Тәуелсіздігіміз біздің ең басты құндылығымыз. Біз тәуелсіздігімізді оңайлықпен алмадық. Ата – бабаларымыздың ғасырлар бойы армандаған. Азаттық жолында құрбан болған. Талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырған аманаты екені сөзсіз. Ата – бабаларымыз ғасырлар бойы елі үшін күресті. Ұшқан құстың қанаты талатын осынау кең даланы біздің ата-бабаларымыз ғасырлар бойы «ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен» қорғап қалды. Бұл далада халқымыз бостандық пен еркіндік жолында соғысты. Халқымыздың басынан қара бұлт серпілмеді. Біздің ата-бабаларымыз ешқашанда бірінші болып соғыс ашпаған, қашанда бибітшілікті ту етіп ұстаған халық. Дүние жүзіндегі халықтардың ортақ ойы, арманы бостандық және тәуелсіздік болған.
Тәуелсіздік қандай киелі сөз! Осы бір құдіретті сөздің тереңінен көз жіберіп, ой елегінен өткізсек, сол сөздің астарында «еркіндік, бостандық» деген мағына жатыр. Тәуелсіз ел тарихы- отаншылдықтың, ерліктің не екенін дәлелдейтін тамыры тереңдегі тарих. «Елім, Отаным» деген қасиетті ұғымдар әр азаматтың өз табалдырығынан, өз ауылынан, өз өлкесінен басталады.
Тәуелсіздік еліміздің ертеңін нұрлы етер «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты» етер. Намысты ұрпақ бойында сана сезімі, ақыл ойы мен жүрегінде тұрған жері мен еліне деген сүйіспеншілігі орын тапса, бұл қоғамның қалыпты дамуы, өркениетке ұмтылу жолындағы нәтежиесі көрініс болар еді. Елімізді қорғау - әр бір азаматтың борышы мен парызы.