір жүйеге келтіре отырып, ондағы жасырын заңдылықтарды анықтауға болады.

Осыған орай, эксперименталдық және бақылау топтарының дамытушы экспериментке дейінгі және кейінгі нәтижелерін талдау Шымкент қаласы, «Үміт» мектеп интернаты, Н.Оңдасынов атындағы №38 гуманитарлық мектеп гимназиясының 1а эксперимент тобы, 1б - бақылау, 2а - бақылау тобы, 2 - эксперимент тобы, көрсеткіштері (№ 8 кестені қараңыз) берілді.

Бұл көрсеткіштер Спирменнің корреляция коэффициентінің рангілеу формуласы көмегімен алынды:



Статистикалық өңдеу сыныптар арасында әр түрлі кезеңде өтті. Мысалы, 1-ші сыныптарда 2-ші мен 4-ші тоқсанның басы мен 4-ші тоқсанның аяғында, 2-ші, 3-ші, 4-ші тоқсанның аяғында жүргізілді.

1-ші сыныптарда анықтаушы эксперименттің 1-ші әдістемесі сөз-мағыналық ойлау бойынша дамытушы экспериментке дейінгі зерттеу жұмысының көрсеткіші 2а бақылау және 2 б эксперимент топтарында - 0,14 көрсеткіші арқылы екі сыныптың білімі тең, ешқандай мәнділікке ие болмайды, Ал дамытушы эксперименттен кейін бұл көрсеткіш гS-0,72-ге көтеріліп, жоғары мәнділікке ие болды.

Ал, он сөзді жаттау әдістемесі бойынша 2а -эксперимент тобы 2ә бақылау топтарында дамытушы экспериментке дейіыгі зерттеу жұмысының нәтиже көрсеткіштері гS - 0,11 көрсеткішіне тең болып (кесте Б4 қараңыз) еш мәнділікке ие болмайды, ал дамытушы эксперименттен кейін бұл сыныптар арасындағы ол көрсеткіш гS-0,88-ге артып, жоғары мәңділікке ие болады.

Біз анықтаушы эксперименттің нәтижелерін корреляциялық байланысты табу арқылы анықтадық.

"Корреляция" термині өзара байланыс, өзара тәуелділік мағынасын білдіреді. Корреляция туралы айтқанда "корреляциялық байланыс" термині қолданылады. Корреляциялық байланыс - бұл екі белгінің немесе бірнеше бөлгінің (көп мүшелі корреляциялық байланыс) бір-бірімен сәйкестене өзгеруі. Мысалы, экспериментке алынған Шымкент қаласындағы «Үміт» мектеп интернаты, Н.Оңдасынов атындағы №38 гуманитарлық мектеп гимназиясының (кесте 9) 1а эксперимент тобы мен 1ә - бақылау топтары арасында Л.Н.Засоринаның жазбаша тіл шеберлігін бағалау әдістемесін жүргізу барысында дамытушы экспериментте зерттеу нәтижелерінің көрсеткіші гS-0,17 төменгі мәнділікті көрсетсе, ал дамытушы эксперименттен кейін бұл көрсеткіш гS-0,78-ге артып, жоғары мәнділікке ие болды.

Эксперименталдық зерттеудің нәтижелерін Спирменнің рангілер корреляциясы коэффициенті арқылы өңделді.

Корреляциялық коэффициент шамасына қарай корреляциялық байланыстың жалпы түрдегі 5 деңгейі анықталынды:

1) өте жоғарғы, күшті байланыс г < 0,90;

2) мәнді, жеткілікті байланыс 0,70< г < 0,82;

3) орташа байланыс 0,50 <г < 0,69;

4) әлсіз байланыс 0,49< г< 0,25;

5) өте әлсіз байланыс 0,02 <г< 0,24.

Қорыта келгенде, анықтаушы эксперименттің эксперименталдық және бақылау топтарының экспериментке дейінгі және кейінгі нәтижелерін №8, толығымен беріп отырамыз. Яғни, біздің оқыту бастауыш мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекеті негізінде бағалаудың психологиялық ерекшеліктеріне жүргізілген үш бағыттағы, бірінші танымдық іс-әрекет негізінде, екіншіден белсенді оқыту әдістеріне және үшіншіден оқыту мотивациясына жүргізілген дамытушы эксперименттегі оқытуды бағалауға жүргізілген жоспарлы және жүйелі жұмыстар ғылыми зерттеу жұмысымыздың жалпы болжамына міндет етіп қойған нәтижемізге қол жеткіздік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет